Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы

Кафедра тарихы

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі

з.ғ.к.,доцент Божқараұлы Алтай.

Заң факультеті 1972 жылы құрылған сәттен бастап Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы өзінің қызметін атқарып келеді. Кафедраға әр уақыттарда  з.ғ.к., доцент З.Я. Безганс, з.ғ.к., доцент А.С. Матвеенков, з.ғ.к., доцент В.Н. Прокопенко, з.ғ.к., доцент Е.Қ Көбеев, з.ғ.к., доцент М.М. Кулыбеков, з.ғ.к., доцент С.К. Амандыкова, аға оқытушы Н.П. Старожилова, з.ғ.к., доцент Л.С. Жакаева жетекшілік етті. 2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін з.ғ.к., доцент Божқараұлы Алтай атқарып келеді.

Кафедрамен келесі мамандықтар бойынша студенттерді даярлау жүзеге асырылады

5B030100- “Құқықтану”

5B030200- “Халықаралық құқық”

Кафедраның негізгі мақсатына құқық саласында жоғарғы кәсіби мамандарды даярлау жатады. Кафедраның бағыты бойынша білім алған түлектер қазіргі танда Қазақстан Республикасының Президентінің аппаратында, Қазақстан Республикасының Парламентінің аппаратында, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіенде, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және өзге министрліктерде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, адвокатурада, барлық денгейдегі мәслихат және әкімият аппараттарында, сот және өзге де құқық қорғау органдарында, банк саласында, нотариалдық кеңселерде, мұнай-газ компанияларда сонымен қатар Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерде қызмет жасап келеді.

Кафедрада “6M030100-Құқықтану” мамандығы бойынша: бейімдік (1 оқу жылы) және ғылыми-педагогикалық (2 оқу жылы) жүзеге асырылып келеді. Сонымен қоса “6D030100-Құқықтану” мамандығы бойынша PhD докторанттарды оқыту қамтамасыз етіліп отыр.

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының жанындағы магистратура бойынша 200-ден астам магистрлер дайындалып, магистрлік диссертацияларын табысты қорғап шықты. Кафедрада терең талықалыуынан көптеген PhD өтті, олардың арасында М.Н. Абыласимов, Р.Б. Ботагарин, Д.К. Рустембекова, А.Е. Карибаева.

Кафедраның жас заңгерлері – PhD (философия), М.Н. Абыласимов, Г.У. Балғымбекова, Р.Б. Ботагарин, Д.К. Рустембекова педагогикалық және ғылыми бағыттарда өздерін кәсіби таныта алды.

Вроцлав (Польша Республикасы) университетімен  бірге «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша Ph.D докторларын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кафедраның мықты жағының бір бейнесі з.ғ.д.,профессор Е.Қ.Көбеевтің құқықтық тәжірибесі мен қоғамдық қызметінің тығыз байланыстары:

Б.Ғ.М ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Президиумының мүшесі (2004 жылдан бастап);

Б.Ғ.М ҚР Республикалық аккредиттациялау кеңесінің мүшесі (2011 жылдан бастап);

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты (2012 жылдан бастап);

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғамдық кеңесінің төрағасы (2013 жылдан бастап);

«Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңесінің мүшесі.

Қазіргі танда з.ғ.д., профессор Е.Қ.Көбеев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Баримбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады.

Кафедрада бюджеттік бағдарламалар бойынша зерттеулер жүргізілді:

«Қазақстан Республикасында саяси жүйені және нысанды жетілдірудің конституциялық және теориялық, құқықтық мәселелері, жаһандық үдерістерді дамыту аспектісінде мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету» 2009-2011 жылдар. (Ғылыми жетекші з.ғ.д., профессор Е.Қ. Көбеев);

2012-2014 жж. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері». (Ғылыми жетекші з.ғ.д., профессор Е.Қ.Көбеев);

2015-2017 жж. «Қазақстан және қазіргі заманда ювеналдық жүйенің қалыптасуы мен дамуында  кәмелетке толмағандардың құқықтарын конституциялық-құқықтық қорғау және қамтамасыз ету». (Ғылыми жетекші з.ғ.д., профессор Е.Қ.Көбеев);

Кафедрада  заң ғылымдарының докторлары, профессорлар Е.Қ. Көбеев, Қ.С. Мусілімова, А. Божқараұлы басқаратын ғылыми мектептер бар.

2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша «Мемлекеттік құқықтық зерттеулер» зертханасының негізінде «Заңтану және мемлекеттік зерттеулер» ғылыми-зерттеу институты ашылды (басшы з.ғ.к., доцент А.Божқараұлы).Институттың ғылыми зерттеу саласы құқықтық ғылым мен тәжірибенің өзекті мәселелерін қамтиды. Ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері, заң факультетінің оқытушылары мен докторанттарының қатысуымен экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өздерінің  монографияларын шығарудың нәтижесінде, оқу үрдісіне елеулі үлес қосып отыр.

Жыл сайын кафедра “Ғылыми жазбалар” атты ғылыми журналын басылымға шығарып отыр.

Кафедрада тәлімгерлік жұмыс және жас әріптестермен әдістемелік кеңестерді өткізу маңызды дәстүрге айналған.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының және шетелдің халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысуының нәтижесінде 100-ден астам мақала басып шығарды. Соңғы жылдары кафедра оқытушылары шет елдердегі жоғары деңгейлі журналдарда белсенді түрде жарияланып 15-тен астам мақалаларын жариялады.

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының жемісті жұмысының нәтижесі ретінде мемлекеттік наградалармен марапатталды:

-з.ғ.д., профессор Е.Қ.Көбеев – «Парасат» ордені – 2017 ж;

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушілер;

-з.ғ.к., доцент Божқараұлы А. – 2013ж,

-з.ғ.к., профессор Қ.С. Мүсілімова. – 2014 ж.

Оқытушы-профессорлар құрамы
Мамандықтар

Мамандық

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультеті мен конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы аумақтағы жоғарғы кәсіби мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің дамуында инновациялық орталығы болып табылады, сонымен қатар, ғылым мен тәжірибе жетістігі, ұлттық пен жалпыадамдық құндылықтар негізінде бәсекегеқабілетті тұлға ретінде құрылу мен кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда кафедрада келесідей білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша дайындық жүзеге асырылады:

Бакалавриат:

5В030100 – «Құқықтану»

5В030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша  кафедрада күндізгі, сыртқы және қашықтықтан оқу нысаны бойынша мамандарды дайындауда жұмыс атқарылады.

Кафедра бойынша қамтамасыз етілетін  кредиттер саны: 65 кредит.

5В030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін негізгі курстар:

  1. ҚР Конституциялық құқық
  2. ҚР Әкімшілік құқығы
  3. Әкімшілік жауапкершілік
  4. ҚР Салық құқығы
  5. Салықтық әкімшілік ету
  6. Банк құқығы
  7. Қаржы құқығы
  8. ҚР лицензиялық рұқсат беру жүйесі
  9. Мемлекеттік қызмет
  10. Халықаралық құқық
  11. Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіби аккредитация:– 2014 жылдың қыркүйек айында 5В030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы «ACQUIN» аккредитациялық компаниясының халықаралық аккредитациясын өтті.

Түлектің кәсіби қызметінің саласы: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңдық тұлғалар мен мемлекеттің заңдық мүдделерін қорғау, құқыққолдану тәжірибесіне қатысу.

Еңбек нарығы: Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының соттары мен құқыққорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік органдары, адвокатура, құқыққорғау ұйымдары, ұлттық компаниялар және кәсіпкерлік субъектілері және т.б.

5В030200 – «Халықаралық құқық»

5В030200 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау кафедрада 1996 жылдан бастап жүзеге асырылады. Дайындық күндізгі және қашықтықтан оқыту нысаны бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, берілген мамандық бойынша көптілді білім беру топтары ашылған.

Кафедра бойынша қамтамасыз етілетін кредиттердің көлемі – 120 кредит.

5В030200 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін негізгі курстар:

  1. ҚР Конституциялық құқығы
  2. ҚР мен шетелдердің әкімшілік құқығы
  3. Халықаралық құқық
  4. Біртұтас Экономикалық Одақтың кеден саясаты
  5. Дипломатиялық және консулдық құқық
  6. Көші-қон үрдісін құқықтық реттеу
  7. Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі
  8. Халықаралық сауда құқығы
  9. Еркін экономикалық қызметті құқықтық реттеу
  10. Сыртқы Экономикалық қызметті құқықтық реттеу
  11. Азаматтық істер бойынша халықаралық-құқықтық көмек көрсету.
  12. Салық құқығы және халықаралық салық салу және т.б.

Кәсіби аккредитация: 2014 жылдың желтоқсан айында 5В030200 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша «БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI» аккредитациялық компанияның мамандандырылған аккредитациясын өтті.

Түлектің кәсіби қызметінің саласы: Берілген мамандықтың түлектері заңгер-сарапшы, халықаралық құқық саласындағы консультант, заңгерконсульт, адвокат, құқыққорғау және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері, жергілікті мемлекеттік басқару орган аппаратының маманы ретінде кәсіби қызметін атқара алады.

Магистратура

6МВ030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау кафедрада 1997 жылдан бастап жүргізіледі. Дайындық екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: бейінді және ғылыми-педагогикалық.

Кафедра бойынша қамтамасыз етілетін кредиттердің көлемі – 42 кредит.

6МВ030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін негізгі курстар:

1. Білімнің конституциялық негіздері

2. ҚР Конституциялық дамуының өзекті мәселелері

3. Еуразиялық экономикалық одақ төңірегіндегі кеден саясатының мәселелері мен құқықтық дамуы.

  1. Problems of implementation of legal personality of international organizations.
  2. Салық салудың құқықтық мәселелері.
  3. Конституциялық үрдіс.
  4. ҚР мен шетелдердегі конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы.
  5. Салық салудың құқықтық мәселелері.
  6. Қаржы-құқықтық қатынас теориясының өзекті мәселелері.
  7. Сайлау үрдісінің өзекті мәселелері.
  8. Конституциялық құқық ғылымының өзекті мәселелері.
  9. ҚР көші-қон үрдісінің қалыптасуы мен дамуы және т.б.

Кәсіби аккредитация немесе аттестация: – 2014 жылдың қыркүйек айында 6МВ030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы «ACQUIN» аккредитациялық компаниясының халықаралық аккредитациясын өтті.

Түлектің кәсіби қызметінің саласы: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңдық тұлғалар мен мемлекеттің заңдық мүдделерін қорғау, құқыққолдану тәжірибесіне қатысу.

Еңбек нарығы: Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының соттары мен құқыққорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік органдары, адвокатура, құқыққорғау ұйымдары, ұлттық компаниялар және кәсіпкерлік субъектілері және т.б.

Кафедра 6M030100-Құқықтану мамандығы бойынша (бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыт) магистратура түлектерін шығарады. 2017-2018 оқу жылы кафедрада 23 магистрант бекітілген (7 – ғылыми-педагогикалық және 16 – бейіндік бағытта).

6M030100-Құқықтану мамандығын бітіруші магистерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің объектілері: ЖОО мен ғылыми-зерттеу орындары; мемлекеттік-әкімшілікті басқару жүйесінің органдары; ғылым мен білім берудің мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері; сот және қадағалау органдары.

Докторантура

Кафедрада 2010 жылдан бастап 6D030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау жүргізілуде.

Кафедраның қамтамасыз ететін кредиттер саны: 12 кредиттен – 9.

6D030100 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша қамтылатын негізгі курстар:

  1. Құқық философиясы
  2. Мемлекеттік билік: теоретикалық-құқықтық аспектісі
  3. Салыстырмалы конституциялық құқық: дамудың теориялық және практикалық cұрақтары
  4. Конституциялық заңнаманың реформалануының мәселелері
  5. Мемлекеттің қаржылық қызметінің конституциялық негіздері / Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтық доктринасының дамуы.

Кәсіби аккредиттеу немесе аттестация: 6D030100 – Құқықтану білім беру бағдарламасы 2014 жылдың желтоқсанында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» арнайы аккредиттеуінен өтті.

Кәсіби қызмет аясы:

Докторантура түлектері мамандық бойынша келесідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • педагогтік (жоғары және орта арнайы кәсіби оқу орындарында оқытушылар);
  • ғылыми-зерттеу (институттардың, ғылыми орталықтардың ғылыми қызметкерлері);
  • әкімшілік-басқарушылық (әкімшілік органдарының мамандары, кеңесшілері);
  • эксперт-кеңесші (эксперттер, оқу-әдістемелік мекемелеріндегі кеңесшілер).

Еңбек нарығы: ЖОО-ы, Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдары, адвокатура, құқыққорғау мекемелері, құқыққолдану практикасы.

Халықаралық бірлестіктер

Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы шет елдермен  академиялық ұтқырлықты дамытуға, интеллектуалдық ресурстармен алмасуға және іскерлік байланысты нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы өзара тиімді әрі мақсатты бағытталған әрекет шеңберінде жүзеге асырылады.

2010 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультеті «Құқықтану» мамандығы бойынша (PhD) докторларын даярлау бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығына лицензия алды. (PhD) докторларын даярлаудың сапасын арттыру үшін алдыңғы қатардағы шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибелерін зерттеу және енгізу мақсатында бағдарламаны жүзеге асыруға шетелдік серіктестер тартылуда. Солардың бірі болып құқық докторларын дайындауда мол тәжірибеге ие және бай тарихы бар Еуропадағы (1505 жылы католик мектебінің негізінде құрылған) ең көне университеттерінің қатарындағы Вроцлав Университеті (Польша) табылады. Қазіргі уақытта Вроцлав Университетінің профессорлары, заң ғылымдарының докторлары Кристиан Цомплак пен Артур Лавничактармен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультеті «Құқықтану» мамандығы бойынша (PhD) докторларын даярлау бағдарламасын жүзеге асыруда ғылыми кеңес беру үшін Меморандум мен Келісімге қол қойылған.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚарМУ мен шет елдердегі келесі университеттер араларында келісімдер жасалған:

Вроцлав университеті (Польша Республикасы).

Легница жоғарғы менеджерлік мектебі (Польша Республикасы).

М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы).

Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік заң академиясы (Қырғыз Республикасы).

О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясы (Ресей Федерациясы).

Тюмен Мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы).

Челябинск Мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы).

Жоғарғы қаржы және басқарма мектебі (Чехия).

А. Мицкевич Университеті (Польша).

Халықаралық қатынас және байланыстар жоғарғы мектебі (Чехия).

Қасиетті Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария)

Мәскеу мемлекеттік технология және басқарма университеті (Ресей Федерациясы).

Л. Казмицкий атындағы Академия (Польша) және басқалар.

Шетелдік ғалымдармен оқылған дәрістер:

  • 2009 ж. з.ғ.д., профессор Г.С. Стародубцев РФ Әділет Министрлігінің жанындағы құқық Академиясы (Ресей Федерациясы);
  • 2009-2017 ж.ж. з.ғ.д., профессор Кристиан Цомплак, Вроцлав университеті (Польша);
  • 2009 ж. з.ғ.д., профессор Алимов Кадыр Захидович, М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті (Өзбекстан Республикасы);
  • 2011 ж. з.ғ.д., профессор Отческая Татьяна Ивановна, Тюмен мемлекеттік университеті (Ресец Федерациясы);
  • 2012 ж. Phd Докторы, Анна Паула Мисщук, Куритиба колледжы (FAMEC). (Бразилия);
  • 2012 ж. Phd Докторы, Маркос Аугусто Малиска, Унибразил Университеті. (Бразилия);
  • 2012 ж. Phd Докторы, Габриела Ганева Белова, «Неофит Рилски» атындағы Университеті. (Болгария).

Келесі шетелдік заңгерлер «Қарағанды университетінің Жаршысы» Құқық сериясы журналының редакциялық алқасының мүшелері болып табылады:

  • з.ғ.д., профессор Г.С. Стародубцев РФ Әділет Министрлігінің жанындағы құқық Академиясы (Ресей Федерациясы);
  • з.ғ.д., профессор Кристиан Цомплак, Вроцлав университеті (Польша);
  • Phd Докторы, Маркос Аугусто Малиска, Унибразил Университеті. (Бразилия);
  • з.ғ.д., профессор Хавьер Диаз Риворио, Кастилия Ла-Манч Университеті (Испания);
  • з.ғ.д., профессор Бойко Ганчевски, София университеті (Болгария).

Болгария, Польша, Бразилия, Өзбекстан, Молдова, Ресей, Қырғызстан, Испания, Белоруссия елдерінің ғалымдары факультетте өтетін халықаралық конференцияларға тұрақты қатысып отырады және де «Қарағанды университетінің Жаршысы» Құқық сериясы журналы мен конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының «Ғылыми жазбалар» журналдарында жарияланатын мақалалардың авторлары болып табылады.

Ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында кафедраның оқытушылары жақын және алыс шет елдеріндегі ғылыми тәжірибелік конференцияның жұмыстарына қатысып отырады.

Ғылыми бағыттар

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының ғылымизерттеу қызметі

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бағыттары;

  • Конституциялық заңнаманың даму тенденциалары мен өзекті мәселелері;
  • Бала құқықтарын қорғаудын конституциялық және халықаралық құқықтық негіздері;
  • Сайлау заңнамасының халықаралық стандарттарға саай келу мәселелері
  • Көші-қон саясатының конституциялық құқықтық негіздері

Кафедрада 2009 жылдан бастап ғылыми зерттеулердін басым бағыттары бойынша гранттық іргелі мемлекеттік ғылыми  жобалары бойынша зерттеулер жүргізді:

  • «Конституционные и теоретико-правовые проблемы совершенствования политической системы и формы в Республике Казахстан, правовое обеспечение государственной службы в аспекте развития глобальных процессов» 2009-2011 гг. (Научный руководитель д.ю.н., профессор Кубеев Е.К.);
  • «Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудін теоретикалық және халықаралық-құқықтық сұрақтары» «Теоретические и международно-правовые вопросы обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан» 2012-2014 гг. (Научный руководитель д.ю.н., профессор Кубеев Е.К.).
  • «Конституционно-правовая защита и обеспечение прав ребенка в становлении и развитии ювенальной системы в Казахстане и в современном мире» 2015-2017 гг. (Научный руководитель д.ю.н., профессор Е.К. Кубеев).

Кафедрада ғылыми мектептер қалыптасқан:

  • Көбеев Е.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының өзекті мәселелері
  • Амандыкова С.К. Қазақстандық конституционализмнің қалыптасуы
  • Мусилимова Қ.С. Мемлекеттік қызмет және басқару саласындағы реформалар;
  • Божқараұлы А. Миграциялық процесстердін конституциялық құқықтық негіздері

Кафедра факультеттін ғылыми педагогикалық кадрларын даярлауға белсенді қатысады: 2018 жылы кафедрада PhD докторлық бағдарламамен  9 докторант білім алып жатыр. Соңғы үш жылда кафедра бойынша 3 оқытушы PhD академиялық дәрежесін алса, 2 оқытушы (Мусин К.С., Балгимбекова Г.У.) шетел ғылым кандидат дипломдарынын нострафикация рәсімінен өту арқылы  PhD доктор ретінде дипломдарын алды, 3 PhD докторлық бағдарламамен басқа кафедра мен мемлекеттік органдарға мамандар дайындады.

Соңғы 3 жыл (2015-2018)көрсеткіштері бойынша кафедра оқытушылары:

рейттінгтік  журналдарда (ИФ) –8  астам мақала жариялады;

журналы, рекоменд.  БҒСБК30 астам мақала;

басқа да шет ел және ҚР басылымдарында  –55 мақала;

халықаралық конференцияларда 60 астам баяндама жасалынды;

зерттеу тақырыптары бойынша 5 монография жарияланды;

– 5 оқу құралдары жарияланды

Кафедра жанында «Құқықтық зертеу және мемлекет тану» ғылыми зерттеу институты жұмыс істейді (Институт Директоры А.Божқараұлы).

Кафедрада оқытушылардын ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялайтын «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетінің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының ғылыми қолжазбалары» кезендік басылым ретінде шығарылып отырылады.

Кафедрада жыл сайын құқық салаларының өзекті мәселелері бойынша дөнгелек стол ұйымдастырылып отырылады.

 

Тәрбиелік жұмыс

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл  оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда, студенттер мен олардың құқықтық мүддесі қазіргі таңда жоғары тәрбиелік мәнге ие.

Жалпы тәрбие жұмысы оқу үрдісінде ерекше орын алатын бағыт. Себебі барлық қарым- қатынас тәрбиеден басталады.

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасымен  жүргізілетін тәрбиелік шаралар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің 2015-2020 жылға арналған тәрбие жұмысы бойынша атқарылады: азаматтың-отаншылдық тәрбиесі, саяси-құқық тәрбиесі, рухани-адамдық тәрбиесі, зияткерлік-шығармашылдық тәрбиесі, физикалық тәрбие, салауатты өмір салтының тәрбиесі және экологиялық еңбек тәрбиесі, яғни жалпы университеттік жоспар негізінде жасалынған, сондай-ақ факультет Кеңесінің отырысында бекітілген  факультет жоспарына сәйкес келеді. Жүйеленген жоспарлық шаралар студенттің тұлғалық, кәсіби қасиетін қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеушілік, шағармашылық потенциалын  дамытуға бағытталған.

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары студенттермен бірге қалалық сенбілікте

Тәртіптің басты мақсаты жастарды рухани және отаншылдық, әлеуметтік, толеранттық, шығармашылық белсенді тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады.Студенттер белсенді болу үшін кафедрамен әр түрлі шаралар,яғни олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, концерттер, турнирлар, акциялық шаралар ұйымдастырылады.

Халықаралық құқық пәні бойынша жылсайынғы пәндік олимпиада

Кафедраның оқытушылары ҚарМУ-да өтетін әр түрлі шараларға белсене қатысады.

2017 жылы өткен жылсайынғы ПОҚ  арасында өткізілетін  «Сергектік және Денсаулық» Ректор Кубогына арналған  спорттық шара

Заң факультетінің намысын қорғаған арулар. Командалық есепте 3-орын

«Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының ПОҚ №2,3 жатақхана және бас ғимаратта кесте бойынша кезекшілік атқарды. Кураторлық сағаттар, жатақханаларда кафедра күндері мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Жалпы кафедра бойынша барлық оқытушылар «Халықаралық құқық» және «Құқықтану»  мамандығы бойынша куратолық жұмыс атқарады. Кафедра факультетпен бірге  ат салысатын маңызды шараның бірі «Студенттік қатарға өту кеші».

Студенттік қатарға өту кеші

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырып өткізілетін шараларға кафедра меңгерушісі Алтай Божқараұлы, аға оқытушылар Наталия Сергеевна Терновая, Гульнара Үкібайқызы Балгимбекова, аға куратор Маржан Исаққызы Билялова  және т.б. кафедра оқытушылары белсенді қатысып отырады.

2017 жылы еліміздің тарихында қалған маңызды оқиғалардың бірі Астана  ЕХРО-2017 көрмесіне «Халықаралық құқық» мамандығында білім алатын студенттер волонтер болып қатысты.

EXPO -2017

Халықаралық құқық мамандығының волонтер -студенттері 

Тәрбиелік мәні бар жұмыстын бір түрі, кафедра төнірегінде «Халықаралық құқық» мамандығының студенттерін факультет және университеттің ұйымдастыруымен  өткізілетін мерекелік шараларға, атақты тұлғалар мен қоғамдық өкілдермен  және құқыққорғау органдары қызметкерлерімен  кездесуге топ кураторларымен белсене қатысып отыратының  айтуға болады.

Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасында студенттер мен оқытушылар құрамына азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру, рухани-өнегелі тәрбие беру, полимәдениетті тәрбие беру, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, студенттер мен оқытушылар құрамының білімге және дамуға қажеттілігін, әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттері мен тұлғаның коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу, олардың арасында экологиялық, дене тәрбиесін беру және саламатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және жас мамандарды жұмысқа орналастыру, еңбектік және экономикалық тәрбие, интеллектуалдық мәдениетті дамытуға, жас дарындарды дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жұмыстары кафедраның тәрбие жұмысы жоспарына сай атқарылып келеді.

Кафедрадағы тәрбие жұмысының барысы кафедра, деканат, факультет Кеңесінің мәжілістерінде үнемі қаралып отырды.

 

Top