Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге арналған арнайы емтихан жөнінде ақпарат

Емтихан психологиялық тестілеу және педагогикалық жағдаяттарды шешу нысанында өткізіледі.
Психологиялық тестілеу мазмұны: Педагогикалық мамандықтар бойынша мамандық таңдаудың психологиялық диагностикасы мақсатында талапкерлер үшін бағытталған. Тест сұрақнамасы 5 блоктан тұрады:
– педагог мамандығын таңдаудың қызығушылығы және себебі 7 сұрақ;
– талапкер тұлғасының жеке – психологиялық ерекшеліктері 7 сұрақ;
– педагог мамандығы туралы жалпы түсініктер 7 сұрақ;
– талапкердің коммуникативті және көшбасшылық қасиеттері 7 сұрақ;
– талапкердің эмпатиялығы 6 сұрақ.
Сұрақтардың жалпы саны 40. Жауап категориясы: «Иә» немесе «Жоқ».
Педагогикалық жағдаяттарды шешу. Педагогикалық жағдаяттарды шешу кезінде талапкерге педагогикалық тәсілдемелерді қолдана отырып, факт, өмірден алынған мысалдар ұсынылады. Педагогикалық жағдаяттарды шешу мерзімі – бір талапкерге 20 минуттан көп емес.
Арнайы емтиханды бағалау: нәтижелерді бағалау кезінде ұсынылған жағдаяттарды шешу тәсілдерінің сындарлылығы және дәлелділігі, жағдаяттар және олардың пайда болу салдарының қолма-қол шешімін табу дағдысы, ықпал ету нәтижелерін болжай білу есепке алынады.
Дәлелсіз себеппен арнайы емтиханға келмеген талапкерлер емтиханды тапсыруға жіберілмейді.
Арнайы емтиханды қайта қатысуға және тапсыруға болмайды. Емтихан жұмысын тексеру пәндік комиссия мүшелерімен жүргізіледі. Арнайы емтиханды өту нәтижесінде талапкерге арнайы емтиханды тапсыру хаттамасынан үзінді беріледі.
Арнайы емтиханның нәтижелері емтиханды тапсырғаннан кейінгі келесі күні жария етіледі.
Арнайы емтихан нәтижелерінің апелляциясы: арнайы емтиханды бағалау кезінде талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу, арнайы емтиханды тапсыратын тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында арнайы емтиханды өткізу мерзімі кезінде жұмыс істейтін апелляциялық комиссия құрылады. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына тек қана арнайы емтиханды тапсырған тұлғамен беріледі. Өтініштер арнайы емтиханның нәтижелерін жариялағаннан кейінгі келесі күннің сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қарастырылады. Арнайы емтиханның нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауысымен қабылданады.

Top