Ақпараттық пакет

Университет туралы ақпарат
ЖОО туралы жалпы ақпарат
1.ЖОО атауы мен мекен жайы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

100028, Университет к-сі, 28,

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

2. Академиялық күнтізбе
Архивті жүктеу
3. ЖОО басшылығы

Ректор

Көбеев Еркін Қинoятович

заң ғылымдарының докторы, профессор

тел: 77-03-89

e-mail: rektor@ksu.kz

Бірінші проректор

Жұмашев Рымбек Мұратович

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

тел: 77-03-86

e-mail: zhumashev@ksu.kz

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

Омаров Хылыш Бейсенович

Техника ғылымдарының докторы, профессор

тел: 77-00-32

 

Оқу ісі жөніндегі проректор

Каргин Серғали Төлеубекович

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

тел: 77-00-54

e-mail: kargin@ksu.kz

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

Қалықов Абай Қобландиевич

тел: 77-04-07

e-mail: prorector@ksu.kz

 

ҰШЖ жөніндегі проректор

СәрсекеевСәкенТынатаевич

тел: 77-00-53

 

4. ЖООның жалпы сипаттамасы

Мемлекеттік лицензия нөмірі: 12015198

Меншік нысаны: мемлекеттік

Ұйымдық-құқықтықнысаны: шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

Мемлекеттік басқару органы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Ректор: Көбеев Еркін Қиноятович, заң ғылымдарының докторы, профессор, ЖМХҒА академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Халықаралық білім беру және ғылыми ұйымдарға мүшелігі, халықаралық серіктестері

Халықаралық Университеттер Ректорлары Қауымдастығы (IAUP);

Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясы (IHEAS, МАН ВШ);

Орталық Азия Менеджментті Дамыту Қоры (CAMAN);

Университеттердің Ұлы Хартиясы (Magna Charta Universitatum);

Экономикалық зерттеулер және білім консорциумы (EERC);

Экономикалық білім туралы халықаралық жоба (B&EE).

Еуразиялық Университеттер Қауымдастығы/EAU;

Халықаралық университет ректорлары қауымдастығы /IAUP;

Халықаралық Университеттер Қауымдастығы/IAU;

ТЕМПУС/TEMPUS Еуропалық білім және мәдениет комиссиясы;

ЭРАСМУС МУНДУС/ERASMUS MUNDUS Еуропалық білім және мәдениет комиссиясы;

«Сібір ашық университеті» халықаралық қауымдастығы;

Қашықтықтан оқыту бойынша жаһандық университеттер қауымдастығы / Association of Global Universities In Distance Education/GUIDE;

Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі жанындағы Британ білім кеңесі (British Council);

KOICA/Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Корей халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі;

Ынтымақтастық және алмасу жөніндегі Халықаралық кеңес (IREX, АҚШ Мемлекеттік департаменті);

Халықаралық Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі SGS агенттігі (Қазақстан-Швейцария);

«Education Network» білім беру мекемелері қауымдастығы Қазақстан-Қырғызстан;

Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Американдық кеңесі (ACCELS);

Регенсбург Университеті (Германия);

АризонаУниверситеті (АҚШ);

Тренто Университеті (Италия);

Йонсе Университеті (Корея Республикасы);

Орталық Еуропа университеті (CEU, Венгрия);

Кембридж университеті (Англия);

Эксетер университетінің География, археология және жер ресурстары институты (Англия);

Сент-Иштван Университеті (Венгрия, Будапешт);

Чукур Университеті (Түркия);

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;

Томск мемлекеттік университеті;

Мәскеу экономика және құқық академиясы;

Томск политехникалық университеті;

Мәскеу мемлекеттік заң академиясы;

«Білім – Орталық Азия» консультациялық-білім беру орталығы

Қарағанды облысының сауда-өнеркәсіп палатасы

 

Кітапхана қоры 

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, корей және әлемнің басқа тілдеріндегі 1,7 млн. астам дана кітап және электронды басылымдар.

 

Студенттер контингенті 

2016-2017 оқу жылында– 9662 адам, оның ішінде грант бойынша– 1759.

 

Магистранттар контингенті

2016-2017 оқу жылында– 708 адам, оның ішінде грант бойынша– 368.

 

PhD докторанттарының контингенті

2016-2017 оқу жылында– 57 адам.

 

Мамандықтар саны

бакалавриат – 75

магистратура – 51

PhD докторантура – 12

 

Ғылыми орталықтар

Ғылыми-зерттеу институттары– 6 (Сарыарқа археологиялық институты, Техникалық физика және экология мәселелері институты, Химиялық мәселелер институты, Нарықтық қатынастар институты, Молекулалық нанофотоника институты, Қазақ халқының рухани мұрасын зерттеу институты).

Ғылыми орталықтар – 4 («Ионды-плазмалық технологиялар және заманауи аспап жасау» ғылыми-зерттеу орталығы; Этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығы; «Химиялық материалтану және нанохимия» технологиялық инкубаторы; Биотехнологияжәне экомониторинг зерттеу паркі).

 

Ғылыми басылымдар

Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған Білім және ғылым саласындағы Қадағалау және аттестаттау комитетімен бекітілген тізімге енген “Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы” мерзімді ғылыми журналы(“Математика”, “Физика”, “Химия”, “Биология. Медицина. География”, “Экономика”, “Педагогика”, “Тарих. Философия. Құқық”, “Филология”сериялары бойынша); – “EurasianPhysicalTechnicalJournal” халықаралық журналы.

 

Білім беру және ғылыми бағдарламаларға қатысу

Ғылым мен техниканың дамуына көрнекті үлес қосқан ғылыми мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары– 24

талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары – 57

ЖОО-ның ең үздік оқытушысы байқауының жеңімпаздары – 139

ғылым саласындағы жас ғалымдарға арналған атаулы сыйлықтардың лауреаттары – 3

«Қайнар» жастар сыйлығының иегерлері– 13

ҚР БҒМ сыйлығының иегері– 1

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты– 1

 

Университеттің материалдық-өндірістік базасы

Оқу ғимараттары – 12

жатақханалар– 6

демалыс аймақтары– 3

студенттік тұрмыстық кешені– 1

қоғамдық тамақтандыру объектілері– 21

мұражайлар– 3 (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мұражайы, Археологияжәне этнография мұражайы, Табиғат мұражайы).

 

5. Ұсынылатын оқу бағдарламаларының тізімі (соның ішінде оқу құны)

Архивті жүктеу

6. Бағдарламаға қабылдау және алу рәсімі (ережелері)

Архивті жүктеу

Оқыту бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі)
1. Оқыту бағдарламаларының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже / біліктілік

  ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

ИСКУССТВО

ӨНЕР

ҚҰҚЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚЫЗМЕТТЕР

 

– Оқыту деңгейлері (сатылары)

Академиялық деңгей – бакалавр, магистр, PhDдокторы

 

– Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытуға үміткерлерді іріктеу конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытуға үміткерлерді іріктеу конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ректордың бұйрығымен бекітілетін академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің конкурстық комиссиясы өткізеді.
Конкурстың мақсаты –ынтымақтастық туралы қол қойылған шарттарға сәйкес бір немесе бірнеше академиялық кезең ішінде Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия жоғары оқу орындарында оқыту үшін үміткерлерді іріктеу.

Конкурстық комиссияның міндеттері –Конкурс туралы ақпаратты тарату, шетелдік ЖОО-серіктестерді тарту, қатысушылардың конкурстық құжаттарын қабылдау және тіркеу, үміткерлердің конкурстық құжаттарына сараптама жүргізу және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушыларды іріктеу, Конкурстың қорытындысы бойынша есепті дайындау.
Конкурстық комиссия өз жұмысында осы Ережеде баяндалған іріктеу үшін арналған негізгі критерийлерді басшылыққа алады. Үміткерлердің конкурстық құжаттарына жүргізілетінсараптама рәсімін Конкурстық комиссия өз бетінше айқындайды.
Конкурстық комиссия қол қойылған шарттарға сәйкес әрбір мамандық бойынша шетелдік оқу орындары-серіктестерінің тізімін белгілейді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушыларды іріктеу рәсімі республикалық бюджет қаражаты есебінен көлік шығындарын, тұру шығындарын, визалық шығындар мен медициналық сақтандыруды қаржыландырушы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытуға белгіленген орындар санына сәйкес мамандықтар, оқыту нысандары (бакалавриат, магистратура, докторантура), шетелдік ЖОО-серіктестің аймақтық тиесілігі тұрғысынан өткізіледі.Конкурс туралы ақпарат университеттің ресми сайтында, оқу ғимараттарының ақпараттық мониторлары мен стендтерінде орналастырылады. Конкурстық құжаттарды қабылдау кезеңінде оқу ғимараттарында қосымша түрде аудиохабарландырулар қосылады.

2. Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа қатысу үшін шетелдік ЖОО-ға оқуға кету сәтінде академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да білім алушы мәртебесін сақтап қалған студенттер, магистранттар мен докторанттар жіберіледі. Конкурстық комиссияға құжаттарды тапсыру кезінде Конкурсқа қатысушы студенттер алғашқы екі курстың бағдарламасы бойынша оқуды толық тәмамдауға тиіс. Магистранттар мен докторанттар бір академиялық кезеңді аяқтаған соң Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  • Кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесіменбелгіленген үлгі бойынша жазылған білім алушының өтініші (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы) (бұдан әрі – КОТ бойынша Ережелер);
  • шетелде оқуға мотивациялық негіздемесі;
  • жеке оқу жоспары;
  • екі ұсыныс хат;
  • расталған транскрипт көшірмесі;
  • тілдік сертификат (бар болған жағдайда);
  • төлқұжат көшірмесі;
  • медициналық анықтама;
  • шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында екі айдан артық мерзімге шетелде оқуға жіберу үшін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің)жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғаларға);
  • жарияланымдардың, дипломдардың, грамоталардың т.с.с. көшірмелері (бар болған жағдайда).

3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

Конкурсқа қатысу үшін тіркеу жылына екі рет жүргізіледі:

    • қаңтар айының 1-31 аралығында;
    • мамыр айының1-31 аралығында.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
1) білім туралы құжаттың орташа балыжәне/немесе академиялық кезеңді аяқтағаннан кейінгі ағымдағы үлгерімі;
2) шет тілін меңгеру деңгейі;
3) жоғары мотивация;
4) білім алушының жеке қасиеттері, психологиялық тұрақтылығы, әлеуметтік бейімділігі, байланысқа бейімділігі.

4. Конкурсты өткізу кезеңдері, мерзімі мен тәртібі

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

1-кезең (Алдыңғы кезең) – Конкурс шарттарына сәйкес ұсынылған конкурстық құжаттарды қарау, қатысушылар тізімін қалыптастыру, қатысушыларды саралау.
Өткізу мерзімі: ақпан айының 1-10 аралығында, маусым айының 1-10 аралығында.
Алдыңғы кезеңқорытындылары бойынша Конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушылар тізімі университеттің ресми сайтында орналастырылады.

2-кезең (Негізгі кезең) – конкурстық іс-шараларды өткізу.

Өткізу мерзімі: ақпан айының 10-15 аралығында, маусым айының 10-15 аралығында.
Алдыңғы кезеңнен өткен Конкурс қатысушылары сұхбаттасу үшін Конкурстық комиссияның отырысына шақырылады.
Іріктеуден өткен үміткерлер оқуға кету алдында екі апта бұрын мерзімнен кешікпей КОТ бойынша Ережелерімен белгіленген үлгі бойынша оқытуға үшжақты Келісімге, шартқа қол қояды, жеке ісі қалыптасады, оған:

  • шетелде оқуға өтініш-негіздеме;
  • белгіленген үлгідегі шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немес орыс тілдеріне аударылған Қабылдаушы университет шақыруының көшірмесі;
  • Білім беру ұйымының шетелге іссапарға жіберуі туралы бұйрығының көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасының азаматын екі айдан артық мерзімге шетелде оқуға жіберуге келісім бергені туралы ата-анасының (және/немесе жұбайының) нотариалды куәландырылғанөтініші;
  • төлқұжат көшірмесі;
  • Білім беру ұйымымен расталған Транскрипт көшірмесі кіреді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға жіберілетін үміткерлердің тізімі Конкурстық комиссия отырысынан кейін екі күнтізбелік күн ішінде академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ интернет-ресурсында орналыстырылады.
Шетелде оқу үшін, сондай-ақ академиялық ұтқырлық аясында конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі оқыту еліндегі академиялық кезеннің басталуына сәйкес әрбір жағдайда жеке айқындалады.
Іріктеуден өткен, бірақ уақтылы оқытуға үшжақты Келісімге, шартқа қол қоймаған, жеке істерін қалыптастырмаған үміткерлер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға бару құқығынан айырылады.

5. Байланыс ақпараты:
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Университет көшесі, 28, 100028, Қарағанды, Қазақстан, 224-каб,

Байланысушы тұлғалар:
1.Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламалар үйлестірушісі

Карстина Светлана Геннадьевна, ф.-м.ғ.д., доцент, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы Телефон: + 7 7212 770136
Факс: +7 7212 770384
E-mail: skarstina@mail.ru

2. Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламалар үйлестірушісі

Ақыбаева Гүлвира Советбековна,  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, университеттің Тіркеуші кеңсесінің басшысы
Телефон: + 7 7212 770369
Факс: +7 7212 770384
E-mail: akubaeva_g@mail.ru

 

– Бағдарламаның білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі

– Кәсіби қызметіне қажетті іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру;

– Жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;

– Экологиялық, этикалық, құқықтық мәдениетті, дене және ойлау мәдениетін қалыптастыру.

– Бакалаврларды көптілді даярлау.

Кредиттер саны көрсетілген бағдарлама құрылымы (жылына 60 ECTS кредиті)

Әр пән бойынша дәріскердің тегі, аты, әкесінің аты

 

Қорытынды емтихандар (бар болғанжағдайда)

Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау нысаны – емтихан

2. Жеке пәндер (курстар, юниттер)сипаттамасы
Студенттер үшін қосымша ақпарат
– Орналастыру/тұру

– Тамақтану

– Медициналық қызметтер

Тұрғын үй-тұрмыстық кешені:

 

Университетте 6 студенттік жатақхана бар:

– № 1, 2 жатақханалар  – телефоны: 8(7212)77-00-10, мекенжайы: Университет көшесі, 28-ғимарат;

– № 3, 4 жатақханалар  – телефоны:  (№ 3) – 8(7212)77-03-78,   (№ 4) – 8(7212)77-00-58, мекенжайы: Университет көшесі, 28-ғимарат;

– № 5  жатақхана – телефоны: 8(7212)77-04-41, мекенжайы: Мұқанов көшесі, 1;

– № 6 жатақхана – телефоны: 8(7212)77-04-43, мекенжайы: Мұқанов көшесі, 1.

Университетте денсаулық сақтау пункті бар, телефоны: 8(7212)77-04-29, мекенжайы: Мұқанов көшесі, 1.

Барлық ғимараттарда медициналық пункттар, буфеттер, асханалар бар (№ 1, № 4, № 6 ғимараттарында); «Унивесритет» асханасы қызмет көрсетеді (мекенжайы: Мұқанов көшесі, 1).

ҚарМУ-да студенттік тұрмыстық кешені бар, онда монша, кір жуатын орны қызмет көрсетеді, телефоны: 8(7212)77-00-22, кондитерлік цех, телефоны: 8(7212)77-04-06 (мекенжайы: Университет көшесі, 28-ғимарат)

Студенттердің арнайы қажеттіліктеріне арналған қызметтер/ инфрақұрылым,

сақтандыру

 

Студенттерге қолдау көрсету қызметтері (бас ғимаратта орналасқан, жұмыс істеу тәртібі сағ. 9.00-ден18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін):

 

Оқуәдістемелік басқармасы (ОӘБ): № 219-кабинет, телефоны: 8(7212)77-04-23, 77-03-97, е-mail: umu.kargu@ksu.kz. ОӘБ университеттің оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды, инновациялық оқыту технологияларын енгізуді жүзеге асырады.

 

Көптілді білім беруді дамыту орталығы (КБДО): № 204-кабинет, телефоны: 8(7212)77-04-13, e-mail: foreign_lang@ksu.kz. КБДО Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да көптілді білім беру үдерісін басқаруды жүзеге асырады.

 

Тіркеуші кеңсесі: № 214, 221-кабинеттері, телефоны: 8(7212)77-03-69 (қосымша 1040), 8(7212)77-04-56, е-mail: ied@ksu.kz, idl@ksu.kz. Бүкіл оқу кезеңіндегі білім алушының оқу жетістіктерінің тарихын тіркеуді жүзеге асырады. Кредиттік және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін алып жүреді.

 

Студенттік бөлім: 215, 217-кабинеттері, телефоны: 8(7212) 77-04-18, е-mail: stdep@ksu.kz. Студенттер контингентінің қозғалысын есепке алу мен бақылауды жүргізеді (ауыстыру және оқуға қайта алу).

Студенттік бөлім қажеттілігіне қарай академиялық анықтаманы, дипломдардың, аттестаттардың, сертификаттардың, мемлекеттік білім беру гранттарын беру туралы куәлік көшірмелерін, анықтамаларды, дипломдардың, сынақ кітапшаларының, студенттік билеттердің телнұсқаларын береді, сұрау бойынша студенттердің жеке істерін жібереді.

 

Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі (БСМБ): № 220-кабинет, телефоны: 8(7212)77-01-36, e-mail: monitoring@ksu.kz. Студенттердің академиялық ілгерілеу мониторингін жүзеге асырады, білімді бақылау үзіктері мен әлеуметтану сауалнамаларын жүргізеді, білім беру жағдайларын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлейді.

 

Ғылыми кітапхана: телефоны 8(7212)77-04-16, е-mail: rootlib@ksu.kz. ЖОО-ның ғылыми және білім беру қызметіне қолдау көрсетеді. Интернет арқылы ақпараттық қызмет көрсету және өзекті ресурстарға қол жеткізу жүйелерін дамытады. Кітапхананың жұмысы туралы негізгі ақпарат Web-сайтта (www.library.ksu.kz) орналастырылған, онда электронды каталог, мерзімді басылымдар бюллетені және студенттерге қажетті басқа да ақпарат бар.

 

Инновациялықтехнологиялық орталығы: № 233-кабинет, телефоны: 8(7212)77-04-25, e-mail: itc@ksu.kz. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, ғылыми конференцияларды, көрмелерді, байқауларды, олимпиадаларды даярлауды және өткізуді, ғылыми мақалалар жинақтарын шығаруды жүзеге асырады.

 

Стратегиялық даму, сапа менеджментінің жүйесі және аккредиттеу орталығы (СД, СМЖжАО): № 231-кабинет, телефоны: 8(7212)77-04-22 e-mail: sdicc@ksu.kz. Университет қызметін стратегиялық жоспарлау, университеттің білім беру бағдарламларын халықаралық және ұлттық аккредиттеу жөніндегі тиімді жүйелерді құруға, ҚарМУ сапа менеджменті жүйесінің тиімді қызмет етуіне қолдау көрсетеді.

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы (ЖБКХББ): № 234-кабинет, телефоны: 8(7212)77-01-36, e_mail: upo@ksu.kz. Магистратура, докторантура аясында оқу үдерісін ұйымдастыруды үйлестіреді. Халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектеседі.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК): № 103-кабинет, телефоны: 8(7212)77-03-90, ішкі қосымша: 11-10, e-mail: kdm@ksu.kz. Жатақханалардағы студенттік кеңестердің, факультеттердегі Жастар ісі жөніндегі комитеттердің, клубтардың, студенттік қоғамдық бірлестіктердің, үйірмелердің жұмысын үйлестіреді. ЖІК жанында студенттік парламент, ұлтаралық мәдени орталығы, баспасөз клубы, «Қауымдастырылған студенттер» пікірталас клубы, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы, «СҚЖ» студенттік құрылыс жасақтары, еңбек биржасы қызмет етеді.

 

Студенттер сарайы (СС): бас ғимарат, телефоны: 8(7212)77-03-93, ішкі қосымша: 10-97,. e-mail: kira.garkusha@mail.ru. Студенттердің бос уақытын ұйымдастырады. СС базасында би, вокал, театр және шығармашылықтың басқа түрлері бойынша әуесқойлардың басын біріктіретін 20-дан астам шығармашылық ұжым – республикалық және халықаралық байқаулар лауреаттары жұмыс жасайды, олардың ішінде: «Жарқын» халық би ансамблі, «Сарын» фольклорлық ансамблі, «Жастар» эстрадалық ән айту студиясы, КТК клубы және т.б. СС – ресми және салтанатты кездесулерді, студент қатарына қабылдау және дипломдарды тапсыру актілерін, студенттік акцияларды, форумдарды, ғылыми және баспасөз конференцияларын, таныстыру және шоу-бағдарламаларын, шығармашылық байқауларды, КТК фестивальдерін өткізу орны.

 

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы (МжЖО): № 113-кабинет, телефоны: 8(7212)77-03-85, e-mail: zentr_kit@ksu.kz. Түлектер үшін түйіндемені құрастыру, жұмыс берушілермен сұхбаттасу жөнінде ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетеді, Түлектің мансап күнін өткізеді, кәсіпорындар, фирмалар және ұйымдармен таныстыру рәсімдерін ұйымдастырады, «Түлек» мәліметтер банкін қалыптастырады.

 

Студенттермен жұмыс жасау бойынша бухгалтерия: № 211-кабинет, телефоны: 8(7212)77-03-94. Студенттердің оқуына төленетін ақшалай қаражаттың түсімі мен қозғалысын есепке алу қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ стипендия төлейді.

 

Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі (ҚҚжІАБ): № 226-кабинет, телефоны: 8(7212)77-03-65. Университет қызметін реттейтін заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде, ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін білім беру қызметтерін көрсету бойынша шарт жасау жөнінде кеңес беру қызметтерін жүзеге асырады, университетке түсетін және білім алып жүрген студенттермен кездесулер өткізу арқылы олардың құқықтық санасын қалыптастырады.

 

Сенім телефоны: 8(7212)77-03-65. Білім алушылардың құқықтары туралы ақпарат pravо.ksu.kz құқықтық портал аясында ЖОО-ның ksu.kz сайтында ұсынылған.

– Студенттерге қаржылық көмек
1. Коммерциялық негізде білім алатын студенттер үшін ақы төлеу шарттары ақылы білім беру қызметтерін көрсету бойынша шартта белгіленген. Бұл шарт талапкердің ЖОО-ға түсу кезінде жасалады.

2. ЖОО негізгі оқу үдерісіне енгізілмеген қосымша білім беру қызметтері үшін төлем белгілей алады.

3. Қайта оқуға қалдырылған студент оқу ақысын сессия барысында тапсырылмаған пәндерге ғана төлейді.

4. Жазғы семестрден өтуге ниет білдірген студенттер белгіленген тарифтерге сәйкес оқуға қосымша ақы төлейді.

5. Оқудан шығарылған немесе басқа ЖОО-дан ауысқан студенттер академиялық айырмашылықты тапсыру үшін қосымша ақы төлейді.

6. ЖОО бір кредиттің құнын мамандыққа қарамастан белгілейді.

– Студенттік кеңсе/ студенттер ісі жөніндегі кеңсе
Факультет атауы Телефоны
Биология-география (7212) 77 00 69
Шетел тілдері (7212) 77 04 13
(7212) 77 04 13
Тарих (7212) 51 66 06
Математика және ақпараттық технологиялар (7212) 77 03 95
Педагогика (7212) 77 04 33
(7212) 77 04 33
Физика-техникалық (7212) 77 04 03
Дене мәдениеті және спорт (7212) 77 04 34
Филология (7212) 77 04 32
Философия және психология (7212) 77 03 88
Химия (7212) 34 19 40
Экономика (7212) 77 0358
(7212) 77 0363
Заң (7212) 77 03 91
(7212) 77 03 91
– Оқу үшін жасалған жағдайлар (сабақтардың материалдық базасы)
Университеттің заманауи инфрақұрылымында жалпы ауданы 65290 ш.м. құрайтын 11 оқу ғимараты, жалпы қорында ғылыми, оқу, оқуәдістемелік және көркем әдебиеттің 1 млн. 700 мыңнан астам данасы бар ғылыми кітапхана, 12 оқу залы, оның ішінде сирек кітаптар залы бар. Университете электрондық ресурстар залдары жұмыс істейді, олар университеттік ресурстарға (электронды каталогқа, электронды кітапханаға, порталдарға), сондайақ сыртқы ақпараттық ресурстарғажазылып алынатын дерекқорларға, оның ішінде шетелдік дерекқорларға қосылуға мүмкіндік береді. Олар: «Заң», «Параграф», «РМЭБ», E-library РУНЭБ, Elsevier (Science Direсt, Scopus), Springer, Thomson Reuters тәрізді ресурстар. Электронды ресурстар залдары интерактивті жабдықпен қамтылған, ресурстарды, вебинарларды, ұжымдық тренингтер мен кеңес берулердің тұсаукесер рәсімдерін өткізу мүмкіндігі беріледі.

Университете мамандықтар бойынша кадрларды даярлау үшін мамандандырылған оқу зертханалар мен оқу кабинеттер кешені пайдаланылады. Оқу үдерісінде 130 оқу, оқуәдістемелік зертханасы, оқуөндірістік шеберханасы, 94 мамандандырылған және мультимедиалық кабинеті, 20-ға жуық кеңейтілген дәрісхана, дипломдық жобалау кабинеттері, 40-тан астам компьютерлік және тьютерлік сыныбы, 17 лингафондық, мультимедиалық лингафондық кабинеті, ілеспе аударма кабинеттері, студиялық павильоны, магистрлік, PhD докторлық диссертациялық еңбектерді орындауға арналған 31 ғылымизерттеу зертханасы пайдаланылады.

– Халықаралық бағдарламалар/Тағылымдамалар/Алмасу бағдарламалары
Студенттер мен магистранттарды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік оқуға қабылдайтын шетелдік ЖОО-лар тізімі

Университет атауы Ұсынылып отырған бағдарлама Университет сайты
1 Фонтбоне Университеті (АҚШ) Барлық мамандықтар бойынша www.fontbonne.edu
2 Прага қ. Карлов университеті (Чехия), 03.09.2012 §  Химия

§  Химиялық технология

§  Педагогика

www.cuni.cz
3 Вроцлав технологиялық университеті (Польша) §  Химия

§  Компьютерлік ғылымдар

www.pwr.wroc.pl
4 Вроцлав Университеті (Польша) §  Химия

§  Биология

§  Информатика

§  Математика

http://www.uni.wroc.pl/
5 Прага қ. Жоғары экономика мектебі (Чехия) §  Экономика

§  Маркетинг

§  Туризм

§  Менеджмент

www.vse.cz
6 Лэшнодағы Жоғары кәсіптік оқыту мектебі (Польша республикасы) §  Компьютерлік ғылымдар

§  Техникалық мамандықтар

§  Экономика

§  Тарих

§  Педагогика

www.pwsz.edu.pl
7 Адам Мицкевич Университеті (Польша), 18.01.2013 Барлық мамандықтар бойынша http://www.amu.edu.pl/
8 «Неофит Рильски» Оңтүстік-Батыс университеті  (Болгария) §  Құқықтану

§  Тарих

§  Математика

§  Педагогика

§  Филология

§  Химия

http://www.swu.bg
9 Силез техникалық университеті (Польша) §  Химия

§  Математика

§  Физика

http://www.polsl.pl/en
10 Козминский Университеті, Варшава (Польша) §  Экономика

§  Менеджмент

§  Әлеуметтану

§  Құқық

http://www.kozminski.edu.pl/en/
11 Прага қ. Жоғары халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебі (Чехия Республикасы) §  Құқықтану

§  Экономика

§  Әлеуметтану

§  Саясаттану

§  Тарих

§  Мемлекеттік және жергілікті басқару

§  Халықаралық қатынастар

http://www.vip-vs.cz/en/
12 Еуропалық білім беру Институты (Словакия) §  Құқықтану

§  Экономика

§  Педагогика

§  Тарих

§  Филология

www.vip-vs.sk
13 Селье Янош Университеті (Словакия) Барлық экономикалық мамандықтар http://www.ujs.sk/
14 Жоғары қаржы және басқару мектебі (Чехия Республикасы) §  Құқықтану

§  Экономика

§  Информатика

www.vsfs.cz
15 Бабеш-Больяй Университеті (Румыния) Барлық мамандықтар бойынша www.ubbcluj.ro/
16 Вильнюс Университеті (Литва) Барлық мамандықтар бойынша http://www.vu.lt/

 

 

– Спортпен айналысу үшін жасалған жағдайлар/ база
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің білім беру қызметінің басымды бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын дамыту және насихаттау, жастарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
ҚарМУ спорт базасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарын өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Университетте жалпы ауданы 6803,9 м құрайтын он спорт залы бар.

Спорт құрылыстарының атауы Орналасқан орны Мақсаты
Жабық спорт құрылыстары:
1. Жаттығу залы №7 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі,1 Пауэрлифтинг секцияларының жаттығулары
2. Гимнастика залы №7 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі,1 Спорттық гимнастика секцияларының сабақтары
3. Жекпе-жек залы №7 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі,1 Қоян-колтық ұрыс, грек-рим күресі, бокс, қазақша күрес секцияларының сабақтары
4. Спорттық ойындар залы №12 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі, 13/3 Баскетбол, волейбол, бадминтон, бокс секцияларының сабақтары
5. Жеңіл атлетикалық манеж №12 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі, 13/3 Жеңіл атлетика секцияларының сабақтары
6. Спорт залы №1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28 Дзюдо, волейбол секцияларының сабақтары
7. Спортивный зал №4 оқу ғимараты, Гоголь к-сі,38 Бадминтон секцияларының сабақтары
8. Спорт залы №8 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі, 1 Үстел теннисі секцияларының сабақтары
9. Спорт залы №10 оқу ғимараты, Мұқанов к-сі, 1 Баскетбол, волейбол секцияларының сабақтары
10. Спорт залы №11 оқу ғимараты, Карбышев к-сі, 7 Атлетикалық гимнастика секцияларының сабақтары
11. (3-4 жатақханалары) жертөлесі бар жаттығу залы Университет к-сі,14/1 Пауэрлифтинг секцияларының сабақтары
Ашық спорттық құрылыстар Футбол, жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс, шаңғы спорты секцияларының сабақтары

Спорттық-сауықтыру кешенінің барлық нысандары қимыл-қозғалыс спорт ойындарымен айналысуға арналған торлар, баскетбол қалқандары, гимнастикалық орындықтар, үстел теннисіне арналған үстелдер және т.б. тәрізді арнайы мүкәммалмен жабдықталған.

– Студенттердің демалуы үшін жасалған жағдайлар / демалу базасы
 

ҚарМУ демалыс базалары:

–  Топар

–  Балқаш

–  Қарқаралы

– Студенттік қауымдастықтар
Университеттің студенттік өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ студенттік қоғамдық қауымдастықтар нысанында құрылған студенттік өзін-өзі басқару органдары облыстық, аймақтық, республикалық студенттік бірлестіктердің өкілдігі ретінде:

 

– факультеттердің Жастар ісі жөніндегі комитеттері;

Студенттік парламент;

 Студенттік омбудсмен;

Студенттік жатақханалар кеңесі;

қызығушылықтар бойынша клубтар;

 шығармашылық ұжымдар;

 «Жасыл ел» студенттік құрылыс, жастар еңбек жасақтарының және педагогикалық жасақтар штабы;

Студенттік еріктілер жасағы;

 Студенттік полицияға жәрдемдесу жасағы;

«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы;

 Пікір-сайыс клубы;

 ҚарМУ студенттер альянсы;

 ҚарМУ «Жас Отан» жастар қанаты;

 Қарағанды жастар мемлекеттік қызмет мектебі.

Top