Физиология кафедрасы

Кафедра тарихы

Физиология кафедрасы 1966 жылы зоология кафедрасынан бөлініп шығып, өз алдына «Адам және жануарлар физиологиясы» болып құрылды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор П.С.Кравицкая тағайындалды. Профессор П.С.Кравицкая педагогикалық институттың тұңғыш докторы, ол медицина ғылымдарының докторы атағын 1962 жылы алды. П.С.Кравицкая «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасының меңгерушілік қызметімен бірге 1962-1972 жылдары аралығында факультет деканы қызметін де қоса атқара жүріп, факультетте ғылыми жұмысқа ерекше көңіл бөлді. 1965 жылы физиология мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Профессор П.С.Кравицкаяның жетекшілік етуімен бірнеше шәкірттері кандидаттық диссертациялық жұмыстарын қорғап шықты.

Кравицкая П.С. шәкірттерімен бірге

Олардың ішінде Болат Мусин алғаш ұүрылған дене шынықтыру институтының алғашқы ректоры болып тағайындалды.

1973-1979 жылдар аралығында «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасын б.ғ.д., доцент К.И.Кульжанова басқарды. Доцент К.И.Кульжанованың жетекшілік етуімен факультетте алғаш рет «Анатомиялық музей» ашылды. Ғылым саласында да ерен еңбегімен көзге түскен доцент Қапияш Исағалиқызы 1976 жылы «СССР Жоғарғы білімінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды. Өзі басқарған жылдары доцент К.И.Кульжанова кафедраның өркендеп өсуіне өз үлесін қосқан ірі тұлғалардың бірі болды..

Қапияш Исағалиқызы Кульжанова әріптестерімен (оң жағынан бірінші)

1979-1992 жылдар аралығында б.ғ.д. доцент Х.Ж.Аубакирова кафедрада меңгерушілік қызметін атқарды. Доцент Ханзада Жомартқызы да «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасының өркендеп өсуіне өз үлесін қосты.

1988 жылы қараша айында Қазақстандағы  өткен тұңғыш физиологтардың 1 съезінде Х.Ж.Аубакирова және К.И.Кульжанова делегат ретінде қатысты.

Х.Ж.Аубакирова, П.С. Кравицкая, В.Г. Колбасинская

1992-1996 жылдар аралығында м.ғ.к., доцент Д.М.Джанғозина «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасының кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 2003 жылы Д.М.Джанғозина докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығады. Сонымен қатар, Дарико Мұқышқызының ғылымға қосқан үлесі де орасан зор, бірнеше шәкірттерінің кандидаттық, магистерлік диссертацияларының, дипломдық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болды

м.ғ.д., профессор Д.М. Джангозина

1996-2002 жылдар аралығында «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасы «Экология кафедрасы» деп аталды. Ал, 2002 жылдан бастап «Физиология» кафедрасы болып аталды. Кафедра меңгеруші қызметін м.ғ.д., профессор Н.К.Смағұлов атқарды. Профессор Н.К.Смағұлов осы жылдараралығында кафедраның оқытушылар құрамының 90%-ы кандидаттық диссертация жұмысына жетекшілік етіп, қорғатып шығарды. Ғылым жолында ол кісінің алатын орны ерекше. Бірнеше ғылыми мақалалар мен монографиялардың авторы. Ғылыми бағыт-бағдар беріп отырушы,

м.ғ.д., профессор Н.К. Смағұлов шет елдік әріптесімен бірге

Қазақстан Республикасының ғылымын дамытушы ірі тұлға. 2007 жылы профессор Н.К.Смағұлов Қазақстан Республикасының ЖОО «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ» премиясын жеңіп алды.

2004 жылы «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасы «Физиология» кафедрасы болып аталды.

2007 жылдан бастап «Физиология» кафедрасының меңгерушілік қызметін б.ғ.к., доцент Г.М.Тыкежанова атқарады. Гүлмира Меңгалиқызы қызметтестермен бірігіп, мақалалар, оқулықтар және оқу әдістемелік кешендерді шығаруда.

Ғылымға да өз үлесін қосуда. Г.М.Тыкежанованың жетекшілігімен шәкірті А.К.Зейниденов Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толғандығына арналған ХХХІV ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып «Ой ұшқырлығы» номинациясы бойынша І-дәрежелі диплом иегері дәрежесін жеңіп алды.

Қазіргі кезде Г.М.Тыкежанова бірнеше магистрлік және дипломдық жұмыстардың жетекшісі.

Соңғы 15 жыл ішінде кафедрада Қоңқабаева А.Е. (2001) мен Джанғозина Д.М.(2003) докторлық диссертацияларын қорғаса, 6 адам кандидаттық диссертацияларды қорғады. Ғалымдар  мөлшері кафедрада 85,82%-ға жетті. Университет ашылғаннан бері кафедра ұжымы 11 монография, 10 оқу құралын және, 238,32 баспа парақты құрайтын 600 ғылыми мақалалар басып шығарды, оның  ішінде 68 алыс,  123 жақын мемлекет баспасынан шықты.

Физиология кафедрасының барлық оқытушылары Қазақ физиологиялық қоғамының мүшелері. 2010 жылы профессор Мукашева М.А. ұлттық білім беруді дамыту саласындағы еңбегі үшін «Ресейдің Алтын кафедрасы» дипломымен марапатталды. 2010 жылы доцент А.М. Айткуловқа «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2012 жылы профессор Конкабаева А.Е. «2012 жылдың үздік оқытушысы» атағына және Еуропалық ғылыми қоғамның В. Лейбниц медалінің лауреаты атағына ие болды. Профессор Мұқашева М.А. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, «Ғылымға қосқан үлесі үшін» Петр І, І дәрежелі орденінің иегері, «2017 жылдың үздік ғылыми мақаласы» VII Халықаралық МССИ конкурсының лауреаты болды.

Физиология кафедрасының мүшелері PhD докторантура бойынша лицензия алу үшін құжаттарды дайындауға белсене қатысты. 2013 жылы 6D060700 – Биология мамандығы бойынша докторантураға лицензия алынды. 2014 жылы 6D060700-Биология мамандығына бірінші докторант оқуға түсті. Докторанттардың ғылыми жетекшілері педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ұзақ уақыт жұмыс істеген тәжірибелі оқытушылар белгілі ғалымдар, м.ғ.д., профессор Мейірамов Г.Г., м.ғ.д., профессор А.К.Конкабаева сияқты. , б.ғд., профессор Мукашева М.А., б.ғ.к., доцент А.А. Айткулов, б.ғ.к., доцент Погосян Г.П.

Кафедраның оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комиссияларына қатысады. Мысалы, профессор А.К.Конкабаева, доцент Нугманова Ш.М., Айткулов А.М. және басқалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмалары бойынша республикалық комиссияларға қатысты, профессор Мукашева М.А. «Экология» мамандығы бойынша сарапшы мүшесі, «Ғылым қоры» АҚ-ның сарапшысы, доцент Тыкежанова Г.М. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биология» мамандығы бойынша Сараптамалық кеңесінің мүшесі, профессор Конкабаева А.Е. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі, яғни физиология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының сапалық деңгейін сырттай мойындаудың куәсі болып табылады.

2014-2017 жж. физиология кафедрасының оқытушылары ғылыми-зерттеу нәтижелерін  жоғары рейтингті деректер базасында жарияланады: Thomson Reuters деректер базасында 5 мақала, Scopus деректер базасында 3 мақала: «Diabetes» (IF – 8), «Diabetes Technology & Therapeutics».- Brussel, 2015 (IF – 0,293), «Diabetes a journal of the American diabetes association» – Boston, 2015(IF – 8,475), «Bulletin of experimental biology and medicine». – Springer, 2015 (IF – 0,336), «International journal of environmental & science education» (IF – 0,3), 2016.  «Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences» (IF – 0,24), 2017,  «Research Journal of Pharmacy and Technology» (IF – 0,33), 2016, European Journal of Ophtalmology, 2014 (1,058).

Кафедраның оқытушылары ғылыми зерттеулерідің нәтижелерідің мынандай журналдарда жариялады:

– алыс шетелде: «Bulletin of experimental biology and medicine». – Springer, Bulletin d’EUROTALENT-FIDJIP. – France, «Diabetes a journal of the American diabetes association». – Boston, «International journal of environmental & science education», «Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences», «Research Journal of Pharmacy and Technology»

– РИНЦ: Бюллетень экспериментальной  биологии и медицины (IF РИНЦ – 0,33), Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований (IF РИНЦ-0,857), European Journal of Physical Education and Sport. –  M, 2015 (IF РИНЦ – 0,214), European Researcher (IF РИНЦ – 0,212).

Профессор Мейрамов Г.Г. Хирш индексі  Thomson Reuters, Scopus базасы бойынша-2.

Профессор Мукашева М.А.  Хирш индексі  РИНЦ базасы бойынша – 14.

2012 жылы физиология кафедрасының профессоры Қоңқабаева Айман Ережеповна Қазақстан Республикасының ЖОО «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» премиясын жеңіп алды..


2015 жылы физиология кафедрасының доценті б.ғ.к., Тыкежанова Гульмира Менгалиевна Қазақстан Республикасының ЖОО «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» атағына ие болды.

Қазақстан Республикасының ЖОО «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ -2015» атағына иегері физиология кафедрасының доценті б.ғ.к., Тыкежанова Гульмира Менгалиевна.

Қазіргі таңда физиология кафедрасында 10 оқытушы қызмет атқарады. Оның ішінде 2 ғылым докторы, профессор, 1 доктор PhD, 5 доцент, 2 аға оқытушы қызмет атқарады.

Физиология кафедрасы қазіргі заманға сай әр түрлі салада жаңа жобалар іздеп, беделді, жоғарғы деңгейдегі мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарымен өте тығыз қарым-қатынас жасауда.

Оқытушы-профессорлар құрамы

Тыкежанова Гүлмира Менғалиқызы

Қызметі: Физиология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Антропофункциональные сдвиги у школьников и критерии их оценки и прогнозирования в условиях загрязненного атмосферного воздуха» Мамандығы: 03.00.13-Физиология.

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Биогеохимия және эктоксикология» «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы»,

«Салыстырмалы физиология», «Экологиялық нормалау және сараптама негіздері», «Урбоэкология», «Әлеуметтік экология және тұрақты даму».

Ғылыми бағыты: Өндірістік аймақтағы қоршаған ортаның жағымсыз факторларының балалар және жасөспірімдер ағзасына әсері.

Негізгі еңбектері:

1) Функциональное состояние респираторной системы школьников, проживающих в промышленном регионе. – Экология. Здоровье. Спорт: Сборник научных статей V Международной научно-практической конференции. – Чита, 2013. – 158-162.;

2) Endogenous retinal zinc forms toxic chelatee complexes with diabetogenic derivaties of 8-oxyquinolin. – European Journal of Ophtalmology. –  Padova, 2014. – May 15-17. – P. 462.

3) Русско-казахско-английский экологический словарь. – Қараганда: Изд-во КарГУ, 2014. – 233 с.

4) Extraction of fats from diabetogenic diet result weakening symptoms of diabetes caused by xanthurenic acid.- Diabetes Technology & Therapeutics.- Brussel, 2015. Vol. 17.- P. A-105-A106.

5) Research of Fears of Preschool Age Children.- International journal of environmental & science education, 2016. – Vol. 11. – Issue 15. – P. 8517-8535.

6) В помощь специалистам: вопросы скрининговых исследований, необходимых для соблюдения правил, используемых в эколого-биологическом мониторинге и санитарно-гигиеническом мониторинге в Республике Казахстан.- Международный журнал экспериментального образования. – М., 2017. – №5. – С. 45-47.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: gulmyra.tykezhanova@mail.ru

 

Қонқабаева Айман Ережепқызы

Қызметі: м.ғ.д., профессор, «Экологиялық-генетикалық зерттеулер» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Физиологические механизмы адаптации и резистентности организма кормящей матери к неблагоприятным условиям окружающей среды». Мамандық: 03.00.13. – Физиология.

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Адам анатомиясы», «Адам және жануарлар физиологиясы», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Жүйке жүйесінің анатомиясы және эволюциясы», «ОЖЖ және ЖДНӘ физиологиясы», «Бейімделудің физиологиялық механизмдері».

Ғылыми зерттеу бағыты: Жағымсыз экологиялық аймақта қазіргі заманауй күйзеліс әсері жағдайында, суық- гипокси – гиперкапникалық әсердің көмегімен бейімделу потенциялын жоғарылату түзету технологиясын енгізе отырып өндірістік аймақта тұратын студенттердің денсаулық жағдайын және функционалдық резервін бақылау және бағалау.

Марапаттары: м.ғ.д., профессор Қоңқабаева Айман Ережепқызы «ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» (2012 ж.) мемлекеттік грантының иегері. 2013 ж. Германияда Еуропалық табиғатты зерттеу академиясы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін В.Лейбниц кеуде белгісімен марапатталды.

Негізгі еңбектері:

1) The mechanism of action and manifestation of toxic effects of heavy metals on an organism (the literature review). – Вестник Карагандинского Университета – серия Биология, Медицина, География. – 2016. – № 1. – C. 45-53.

2) Influence of Salts of Copper on Growth and Development of some Monocotyledonous and Dicotyledonous Plants in Laboratorial Conditions.- Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences, 2016.-  463 p.

3) Куммуляция тяжелых металлов в тканях экспериментальных животных при длительном кормлении овощами, выращенными в дачных массивах промышленных регионов Центрального Казахстана.- Наука, образование, инновации: апробация результатов исследований. – Материалы Международной научно-практической конференции. – Прага, Чехия, 2017 г. – Т.1. – С. 39-48.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: aiman54@mail.ru

Мукашева Манара Алдешевна

Қызметі: б.ғ.д., профессор 2008 жылдан бері кафедрада жұмыс істеп келеді. «Бейімделу физиологиясы» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Гигиенические основы медико-биологического мониторинга для обеспечения безопасности населения в условиях воздействия крупного промышленного комплекса» Мамандық: 14.00.07 – Гигиена

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Физиологиядан үлкен практикум және нейробиология».

Ғылыми зерттеу бағыты: Ірі өндірістік кешендердің әсері жағдайында өмір сүретін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медико-биологиялық мониторинг негіздері.

Марапаттары: Ресей жаратылыстану академиясының білім және ғылым саласындағы еңбегі сіңген қайраткері.

Негізгі еңбектері:

1) Вестник Карагандинского университета. – Серия Биология, Медицина, География. – 2016. –  №1(81). – С.8-13.

2) Проблемы оценки и прогнозирования состояния индивидуального и популяционного здоровья при воздействии факторов риска.

Биологический фактор и микробиологическая диагностика при формировании здорового образа жизни:Материалы ХІІ Евразийской науч. конф. (15-16 декабря 2016 г.), Научно-исследовательский институт гигиены, профпатологии и экологии человека. – Санк-Петербург, 2016. – С. 25 – 29.

3) В помощь специалистам: Вопросы скрининговых исследований, необходимых для соблюдений правил, используемых в эколого-биологическом мониторинге и санитарно-гигиеническом мониторинге в Республике Казахстан.- Международный журнал экспериментального образования. М., 2017. – №5. – С.45-47.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: manara07@mail.ru

Айткулов Айдар Мұратұлы

Қызметі: Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, биология-география факультетінің деканы

Айткулов Айдар Мұратұлы 2000 жылдан бері кафедрада жұмыс істеп келеді, 2004 жылдан бастап биология-география факультетін басқарып келеді.

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: Функциональные изменения мембраны эритроцитов при воздействии пыли и фенола (в экспериментальных и натурных условиях) мамандық: 14.00.07 – Гигиена

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Биогеохимия және экотоксикология» «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Биологияның заманауи мәселелері», «Қоршаған ортадағы химиялық заттарды токсикологиялық бағалау тәсілдері», «Урбоэкология», «Әлеуметтік экология және тұрақты даму».

Ғылыми зерттеу бағыты: экология, атмосфералық ауа ластануының мәселелері, адам және жануарлар ағзасындағы биохимиялық процесстерге ксенобиотиктердің әсері. № 3-2-3.8-2(74)-IV «Ағзаның функционалдық жүйесіне ксенобиотиктердің әсер ету механизмі және протекторлы қасиетке ие жаңа препараттар көмегімен бұзылған қызметтердің орнын толтыру әдістері» жобасына қатысушы

Марапаттары: б.ғ.к., доцент Айткулов Айдар Мұратұлы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталған.

Негізгі еңбектері:

1) The problems of solid waste disposal on the territory of Karaganda region and their solutions. – Вестник Карагандинского университета. Серия биология, медицина и география. – 2016. – №1 (91). – С. 18-23.

2) Assessment of Neurotoxicity of Cultivated Plants Grown in the Neighborhood of Industrial Regions of Central Kazakhstan. – Research Journal of Pharmacy and Technology. – 2017. – №2 (10). – P.23

3) В помощь специалистам: вопросы скрининговых исследований, необходимых для соблюдений правил, используемых в эколого- биологическом мониторинге и санитарно-гигиеническом мониторинге в Республике Казахстан (рабочая программа мастер-класса). – Международный журнал экспериментального образования. – 2017. – №5. – С. 45-47.

4)  Биоразнообразие животного населения и птиц Каркаралинского национального парка. –  Ландшафтное разнообразие Каркаралинского района и учебные полевые практики студентов биолого-географических специальностей: Сборник статей / Москва: Геогр. ф-т МГУ, 2017. – С.18-26.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: tot099@mail.ru

Нұғыманова Шолпан Мұқатайқызы

Қызметі: м.ғ.к., доцент, 1999 жылдан бері кафедрада жұмыс істеп келеді.

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Оценка и прогнозирование функционального напряжения организма вальцовщиков прокатного производства Карметкомбината». Мамандық: 14.00.07 – Гигиена.

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» «Бейімделудің физиологиялық механизмдері», «Өндіріс экологиясы»,

«Әлеуметтік экология және тұрақты даму».

Ғылыми зерттеу бағыты: Экологиялық қолайсыз аймақтардың медико- биологиялық «пеленгация» ғылыми негіздерін жасау.

Негізгі еңбектері:

1) Гигиеническая донозологическая диагностика, как подход к изучению состояния организма на воздействие неблагоприятных экологических факторов. Санкт-Петербург. – 2015

2) Мониторинг атмосферного воздуха на территории крупных природопользователей Карагандинской области. – Успехи современного естествознания. – Москва, 2015

3) Assesment of scholchildren functional shifts in a poluted air. – Вестник КарГУ№1 2016, Серия Биология, медицина, география. – 2016.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: n_sholpan@inbox.ru

Бөдеева Рахат Тлеуқызы

Қызметі: б.ғ.к., доцент, 1996 жылдан бері кафедрада жұмыс істеп келеді.

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Окислительный метаболизм при воздействии локальной вибрации и угольно- породной пыли» Мамандық: 14.00.07 – Гигиена

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

«Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы»

Ғылыми зерттеу бағыты: биохимия (липидтердің асқын тотығы), клеткалық физиология, гигиена

Негізгі еңбектері:

1)  Autonomic nervous regulation in preschool children with neurotic symptoms

Вестник Карагандинского Университета – Серия Биология. – 2016. – № 3 (79). – С. 56– 70.

2) Проблемы оценки и прогнозирования состояния индивидуального и популяционного здоровья при воздействии факторов риска.

Биологический фактор и микробиологическая диагностика при формировании здорового образа жизни:Материалы ХІІ Евразийской науч. конф. (15-16 декабря 2016 г.), Научно-исследовательский институт гигиены, профпатологии и экологии человека. – Санк-Петербург, 2016. – С. 25 – 29.

3) Состояние вегетативного гомеостаза и уровень напряженности адаптационных механизмов в зависимости от проживания, возраста и пола обследуемых Международный конкурс статей-2017: Сборник статей победителей VII Международного конкурса (30 марта -01 июня 2017 г.). – Пенза, 2017. – С. 12 – 17.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: rahat-karaganda@mail.ru

Мұқашева Гулнар Жанатқызы

Қызметі: б.ғ.к., доцент, 2001 жылдан бері кафедрада жұмыс істеп келеді.

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Влияние неблагоприятных факторов окружающей среды на адаптивные способности организма студентов в процессе обучения» Мамандық: 03.00.13-Физиология

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Өндіріс экологиясы», «Адам физиологиясы», «Адам анатомиясы мен физиологиясы», «Фармацевтік өндірістегі еңбек гигиенасы және санитария», «Физиология анатомия негіздерімен», «Орталық жүйке жүйесінің анатомисы мен эволюциясы», «Ағзаның ішкі ортасының физиологиясы».

Ғылыми зерттеу бағыты: қоршаған орта жағдайларына ағзаның бейімделуі.

Негізгі еңбектері:

1) Principles of heavy metals on the state of health. – Мир науки и молодежь: тенденции и новые горизонты, 2016.

2) Status of soil cover on the Degree of Accumulation of heavy metals in the soil of the industrial region (Karaganda city). – Вестник Карагандинского университета, 2016.

3) Implementation of the Regional Program Supports of non-governmental organizations on Improvement of the Ecological situation of the Karaganda region. – Вестник Карагандинского университета, 2016.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: gulnar_amina@mail.ru

Нұрлыбаева Құндыз Амангелдіқызы

Қызметі: б.ғ.м., аға оқытушы

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Физиологическая оценка функционирования системы «студент-преподаватель» в условиях внедрения в учебный процесс кредитной технологии».

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Адам анатомиясы», «Адам физиологиясы», «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Адам және жануарлар

физиологиясы» «Салыстырмалы физиология», «Физологиядан үлкен практикум және нейробиология», «Нейробиология және физиологиядан үлкен практикум»

Ғылыми зерттеу бағыты: Студенттердің оқу қарқындылығына байланысты еңбек ауыртпалығының функционалдық ерекшеліктері.

Кафедрада профориентациялық жұмыстар бойынша жауапты, биология-география факультетінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жауапты маман.

Негізгі еңбектері:

1) Comparativa estimation of regulatopy systems functional state of regularly exercising and not exercising sports students. – Вестник КарГУ. Серия биология, медицина, география, 2016.

2) Анализ эпидемиологической ситуации по биогельминтозам в карагандинской области. – Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований, 2016.

3) Influences of Salts of Copper on Growth and Development of some Monocotyledonous and Dicotyledonous Plants in Laboratorial Conditions». – Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences. September–October, 2017.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: kunduz09@mail.ru

Старикова Анна Евгеньевна

Қызметі:: аға оқытушы

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Физиологические аспекты адаптации одаренных детей к обучению в школах нового типа» Мамандық: 03.00.13-Физиология

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Өндіріс экологиясы», «Фармацевтік өндірістегі еңбек гигиенасы және санитария».

Ғылыми зерттеу бағыты: жас физиологиясы, гигиена, санитария.

Негізгі еңбектері:

1) Influence of work of the enterprise Arselor Metall Steel on the level of pollution of atmospheric air of Temirtau. – Вестник КарГУ. Серия Биология, Медицина, География, 2016

2) Research of fears of preschool age children. – International journal of environmental and science education, 2016

3) РЕГИОНАЛЬНЫЕ ФАКТОРЫ РАЗРЕШЕНИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИХ ПРОБЛЕМ ПО КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ. – international journal of applied and fundamental research, 2017

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: staranechka@mail.ru

Сарсембаева Айман Шайменовна

Қызметі:: аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Бұқар Жырау өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктері»

Қазақ физиологиялық қауымдастығының мүшесі.

Жүргізетін пәндері: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» Ғылыми зерттеу бағыты: дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына әсері

Негізгі еңбектері:

1) Экологические особенности Бетпакдалинской популяции сайгака и переспективы его существования. – Воспитание и обучение в современном обществе:актуальные аспекты теории и практики, 2017.

2) Кумуляция тяжелых металов в тканях экспериментальных животных при длительном кормлении овощами,выращенными в дачных массивах промышленных регионов Центрального Казахстана. – Наука,образование,инновации:апробация результатов исследований, 2017.

3) Қылмысты тергеуде маңызы бар ақпараттарды алудың дәстүрлі емес әдістері. – Халықаралық ғылыми журнал.Ғылым=Наука, 2017.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Университетская көшесі 28, 3 корпус, биология-география факультеті, физиология кафедрасы.

Байланыс телефондары: 77-03-72. E-mail: sarsembaevaa7@mail.ru

Мамандықтар

Кафедрада 6М060800-Экология, 6D060700-Биология мамандықтары бойынша мамандар даярланады

6M060800-Экология

Біліктілігі: ғылым магистрі

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім 2 жыл

Кәсіптік қызмет саласы – биология, экология, токсикология, гигиена, ботаника, зоология, адам физиологиясы, биохимия, микробиология және әр түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелер, биологиялық табиғатты қорғау технологиялары.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми-зерттеу ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, жастар бекеттері, колледждер, ұлттық парктер, табиғи қорықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары кәсіби білімді талап ететін басқа да мекемелер.

6M060800-Экология мамандығы бойынша диссертациялық зерттеудің бағыттары:

1) Су ресурстарын экологиясы;

2) Биоалуантүрлілікті сақтау;

3) Қоршаған орта мониторингі;

4) Қоршаған ортаға әсерді бағалау;

5) Қалалардың экологиясы;

6) Қоршаған орта және адам денсаулығы;

7) Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері.

Диссертациялық жұмыстарды ғылыми жетекшілері:

1) Конкабаева А.Е. – м.ғ.д., профессор;

2) Мұқашева М.А. – б.ғ.д., профессор;

3) Айткулов А.М. – б.ғ.к., доцент;

4) Тикежанова Г.М. – б.ғ.к.,,  доцент;

5) Нугманова Ш.М. – м.ғ.д., доцент;

6) Бодеева Р.Т. – б.ғ.к., доцент;

7) Мұқашева Г.Ж. – б.ғ.к., доцент.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Ғылыми-педагогикалық магистратурада ғылыми-зерттеу жұмыстары мынадай талаптарға сай болуы керек:

– қорғалатын мамандықтың магистрлік диссертациялары негізгі мәселелеріне сәйкес келеуі;

– өзекті, практикалық маңызы мен ғылыми жаңалығы болуы;

– ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

– ғылыми зерттеулерді заманауи әдістерді қолдана отырып жүргізілуі;

– негізгі қорғалатын стандарттар бойынша ғылыми зерттеулер (әдістемелік, тәжірибелік) бөлімдерден тұруы;

– тиісті білім саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерге негізделуі.

Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат: Магистратураның түлектері 100% жұмысқа орналасады. Физиология кафедрасының түлектері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Болашақ университетінің оқытушылары, сондай-ақ  Еңбек қорғау және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының зерттеушілері, табиғат қорғау мекемелерінде жұмыс істей алады.

6D060700-Биология

Біліктілігі: философия докторы, PhD докторы

Оқу мерзімі: 3 жыл

Кәсіптік қызмет саласы – биология саласы: ботаника, зоология, адам физиологиясы, адам экологиясы, биохимия, молекулалық генетика, микробиология және т.б.; әртүрлі деңгейдегі биологиялық жүйелер, биологиялық экологиялық технологиялар.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары және орта арнайы оқу орындары, ұлттық парктер, резервтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары кәсіби білімді талап ететін басқа да мекемелер.

Мамандық бойынша диссертациялық зерттеудің бағыттары:

1) молекулалық генетика;

2) адам физиологиясы;

3) экологиялық физиология;

4) гистология, цитология, эмбриология.

Диссертациялық жұмыстарды ғылыми басқару:

1) Конкабаева А.Е. – медицина ғылымдарының докторы, профессор;

2) Мұқашева М.А. – биология ғылымдарының докторы, профессор;

3) Мейірамов Г.Б. – медицина ғылымдарының докторы, профессор

3) Айткулов А.М. – биология ғылымдарының кандидаты, доцент;

4) Погосян Г.П. – биология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Докторлық диссертацияның тақырыбы оның өзектілігін ескере отырып анықталады. Диссертациялық зерттеу бағыты ұлттық басымдықтарға, мемлекеттік бағдарламаларға немесе іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламаларына байланысты болуы керек:

1) мамандықтың негізгі мәселелеріне сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделуі;

5) ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдана отырып жүргізілуі;

6) негізгі қорғалған провизиялар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы тиіс.

Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат: Докторантураның түлектері 100% жұмысқа орналасады, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы болып жұмыс істейді.

Халықаралық бірлестіктер

Физиология кафедрасы  Негев қаласы Бен-Гурион Университетімен (Израиль), «Герхардт Катч» Диабет Орталық институтымен (Карлсбург, Германия), қоршаған ортаны қорғау және Жер туралы ғылымдар Вроцлав университетімен (Польша), Наварр университеті мен (Испания), Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен, Новокузнецк мемлекеттік университетімен (Ресей), Медициналық институтпен (Ханты-Мансийск, Ресей) халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда.

Жоба жетекшілері Е.А. Букетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры м.ғ.д., КонкабаеваА.Е. және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Ухтомский А.А атындағы ҒЗИ  б.ғ.д., профессор Баранова Т.И.тағайындалды.

Ғылыми зерттеулер Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетінің жалпы физиология кафедрасының құрылымдық-функционалдық бейімделу зертханасымен бірлесіп, ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес өткізілді (2008-2016 жж.).

Сонымен қатар, физиология кафедрасы Новокузнецк қаласының Кемеров мемлекеттік университеті,  гигиена және кәсіби аурулардың кешенді мәселелері бойынша ҒЗИ тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда.

Жобаның мақсаты: қоршаған ортаның әр түрлі ластауыштарының ағза статусына әсерін зерттеу, индустриалды аймақтың тұрғындарында эндоаурулардың жиілігін анықтау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіп-қатер аймақтарында санитарлық-гигиеналық зерттеулерді жүргізу Эндогендік металға тәуелді метаболикалық реакцияларды тудыратын қоршаған орта нысандарының ластану дәрежесі бойынша жобаның шеңберінде кейбір табиғи орталардың (атмосфералық ауаның, судың, қардың, топырақтың) химиялық ластануына байланысты экологиялық және гигиеналық жағдайдың ерекшеліктері зерттеледі.

Физиология кафедрасының доценті Айткулов А.М. «Қазақстанның далаларында ауыл шаруашылығы және биоалуантүрлілік арасындағы балансты сақтау (BALTRAK– Balancing trade-offs between agriculture and biodiversity in the steppes of Kazakhstan) жобасына қатысты.

Жоба Қостанай және Ақмола облыстарында жүзеге асырылады

Жоба 5 серіктес ұйымды қамтиды: Мюнстер университеті, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ASBK), Берлин университеті. Лейбниц атындағы  Орталық және Шығыс Еуропадағы аграрлық дамудың Гумбольдт институты және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Ол Volkswagen Foundation (Volkswagen Stiftung, Германия) гранты арқылы жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты – Қазақстандағы дала экожүйелерінің биологиялық әртүрлілігіне ауылшаруашылық қызметінің әсерін зерттеу. Жобаның шеңберінде Қазақстандағы табиғи далалардың ауыл шаруашылығын дамыту және экономикалық қызметтің дала экожүйесіне әсерін зерттеу. Жобаның соңында олардың биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында дала ландшафтарын ұтымды пайдалану үшін ұсыныстар жасалады.

Бен-Гурион университетінің медициналық факультетінің клиникалық биохимия кафедрасының профессоры М. Даниленкомен меморандум мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жыл сайын университетте шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары, жетекші ұйымдар мен жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері дәріс оқуға  шақырылады. 2014 жылы Каролина университетінің (Венгрия) профессоры, доктор Д.Лорант «Мәдени пейзаждар» тақырыбында дәріс оқыды. 2015 және 2016 жылдың қыркүйек айында қонақ дәрістер бағдарламасына сәйкес «6D060700-Биология» мамандығының докторанттарына арнап «Канценогенездің молекулалық-генетикалық негізі» тақырыбында доктор М.Даниленко дәріс өткізді. 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдарында «Аралданған аумақтардың биоклиматтық карталары» тақырыбында Наварра университетінің PhD профессор, доктор М.Лопес-Фернандез дәріс оқыды. 2017-2018 оқу жылында қонақ дәрістерін М.В. Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университетінің доценттері Д.Р. Голованов Ю.Р.Беляев оқыды.

Вроцлав университенен келген доктор Пуш В. биология-география факультетінің студеттерімен бірге

Оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің академиялық мобильділігі бағдарламасы бойынша шетел мемлекеттерінің ЖОО-да ғылыми кәсіпті жоғарылату бағытында 6М060800-Экология мамандығының магистранты  Жомартова Г. 2012 жылы Румынияда Клуж-Напока қаласында, Бабеш-Больяй университетінің экология факультетінің бағдарламасы бойынша біліктілігін жоғарылатып келді, физиология кафедрасының доценті Айткулов А.М. 2010 жылы, магистрант Нурлыбаева К.А. 2011 жылы Прага қаласында механикалық инженерия факультетінің бағдарламасы бойынша дәріс алды, физиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Конкабаева А.Е. 2014 жылы Санкт-Петербург қаласында Ухтомский атындағы ғылыми-зерттеу институтында және 2013 жылы Ганновер қаласында (Германия) тәжірибе алмасу курсын өтті. 6М060800-Экология  мамандығының магистранттары Садыкова А., Тургамбеков Г. Карлов университетінде дәріс алды (Чехия, Прага, 2014 год).

Физиология кафедрасының оқытушылары жыл сайын өздерінің біліктіліктерін мемлекет ішінде және шет елдерде арттырып отырады

Физиология кафедрасының профессоры Конкабаева А.Е. Санкт-Петербург қаласында біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.

2015 жылы биология-география факультетінің деканы доцент, б.ғ.к. Айткулов А.М. Англияда (Newcastle University) тағлымдамадан өтті.

2016 жылдың мамыр айында физиология кафедрасының меңгерушісі доцент б.ғ.к. Тыкежанова Г.М. Ницца қаласындағы (Франция) София Антиполис университетінде тағлымдамадан өтті.

Ғылыми бағыттар

Физиология кафедрасыда “Экология – генетикалық зерттеулер” атты ғылымы-зерттеу зертханасы қызмет етеді.

“Экология – генетикалық зерттеулер” ғылымы-зерттеу зертханасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және студенттер мен әріптестермен тәжірибе өткізу үшін, сонымен қатар студенттермен, магистранттармен дипломдық жұмыс және магистерлік диссертация жазу мақсатында құрылған.

Ғылыми зерттеу жұмысы Санкт – Петербург мемлекеттік университеті, жалпы физиология кафедрасы, биология-топырақ факультеті, А.А. Ухтомский атындағы физиология ҒЗИ мен бірігіп жасалған құрылымдық зертхана – фунционалдық бейімділік жоба құрамында жүргізілуде

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті қызметкерлері және физиология кафедрасының оқытушылары

Санкт – Петербург мемлекеттік университеті, жалпы физология кафедрасы, биология-топырақ факультеті, А.А. Ухтомский атындағы физиология ҒЗИ мен бірігіп жасалған құрылымдық зертхана – фунционалдық бейімділік, ғылыми зерттеу жұмысы жөнінде 6-жылдық мерзімге арналған қызметтестік (ынтымақтастық) келісімшартқа қол қойылған.

Жобаның мақсаты: өндірістік аймақтардың студенттерін денсаулығын және функционалды қорларын қолайсыз экологиялық жағдайдағы заманауи стрестік әсер етушілік және түзетілген технологияға бейімділік потенциалын салқын – гипокси – гиперкапникалық әсер етушілігін бағалау және болжау болып табылады

Студенттердің кешенді тексеруден өткізу: биохимиялық және функционалдық көрсеткіштерді анықтау (тағайындау), ағзадағы өзгеріс бейімділігін объективтік суретін мақсатты анықтау; функционалдық параметр кардиореспирторлық, жүйке және гормондық жүйе, активизация механизмін бейімдеу деңгейі көрсеткіші, дезадаптация (бейімделмеушілік) деңгейін және азаю бейімділігінің ағза қорын меңгеру;

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті жанындағы А.А.Ухтомский атындағы Физиология ҒЗИ, б.ғ.д. Т.И.Барановамен зерттеудің қортындысын талқылау.

Негізгі міндеттер: ағзаның жағдайын бағалау, және де түзетілген технология көмегімен бейімділік потенциалын жоғарылату, қолайсыз экологиялық аймақтар халқының денсаулығын жақсарту, мониторинг жасау үшін керек.

Алға қойған міндеттерді шешуге 4 репрезентативтік топ Қарағанды облысының (Теміртау қаласы, Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ ауылы, Балқаш қаласы) экологиялық қолайсыз аймақтардың студенттері біріктіріліп, түзетілген бейімділік потенциялын зерттеу үшін (салқын-гипокси – гиперкапникалық әсер етуші) осы зерттеулер жүзеге асырылады.

Жүрек соғысының вариабельділігін анықтау үшін компьютермен жабдықталған «Варикард» кешендік аппаратымен студенттер ағзасына зерттеу жүргізілуде.

 

 

2011 жылдың, маусым айында б.ғ.д., Т.И.Баранова с.н.с. құрылымдық зертхана, функционалдық бейімділік жалпы физиология кафедрасы, биология-топырақ факультеті, А.А.Ухтомский атындағы Физиология ҒЗИ және «Экологиялық генетикалық зерттеулер» қызметкерлері оқу-зерттеу зертханасында бірігіп зерттеулер жүргізді және алынған материалды өндеу түзетілген технология бейімділік потенциалын жоғарлату технологиясын енгізу (салқын-гипокси-гиперкапникалық әсер ету)

2 курс магистранты Канафина Б.А. «Кресттәрізді жоғары лабиринтті» тест арқылы егеуқұйрықтардың мінез-құлықтық реакцияларын зерттеу жүргізу  барысында.

Физиология кафедрасының оқытушылары жыл сайын өздерінің біліктіліктерін мемлекет ішінде және шет елдерде арттырып отырады.

Физиология кафедрасының профессоры Конкабаева А.Е. Санкт-Петербург қаласында біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.

2015 жылы биология-география факультетінің деканы доцент, б.ғ.к. Айткулов А.М. Англияда (Newcastle University) тағлымдамадан өтті.

2016 жылдың мамыр айында физиология кафедрасының меңгерушісі доцент б.ғ.к. Тыкежанова Г.М. Ницца қаласындағы (Франция) София Антиполис университетінде тағлымдамадан өтті.

2016 жылдың мамыр айында м.ғ.к., доцент Нугуманова Ш.М. «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.

1 қарашадан 15 желтоқсан аралығынад физиология кафедрасының  докторанты  Нурлыбаева К.А. ҚР БжҒМ бағдарламасы бойынша тілдік тағлымдамадан (ағылшын тілі, деңгейі-А2) өтті (Қарағанды қ. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ).

2017 жылдың 27 ақпаннан 4 наурыз аралығында физиология кафедрасының ПОҚ «Интегриацияланған курс: биологиялық зерттеулердің заманауи аспектілері (ботаника, зоология, физиология және биотехнология)» тақырыбында біліктілікті жоғарылату курсынан өтті)» (Қарағанды, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, қосымша білім беру факультеті).

Зерттеудің қорытындысы ғылыми мақалалар түрінде халықаралық конференцияларда алыс және жақын шет елдерді жарияланды:

Соңғы 3 жылда 138 ғылыми мақала, жалпы көлемі 92,25 п.л. Олардың ішінде 58 мақала шет елде, жалпы көлемі 47,8 п.л. Импакт-факторы бар журналдарға 9 мақала шықты, жалпы көлемі 4 п.л.

Зерттеудің қортындысы бойынша, зертхана қызметкерлерімен бірігіп бакалаврлармен және магистранттардың дипломдық жұмыстар және магистрлік жұмыстар қорғалды.

Зерттеу жұмысынан басқа зертхана құралдар студенттердің тәжіребиелік жұмыстарын, төмендегідей пәндерде қолданады: Адам және жануарлар физиологиясы», физиология, жүрек физиологиясы және қан айналым зерттеу әдістері тарауларында; «Физиологиялық механизм бейімділігі» жүрек- қан тамырлары жүйесінде дене қозғалысына салмақ, стресс және стрестік әсер ету бейімділігі.

Кафедрада магистр-экология мамандарын (мамандық– 6MО60800- Экология) дайындуға дайындық жүргізіліп жатыр

 

Физиология кафедрасының түлектері

Тәрбиелік жұмыс

Кафедрада тәрбие жұмысы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің 2015-2020 жылға арналған тәрбие жұмысы бойынша жүргізіледі: азаматтың-отаншылдық тәрбиесі, саяси-құқық тәрбиесі, рухани-адамдық тәрбиесі, зияткерлік-шығармашылдық тәрбиесі, физикалық тәрбие, салауатты өмір салтының тәрбиесі және экологиялық еңбек тәрбиесі.

Тәртіптің басты мақсаты құрылым даму үшін рухани және физикалық отаншылдық, әлеуметтік, толеранттық, шығармашыл белсенді тұлға болып табылады. Студенттер белсенді болу үшін әр түрлі,яғни олимпиадалар, концерттер, турнирлар, акциялар, митингтар ұйымдастырылады.

Физиолгия кафедрасының оқытушылары ҚарМУ-да өтетін әр түрлі шараларға белсене қатысады. Кураторлық сағаттар,факультет бойынша әңгімелесу ұйымдастырады,жатақханаларда Республикалық символмен акциялар өткізеді. «Молодежь выбирает ЗОЖ», «Здоровое поколение- будущее нации», «Экология – Чистота – Здоровье» т.б. Физиолгия кафедрасының оқытушылары биология-география факультетінің студенттерімен түрлі кештер, интеллектуалдық ойындар, жатақханада жарыстар өткізеді

Физиология кафедрасының оқытушылары студенттермен бірге сенбілікте

Кафедра оқытушылары Наурыз мерекесін тойлауда

Студенттерге арнау мерекесі

Top