РӘОК оқу-әдістемелік бірлестігі

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім беру», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Қызметтер» мамандықтар топтары мен дайындық бағыттары бойынша

Оқу-әдістемелік бірлестігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Бастапқы әскери дайындық», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Әлеуметтік жұмыс», «Дайындық бөлімі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ)

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «5В010400, 6М010400, 6D010400 Бастапқы әскери дайындық», «5В074800, 6М074800, 6D074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «5В090500, 6М090500, 6D090500 Әлеуметтік жұмыс», «Дайындық бөлімі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен нысандарының білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету және қолдау бойынша бірлесіп жұмыс жасау үшін профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тартуға бағытталған жұмысты ұйымдастырады және бақылайды.

ОӘБ төрағасы – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Көбеев Еркін Қиноятұлы.

ОӘБ төрағасының орынбасары – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Каргин Серғали Төлеубекұлы.

ОӘБ хатшысы – Қажыкенова Рахат Қанатқызы.

ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары

Алға қойылған міндеттерді орындау үшін ОӘБ:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге қатысады.

Жоғары оқу орындарын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таңбасы бар оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығаруға арналған тақырыптық жоспарларды қалыптастыруға қатысады.

РОӘК ОӘБ таңбасымен басылымға дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарының жазбаларын рецензиялауды ұйымдастырады. РОӘК ОӘБ таңбасын беру рәсімі тиісті мамандықтар тобы мен дайындық бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен ұйымдастырылатын оқу басылымын сараптау арқылы жүзеге асырылады.

ОӘБ қызметін басқару және ұйымдастыру

ОӘБ өз қызметін оның құрамына кіретін барлық мүшелерінің тең құқықтығы, басшылық алқалылығы, қабылданатын шешімдер жариялылығы қағидаттарына сүйене отырып құрады.

ОӘБ кеңесінің отырыстары жылына кем дегенде 2 рет өткізіледі.

Білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар: 

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы.
  2. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары.
  3. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты(2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен).
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығы.
    Байланыс деректері:Университет к-сі, 28, тел.: 8 (7212) 77-03-84, 77-00-54 . E-mail: office@mail.ksu.kz

ОӘК

2017-2018 оқу жылына арналған Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасындағы ОӘБ жұмысының жоспары

Бастапқы әскери дайындық
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Әлеуметтік жұмыс
Top