Онлайн курс

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақ тілі практикалық курсы кафедрасы оқытушыларымен ұйымдастырылатын «КАЗТЕСТ тапсыруға дайындау», «Қазақ тілін жеделдете оқыту» және «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» онлайн курсына тыңдаушыларды шақырады. Байланыс телефоны: 87014726403, 8721277-04-32(117) e-mail: beibarys@mail.ru

Олимпиаданың мақсаты:

  • қазақ тілінің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін тіл саясатын жетілдіру;
  • қазақ тілін қолданудың мәртебесін нығайту;
  • қазақ тіліне деген сұранысты арттыру;
  • өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру.

Өткізілу ережесі:
Олимпиада тілі: қазақ
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:

1 кезең – іріктеу кезеңі, 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары ұсынылады.
Әрбір қатысушының тілдік деңгейі ескеріледі. Қорытындыдан кейін нәтижеге сәйкес 2- кезеңге өтетін қатысушылар анықталады.

2 кезең – негізгі кезең, бірақ бұл кезеңге тек іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар қатыса алады.  Кезең тек  1 күнде өткізіледі. А1, А2 деңгейі үшін «Менің досым» атты шағын мәтін құру(8-10 сөйлем), В1, В2 деңгейі үшін  «Ана тілім» тақырыбында шығарма жазу(13-15 сөйлем), С1,С2 деңгейі үшін «Көп тіл білсең, көкжиегің кеңейер» тақырыбына эссе жазу (18-20 сөйлем).
3 кезең – қорытынды кезең,  бұл кезеңде скайп арқылы қатысушымен сұхбат жүргізіледі.  Сұхбаттасу тақырыбы еркін. Бірақ  қатысушылардың тілді білу деңгейлері ескеріледі. Осы кезеңнің нәтижесі бойынша қорытындылар шығарылып,  дипломдар беріледі.

Олимпиаданың талаптары:                     

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы керек.
  • Жауап парақшасын толтыру кезінде жауапкершілікпен толтырған абзал.
  • Барлық қажетті жауап кестесін толтыру міндетті.

Тiркелу сайты olimp.ksu.kz

Top