Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Құрметті қазақстандықтар!

 Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.

Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.

Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.

Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Құрметті отандастар!

Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіпбрендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық.

2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.

Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық.

Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.

2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті.

Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты.

Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті.

Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді.

Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.

Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.

Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революцияэлементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.

Мұның өзіндік сын-қатерлері демүмкіндіктері де бар.

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.

Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

 

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды.

Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ.

Сонымен қатар индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.

Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.

Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс.

Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек.

Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді.

Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс.

«Алатау» инновациялық технологиялар паркінің қызметін ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарау қажет.

Нақты сектордың жаңа технологияларға деген сұранысты ынталандыруы және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметі инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі факторлары болып саналады.

Бұл үшін тиісті заңнама қажет.

Бұдан бөлек, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр.

Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудырады.

Босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтау керек.

Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.

2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.

 

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.

Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.

Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет.

Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.

Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті.

Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.

Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді.

Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық.

Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілді.

«Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды.

Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қаттықалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.

Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етеді.

 

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік.

Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.

Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.

Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.

Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс.

Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет.

Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек.

Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық біліммен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі.

Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады.

Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетукерек.

Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс.

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.

Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.

Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.

5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығыөнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын.

 

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.

Бұл туралы көп айтылды.

Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады.

Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр.

Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.

Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервінанықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады.

Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет.

Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады.

Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.

Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.

Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.

 

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.

Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.

Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады.

Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек.

Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды,сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдердіқолдану керек.

Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет.

Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек.

Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады.

Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек.

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажет.

 

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.

Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.

Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.

Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.

Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?

Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижеліболуға тиіс.

Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.

Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын.

Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын.

Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.

Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады.

Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі.

Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиіс.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларын IPO-ға табысты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.

 

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Білім берудің жаңа сапасы.

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.

Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.

Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.

Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.

Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.

Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.

Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек.

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек.

Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.

Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.

Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.

Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.

Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.

Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.

Орыс тілін білу маңызды болып қала береді.

2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.

Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануғада мүмкіндігі болады.

Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады.

Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.

Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.

Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.

«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.

Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.

Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек.

Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады.

Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.

Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек.

Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет.

Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс.

Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек.

Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді.

Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.

Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет.

Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.

«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

 

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланыстымедициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.

Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.

Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.

Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек.

Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.

Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар.

Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.

Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет.

Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс.

Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.

Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.

Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі.

Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.

Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.

Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек.

Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.

Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.

Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.

Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.

Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.

Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.

Барлық негізгі мамандық бойынша  заманауи стандарттар әзірлеу қажет.

Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді.

Кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарламаларды жаңарту керек.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады.

Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.

Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.

Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.

Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.

Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады.

Еңбек кітапшаларын да электрондық форматқа көшірген жөн.

Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған.

Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.

Осыған орай, барша қазақстандықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады.

Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмеккөрсетудің жаңа тәртібіне көштік.

Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді.

Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек оларжұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.

Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі.

 

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.

2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді.

Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерініңжалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өсті.

Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды.

Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.

Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.

Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.

Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады.

2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.

Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.

Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.

Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.

 

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.

Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландырудықамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.

Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды.

Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде.

Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетіндайындауға тиіс.

Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет.

Әкімшілік шығындарды азайту үшін  ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігіншебіріктіру керек.

Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет.

Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады.

Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырамын.

Өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашу керек.

Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс.

Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керек.

Фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген.

2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.

Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.

Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс.

Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек.

Бүгінде киберқауіпсіздік ұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегенді де білдіреді.

Осы және өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс.

 

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.

Көп жұмыс істеліп жатыр.

Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.

Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.

Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.

Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.

Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.

 

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.

Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.

Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.

«Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.

Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.

Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.

Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.

«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.

Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.

Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты  нақтылай түсті.

Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.

Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

Тарих факультетінің доценті Бейсенбекова Н.А.

Тарихшылар Жолдауды қолдайды

 

2018 жылдың 9 қаңтарындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген Жолдауында әлемдік бәсекелестікте дамыған отыз елдің қатарына кірудің айқын жолдарын көрсетіп берді.

Жолдаудағы он басымдылық бүкіл Қазақстан халқына еліміздің алдында тұрған және атқарылуға тиісті экономикалық, рухани, технологиялық іс-шараларды нақтылайды.

Қазба байлығы өте мол Қазақ жерінде жаңа технологиялар негізінде индустрияландыру жұмыстарын жаңа сатыға көтеру керек. Оған біздің елімізде барлық мүмкіндіктер бар екендігін айта келе, Президент кәсіпорындарға цифрландыруға бағытталған жаңа технологияларды кеңінен енгізіп, қазақстандық өнімдерді әлемдік стандартқа сай шығару керектігін ерекше атады. Ол үшін жаңа технологиялармен дайындалған құрал-жабдықтарды әзірлеп, сыннан өткізу міндетінің ерекшелігін көрсетіп берді.

Табиғи ресурстарға бай біздің еліміз, ХХІ ғасырдағы әлемнің осы ресурстарға деген мұқтаждығын тиімді пайдаланып, экономиканы дамытуға барлық жағдайды жасау керек. Осы бағытта бүгінгі табиғи ресурстарды игеру, индустриализацияны ұйымдастыруды әлемдік талапқа сай құру керек деген ұстанымы біздің еліміз үшін өте маңызды.

Бүкіл әлемге Қазақстанның энергетикалық қуатының мүмкіншілігін көрсеткен ЭКСПО-2017 көрмесіндегі балама «таза» энергия саласын дамытуға ұлттық ғылымды бағыттап, қолдау көрсету керектігі дер кезінде айтылған терең ойлардың бірі.

Елбасының Жолдауында әлемдегі «жасыл» технология әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалана отырып, әр өңірде экологиялық тазалықты сақтаудың маңызыдылығын көрсете келіп, бүгінгі экологиялық кодекстерге өзгерту енгізуді тапсырды. Бұл міндет Ұлы дала еліндегі табиғи үйлесімдікті сақтап тұрудың бірден бір жолы екендігін көрсеткен жақсы міндет деп санаймыз.

Бүгінде кең байтақ қазақ даласында дәнді дақылдардың әр түрлері өсіріледі. Ол өнімдер ішкі тұтынуды барынша қаматамасыз ете алады. Алайда, сол шикізатты ғылыми негізде сапалы қайта өңдеп, әлемдік стандартқа сәйкестендіріп, экспортқа шығарып, Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында лайықты орын алатындығын Президент көрсетіп берді. Ол үшін экономиканың аграрлық саласын жаңа технологиялар, озық білім мен тәжірибелер және ауыл шаруашылық кооперативтерін қолдау арқылы дамытудың жолдарын айқындады.

Еліміздің шығысы мен батысын, оңтүстігі мен солтүстігін бір-бірімен байланыстырып тұратын «Нұрлы жол» бағдарламасы бүгінде өз нәтижесін беріп келеді. Осы бағдарламаны жетілдіру арқылы көлік, логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру нақтыланды. Ол үшін еліміздің аумағынан өтетін барлық жүк қозғалыстарының кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасайтын жаңа технологияларды енгізуді жетілдіру және тездету міндеттерін де түсінікті түрде баяндап берді.

Бұдан 20 жыл бұрын еліміздің астанасын Целиноград қаласына көшіру туралы шешім қабылдауы Елбасының көрегендік саясатының нәтижесі. Бүгінде Астана қаласы құрылыс пен коммуналдық сектордың озық заманауи технологияларының негізінде дамып келе жатқан қалалардың бірі болып табылады. Осындай жетістіктерді Қазақстанның барлық аймағындағы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруда пайдаланудың қажеттігін өмірдің өзі талап етуде. Осы идеяны жалғастырудың көрінісі Жолдаудағы халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті болып саналады. Осы орайда Президент құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи отандық құрылыс материалдарын және жоспарлаудың озық үлгілерін кеңінен пайдалану қажеттілігін атап көрсетті. Бұның өзі Отандық құрылыс материалдарын шығаруға мүмкіндік береді және ұлттық архитектураның дамуына жол ашады.

Жолдаудың халық мүддесін ойлаған тағы бір басымдылық бағыты – қаржы секторына байланысты. Осы тұрғыда банктердің жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге несие берудегі іс-әрекеттерін қадағалау, азаматтардың мүдделерін қорғауға мемлекеттік кепілдік беру мәселесін өте жақсы көрсетіп берген.

Біздің пікірімізше, Жолдаудың барлық басымдылықтары халықтың мүддесіне сай келеді. Соның ішінде ерекше тоқталатын адами капитал – жаңғырудың негізі деп аталатын міндеті.  Өйткені, білімде де, өндірісте де, ауылшаруашылығында да, тұрғын үйді де, көлік, логистика және стратегиялық маңызды барлық салаларды дамытатын адам. Жаһандану заманында білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеру адами капиталды жетілдіру қоғамдағы рухани жаңғыртудың кепілі болып табылады. Осының мәнін жоғары бағалаған биылғы Жолдауда Елбасы Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалатындығын көрсетеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру үшін жаңартылған бағдарламалар дайындау, орта білім беру саласында бағдарламаның мазмұнын жаңарту және жаңа оқулықтар дайындау. Осының барлығын іске асыратын заманауи технологияны, үш тілді меңгерген ұстаз мамандардың жалақыларын көтеру мәселесі де өз шешімін тапқан. Бүгінде жас ұрпақтың жан-жақты заманауи білім алуы үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіншілік жасалып жатыр.

Заман талабына сәйкес кәсіптік техникалық білім беруді жетілдіру арқылы жастарға өнеркәсіп саласына қажетті мамандықты игеруге мүмкіндік беру үкіметтің басты міндеті деп көрсетілген.  Бұның өзі жастарға болашақта өз жолдарын табуға мүмкіндік беретін игі бастама.

Президент Жолдауындағы өте қажетті маңызды міндеттердің бірі барлық қазақстандықтарға оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім алуға мүмкіндік беретін іс шаралардың негізі үздік оқытушылардың видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетке орналастыру арқылы іске асыру болып табылды.  Бұны іске асыруға да елімізде барлық жағдайлар жасалған.

Металлургия, мұнай–газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және ІТ технологиялар салаларын дамытуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарындағы ғылымды дамыту керек деген міндеттің маңыздылығы зор деп санаймыз.

Жолдаудағы құнды стратегиялық маңызды міндеттердің ішінде білім беру саласына экономиканың жеке тармағы ретінде қарау керек деген тұжырым өте құнды. Себебі, жоғары оқу орындары инвестициялық жобалар жасай алатын экспорттық әлеуеті бар ғылыми орталық екендігі даусыз. Осы орайда жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік беру, оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіруге күш салып шетелдік менеджерлерді тарту мәселесі де айқын көрсетілген. Өйткені, жоғары оқу орындарындағы зиялы қауымның, ғалымдардың экономиканы, мәдениетті және идеологиямызды дамытуға, рухани жаңғыруға үлес қоса алатын әлеуеті бар екендігі айтылады.

Биылғы Жолдауда Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын жақсартудың жолдары, зейнетақы мәселесі, білім алу, денсаулық сақтау және экономиканың барлық саласын заманауи талапқа сәйкес мемлекеттік басқару ісінде атқарылған жетістіктерін көрсетіп, болашақтағы міндеттерін айқындалды. Дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін мемлекеттің барлық саласында ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жетілдіру міндеті де қойылды. Яғни, жемқорлыққа жол бермеу және онымен күресу мәселесі де айтылды.

Елбасы өз Жолдауында Астана қаласының 20- жылдығын атап өтетіндігі айта келе, бас қаланың әлемдегі мәдени орталықтардың қатарынан табылуы үшін заманауи технологиялар қолданып, мегаполистерді жетілдірудің жаңа тұжырымдамасын жасауды міндеттеді. Ондай тұжырымдамаларды жасай алатын біздің ұлтымыздың барлық мүмкіндігі бар.

Сонымен, қорыта айтқанда, Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы көрсетілген ұлтымыздың дамуы  үшін өте маңызды он міндетін тарихи маңызды құжат деп санайды. Жолдаудың барлық тармақтары бүкіл қазақстандықтарға елдің болашағы үшін атқарылатын бүгінгі күнгі ауқымды істерге белсенді түрде араласудың қажеттігін көрсетеді.

Тарих факультетінің доценті Бейсенбекова Н.А.

Аға оқытушы Сақабай Т.Қ.

Аслан Кабегенов, студент Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова

Только вперед!

Современные технологии меняют мир. Глобальные технологические сдвиги несут в себе как вызовы, так и новые возможности роста. Это наш шанс для ускоренного вхождения в число 30-ти наиболее развитых стран мира. Послание Президента посвящено развитию страны в условиях промышленной революции. Глава государства назвал 10 основных задач, которые нам предстоит реализовать. Первое. Казахстанская индустрия и внедрения новых технологий. Нашей промышленности нужно повысить уровень производительности труда. Второе. Следует значительно улучшить эффективность использования ресурсного потенциала. Требуется внедрение информационно-технологических решений. Третье. Нужно поднять агропромышленный сектор на высокий уровень через внедрение новых технологий в сельскохозяйственной отрасли. Четвертое. Транспорт и логистика. Пятое. Применение современных технологий в строительстве и ЖКХ. То есть это новые методы строительства. Шестое. «Перезагрузка» финансового сектора. Меры по оздоровлению банковской системы, усиление надзора и учет интересов граждан. Седьмое. Новое качество человеческого капитала. Все уровни системы образования должны отвечать современным реалиям и потребностям экономики. При этом нужно повысить престиж профессии учителя. В здравоохранении применение новых технологий должно существенно улучшить профилактику и лечение болезней, повысить качество медицинского обслуживания. Восьмое. Государственное управление. Цифровые технологии позволят повысить качество госуслуг и господдержки, более полно учитывать потребности граждан. Девятое. Верховенство закона и борьба с коррупцией так же остаются направлениями государственной политики. Десятое. Внедрение технологий «Смарт сити».

Таким образом, наш Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев определил стратегические направления развития Казахстана. Уверена, что наша молодежь будет в авангарде этих эпохальных преобразований.

Аслан Кабегенов, студент Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова

Дастан Бақытбекұлы Көшербаев, Е.А. Бөкетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, саясат ғылымдарының андидаты, доцент

Жолдау – елдің келешегі

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауында елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған елеулі тұжырымдар жасалды. Жаңа өндірістік революция заманауи технологияларды жете игерген мемлекеттерді дамудың шыңына шығарады. Осындай тарихи мүмкіндікті Қазақстан да жіберіп алмауы керек. Сондықтан бүгінгі күнгі озық технологиялар мен жаңашыл ойларды жетік игерген, өзін де, елін де таныта алатын азаматтарды тәрбиелейтін, адами капиталды қалыптастыратын тиімді жүйені мемлекет қалыптастыруы керек.

Әлемдік озық технологияларды игеру бойынша көш керуен алда келе жатқан елдердің адами капитал қалыптастыру тәжірибесін саралай отырып, өзімізге лайық деген жетістіктерін байыппен енгізгені жөн. Оның ішіндегі негізгі салмақ ұлттық білім беру жүйесіне түспек. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, алға дамыған білім ғана елдің инвестициялық тартымдылығын қалыптастырады және технологиялық дамуын қамтамасыз етеді.

«Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты» – дейді Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Яғни, ақпараттанған заманда ғаламдық технологиялық көшке ілесе алуымыз бүгінгі заманауи ақпараттық жетістіктерді игере алуымызға байланысты. Мұны жете түсінген Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінгі өзгермелі қоғамға бейімделген жастар қатарының артуы аталмыш бағдарламаның тиімді жүзеге асуына байланысты екендігі сөзсіз.

Жолдауда қойылған 10 міндет Нұрсұлтан Назарбаевтың алдыңғы Жолдауларында алға қойған елеулі саяси істерімен үндеседі және уақыт талаптарына сәйкестелінген логикалық жалғасы. Интеллектуалды әлеуетімізді, қаржылық, техникалық ресурстарымызды Елбасы көтерген міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыруымыз керек. Тек сонда ғана өзінің дербес ұлттық рухы, мәдениеті, тарихы, санасы дамып жетілген өркениетті ұлт есебінде жалпы адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, әлемнің дамыған 30 елімен терезесі тең мемлекет ретінде иық тірестіре аламыз.

Дастан Бақытбекұлы Көшербаев,

Е.А. Бөкетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, саясат ғылымдарының кандидаты, доцент

Наргиз РАХИМГЕРЕЙ, «Жас Отан» ЖҚ, ҚарМУ студенті

Тек қана алға!

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауында жылдың бастамасы ретінде халыққа үндеу тастады. Бұл үндеуде жалпы Қазақстанның, ел экономикасының, оның бір қатар салаларының  дамуын қамтамасыз ететін басты итермелеуші фактор – 4.0 модернизациясын ұсынды.  Жалпы модернизацияның ішінде 10 бағыт айқын аталып көрсетілді. Оның ішінде бізге ең керегі, ең қатыстысы барлығы екенін түсінем, бірақ адам капиталының сапасын жоғарылату қоғамға қажетті дүниелердің бірі болып есептеледі. Мысалға алатын болсақ, күні кешеге дейін жасалып келген зейнетақыны өсіру, қаржы саласын, ішкі инфрақұрылымды, 2,3 модернизацияда жсалған нәтижелерді әрі қарай дамыту – қоғамның жаһандануға ілесе алуының алғышарттары болып табылады. Басты назар аударатын нәрсе, егер алдыңғы қадамдарда билікке, оның тармақтарына, заң жобаларына көбірек көңіл бөлінсе, осы модерницазия көлемінде көбінесе мемлекет пен халық арасындағы байланысты орнатуға, қоғамның біртұтастығын нығайтуға, заңның басымдылығын жете түсіндіруге, осылайша мемлекеттік тиімділікті арртыруға бет бұрып отыр. Негізінен, бұл жобадағы басты бағыттар ертеңгі күнде Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 мемлекетің қатарына қосылуына, еліміздің жарқын болашағы жолында басқа да мақсаттарына қол жеткізуіне сенім қалыптастырады. Осы аталған бағыттарды іс жүзінде дамытуға қоғам болып әрқайсысымыз үлес қосатын болсақ, бұл Жолдау да табысымыздың ұйытқысы, жасампаздығымыздың елшісі болмақ.

Наргиз РАХИМГЕРЕЙ,

«Жас Отан» ЖҚ, ҚарМУ студенті

Е.А. Бөкетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің деканы Смағұлова Гүлнара Мұратбекқызы

Елбасы Жолдауы – білімге қолдау

Жыл басында Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. Жарқын болашаққа бастайтын батыл қадамдарды арқау еткен бұл Жолдаудың да маңызы ерекше. Президент қарқынды экономикалық даму жолына бет алған еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясын жүзеге асырып, Жүз нақты қадам Ұлт жоспары бойынша реформаларды сәтті жүргізіп, индустрияландыру саласын өркендету жолында да жүйелі жұмыстар атқарғанын атап айтты. Өткен жылы Үшінші жаңғыру аясында Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ал биылғы Жолдау Төртінші Индустриалды Революция жағдайындағы елдің дамуына арналады. Елбасы алдағы уақытта атқарылатын 10 негізгі тапсырмаға тоқталды. Сол негізгі тапсырмалардың бірі – «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы».

Білім қай кезде де маңызды. Білім, ғылымсыз даму жоқ. Бұл жолғы Жолдауында да Елбасы білім мәселесіне баса назар аударды. Білімнің негізі мектептен қаланады. Осыны басты назарда ұстанған Мемлекет басшысы мұғалім мәртебесін арттыру бүгінгі дамыған елдердің қатарына қосылуға тікелей ықпал ететінін айта келе, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен, яғни халықаралық стандарттарға сай келетін білімді, білікті ұстаздардың лауазымдық жалақысын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға  көбейтуді тапсырды. Бұл енді ұстаз еңбегі оның білімімен, біліктілігімен өлшеніп, соған сай бағаланады деген сөз.

«Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады», деді Елбасы. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша сапалы білім алған түлектердің санын арттыру қажеттігіне тоқтала келе, «Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек. Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі. Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет», деді Елбасы. Жастарымыздың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жас ғалымдарымызға қолдау көрсету мақсатында жүйелі саясат жүргізілетінін және ғылыми гранттар аясында квота бөлу керектігін алға тартты. Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кездің келгенін, білім беру бағдарламаларын жасау барысында жоғары оқу орындарына көбірек құқық беріліп, олардың академиялық еркіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітілуі керектігі айтылды. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салу, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тарту, әлемдік университеттердің кампустарын ашу  — бүгінгі күннің қажеттілігі. Елбасы өз Жолдауында мәдениеті мен идеологиясы дамыған әлеуеті мықты, рухани тұрғыдан жан-дүниесін жаңғыртқан, өзінің шыққан тегін, тарихын, тілін, дінін білетін, заманға сай бейімделген,  бірнеше тілді еркін меңгерген озық ойлы қазақстандық қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс екендігін қадап айтты.

Е.А. Бөкетов атыңдағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің деканы Смағұлова Гүлнара Мұратбекқызы

Тажбаев Еркеблан Муратович, доктор химических наук, профессор, декан химического факультета Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова

Условие успешной модернизации –

современные технологии в образовании и науке

 «Современные технологии меняют мир. Глобальные технологические сдвиги несут в себе как вызовы, так и новые возможности роста. Это наш исторический шанс для ускоренного вхождения в число 30 наиболее развитых стран мира», – так заявил Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев в своем новом Послании к народу Казахстана. Послание от 10 января 2018 года посвящено развитию страны в условиях Четвёртой промышленной революции.

В Послании особенно отмечено новое качество человеческого капитала, потому что сложно говорить о модернизации, если отсутствуют ресурсы для развития человеческого капитала. Фундаментом здесь выступают сферы здравоохранения и образования, которым следует уделять особое внимание. Глава государства отмечает, что «все уровни системы образования должны отвечать современным реалиям и потребностям экономики. Нужно повысить престиж профессии учителя». Президент продолжает идею Послания прошлого года «Модернизация и развитие Казахстана в условиях технической революции» и в условиях мировых изменений в целом еще раз акцентирует внимание, что необходимо сделать в первую очередь, чтобы наша страна совершила рывок в своем развитии.

Особо отмечено, что сейчас мир стремительно развивает технологии, то есть происходит технологическая революция. Казахстану крайне необходимо быть в тренде этих изменений. В этом контексте Президент предлагает те конкретные меры, которые необходимо предпринять Казахстану, чтобы не отставать в технологическом и экономическом направлениях. То есть речь идет о том, чтобы усилить, повысить производительность труда в сфере информационно-коммуникационных технологий. На это нацелены и программы, которые принимаются в Казахстане. Например, «Цифровой Казахстан». В результате всех изменений Казахстан должен стать конкурентоспособнее. К этому же нужно привести и сферу образования за счет повышения зарплат тем учителям, которые готовы пройти переквалификацию по новым современным программам. Наша образовательная сфера должна быть конкурентоспособной, соответствующей современным трендам и требованиям времени. Суть этих изменений заключается в том, чтобы в конечном итоге соответствовать парадигме «Индустрии 4.0», то есть тому, что сейчас происходит в мире.

В этой связи полагаю, что основная задача академического сообщества, как профессорско-преподавательского состава, так и студентов, поддержать данную парадигму развития новыми открытиями в сфере информационных технологий, прикладных разработок, способствующих осуществлению еще одной важной задачи поставленной Нурсултаном Абишевичем – внедрение технологий «Смарт сити», которые позволят эффективно решать проблемы растущих городов и повышать их привлекательность для инвесторов.

Тажбаев Еркеблан Муратович, доктор химических наук, профессор, декан химического факультета Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова

Елбасы жолдауы – ел игілігі үшін...

Қазақстанның жаңа ғасырда дамуы мен өрлеуіне себепші болған ұлт Көшбасшысы, ел Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа кезекті жолдауы жолданды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атауымен бастау алған ұлт жоспары көңілге қонымды. Әр тармағы орынды. Жаңа технологиялық қалыпқа түсуіміз, заманауи құрылғылар мен жүйелерге тез бейімделіп, жастарды білім мен тәрбие бағытынан бөлек, ізденгіш, бәсекеге қабілетті маман етіп даярлау – басты міндеттердің бірі.

Елбасы жолдауы 10 нақты міндетті алға қойған. Сол міндеттердің әрқайсысы да ел игілігі үшін аса маңызды, бағалы құндылықтар. Мәселен, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екендігін айқын ашып түсіндірген. Бұл қолдауға тұрарлық бастама. Сонымен қатар, Елбасы көрсеткен барлық міндеттерді қамтыған салалар бойынша алдағы атқарылатын жұмыстардың орасан екеніне көзім жетті. Әсіресе, жастарға білім беру жолындағы мектептер, колледждер мен ЖОО-на қойылған талаптар көңіл толтырады. Жаһандық ғылым жүйесінде емін-еркін жұмыс жасау үшін білім алушыларға үш тілде сөйлеуге, оқуға берілетін мүмкіндіктер бар. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленсе, кейін осы тақырып бойынгша кездесетін мәселелерді шешу оңай болмақ. Латын әліпбиіне көшу – терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату екенінде дәлелдермен түсіндірді.

Жастарға жұмыс беру мен алғашқы мамандықты беруде үкімет атқаратын міндеттің маңызы өте зор. Ендеше, келешек жастардың қолында болса, Үкіметіміз сол жастарға келешектің кілтін табуға мол мүмкіндік береріне сенімдімін.

Елбасының бүгінгі таңға дейін атқарған жұмыстары мен игілікті істерінің барлығы да ел игілігі үшін екенін естен шығармаған абзал. Игілікті іс жолында аянбай еңбек ету – басты мақсатымыз!

М.І.Әбдуов

Филология факультетінің деканы

Исторический шанс

В своем Послании к народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев сформулировал 10 основных целей, стоящих перед Республикой в условиях четвертой промышленной революции. Важно,  что обозначая дальнейшие шаги на пути Казахстана в число наиболее развитых стран мира, Послание последовательно развивает положения предыдущих стратегических документов, учитывает опыт их практической реализации.  Главные составляющие, которые продолжат определять направленность развития Казахстана – это необходимость активного внедрения инновационных технологий во все сферы жизнедеятельности государства и широкая социальная ответственность.

Президент обосновывает глубоко взаимосвязанные задачи повышения эффективности экономики. Это информатизация и цифроизация производственных процессов; приоритетность экологической и энергетической безопасности во всех секторах производства,  и прежде всего в сфере освоения природных ресурсов Казахстана; внедрение передовых бизнес-моделей.

Необходимость обеспечения современной экономики востребованными научно-техническими инновациями и высококвалифицированными конкурентоспособными трудовыми ресурсами требует формирования интеллектуально, физически и духовно развитого гражданина. Это вновь ставит вопрос о первостепенной значимости национального образования, на которую обращает внимание Президент. Его конечная цель – обеспечить новое качество человеческого капитала, соответствующего условиям постиндустриального общества: возрастающего влияния информационно-технологических факторов на скорость обновления рынка труда, его структуры, требований и запросов. Помимо предоставления необходимых знаний и формирования профессиональных компетенций, вуз должен способствовать развитию умений студента в области постоянного и непрерывного обучения, самообразования, от которых будут в дальнейшем зависеть способности выпускников к мобильности и адаптивности на динамичном рынке труда, их реальная подготовленность к трудоустройству и будущей карьере.

Исполнение в полном объеме социальных обязательств государства будет способствовать сохранению благоприятной социальной среды,  социального самочувствия граждан. Нурсултан Абишевич озвучил показатели динамики роста социальных выплат в Казахстане, сообщил о планируемом повышении пенсий, окладов учителей и работников других бюджетных сфер. Социальная ответственность также должна стать главным принципом оздоровления банковской системы страны, бизнеса в целом.

Решение десяти поставленных Президентом задач станет основой обновленной модели развития нашей страны, отвечающей современным требованиям к глобальной конкурентоспособности, даст возможность реализовать тот «исторический шанс» возможности роста, о котором говорит Глава государства.

Рымбек Муратович Жумашев, первый проректор Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова, доктор исторических наук, профессор

ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ 10 ТАПСЫРМАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз үшін аса өзекті 10 нақты мәселені көтерді. Еліміздің әлемдік дағдарыстың түрлі сынақтарынан сүрінбей өтіп, қарқынды экономикалық даму жолына бет бұрғанын жеткізген Елбасы: «Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деп халқымыздың бұған дейін жүріп өткен жолының табысты болғанын ерекше атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміздің әлемдік қауымдастықтан өзіне лайықты орын алуына көреген саясатымен қол жеткізген мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстан халқына 10 нақты негізгі міндетті атап көрсетті.

Президент Н.Ә. Назарбаев қазақстан экономикасын дамытуда индустрия мен жаңа технологияларды енгізуде әлемнің озық технологияларымен тең дәрежеде болуы керегі айтылып, өнеркәсіптегі өндірісті цифрландыруды тапсырды. Бұл дегеніміз енді ауыр өндіріс пен ауыл шаруашылығы және көлік пен логистика инфрақұрылымын дамытуда жаңа дәуірдің басталғандығын паш етеді. Заманауи технологияны дамытуда интеллектуалдық ақыл-ой мен ғылым мен білімнің озық жаңалықтарын өндіріске қарқынды түрде енгізіледі. Елбасының Жолдауындағы осынау жоғары міндеттерді жүзеге асырылуы Қазақстан қоғамының төртінші индустриалдық даму жолына түскенін көрсетеді.

Инттелектуалдық қоғам дамуының басты ұстанымы адам капиталы мен ақыл-ойының дамуымен өлшенеді. Елбасының берген нақты тапсырмаларында әлеуметтік салаларда жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысының өсетініне қосымша қаражаттың қарастырылатыны айтылды. Қаржы-экономикалық секторларға да ерекше бақылау мен талаптың күшейтетіні сөзсіз болатын болды. Мемлекет дамуынының негізгі көрсеткіші құқықтық-заңдық нормативтердің орындалуы қатаң түрде жүзеге асырыла беріп, жемқорлықпен күрес басым бағыт болып қалатына айтылды.

Осындай өзекті әрі кезек күттірмейтін міндеттерді орындауда қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының маңыздылығын жеткізген Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкімет пен әкімдерге Жолдауды халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырды. Биылғы Елбасының Жолдауында Қазақстан халқын дамудың жаңа белесіне алып баратын мақсат-мұраты айқындалды. Ендеше, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді 2050 стратегиясының басты міндеті санаған Қазақстан Республикасының мұраты айқын.

Нұртас Смағұлов,

 Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының

аға оқытушысы, PhD докторанты.

Елбасы жолдауындағы жаңа міндеттер

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 9 қаңтар күнгі Республикалық «Хабар» телеарнасы арқылы халқымыздың саясыи – экономикалық, әлеуметтік – рухани дамуының нақты он бағытын айқындаған жолдауының қысқаша мазмұны елімізде үлкен, ауқымды істердің басталуына тың серпін берері сөзсіз. Тәуелсіздіктің екінші 25 жылдығына қадам басып отырған еліміз үшін Президентіміздің бұл жолдауы Қазақстан халқына үлкен серпіліс туғызып, тың идеяларға ұмтылуына, рухани дамуына жаңа қарқын береді.

        Әсіресе, оқу ағарту саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бұл жолдаудағыжетінші бағыт – адами капитал сапасын жақсарту жөніндегі ойлары, атап айтқанда білім беру жүйесінің рөлі туралы айтқан сөздері қызу қолдауға ие болуда. Елбасының: бұрынғы жолдауларында айтқан – «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»- деген сөздері әлі күнге күн тәртібінен түпей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі екендігі ақиқат. Елбасы жолдауында айтылған осы негізгі он бағыт уақыт талабынан туындап отырған ұсыныстар деп қабылдаймыз. Сондай-ақ, мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі екендігі білікті педагогтардың жетіспеу проблемалары туралы айтқан ойлары көптен көтеріліп келе жатқан проблемалардың оң шешімін табуына мұрындық болары сөзсіз.

Сондай-ақ жолдау бағыттарында келтірілген,өнеркәсіп,өндіріс ошақтары, цифрлы Қазақстан, оқу-ағарту мәселелері мен тұрғын үй, адам денсаулығын жақсартуға бағытталған бағыттарда халықтың көңілінен шыққаны сөзсіз. 2050 жылға дейін халықтың әл-ауқатын арттыра отырып, дамыған 30 елдің қататрында болуды діттеген стратегиялық жоспардың өміршеңдігін ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық шежіресінен анық аңғаруға болады. Қорыта айтқанда, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың БАҚ-ы арқылы берілген дәстүрлі жолдауы елміз үшін жарқын болашаққа апарар иігі істердің баянды бастамасы деп білеміз.

Қойлыбай Асанұлы

Филология ғылымдарының докторы,

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры

Стратегический ресурс

Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» кристаллизовало направления развития страны в эпоху новых технологий, больших данных, глобальных изменений в структуре мирового воспроизводства интеллектуального продукта.

Для всех, кто работает в сфере университетского образования крайне важно, что главным на новом этапе развития страны по-прежнему остается человек, гражданин Казахстана, во благо которого внедряются новейшие достижения во все сферы социально-экономической жизни. Перед образовательным сообществом Глава государства ставит задачу создания «собственной передовой системы образования, охватывающей граждан всех возрастов». Президент еще раз акцентирует внимание на том, что только способность человека к постоянному развитию, обновлению знаний и навыков, обеспечит личный жизненный успех, а стране процветание. Как ректор университета, могу свидетельствовать о том, что современная студенческая молодежь имеет большой потенциал для реализации профессиональных устремлений в условиях цифровой эпохи и с готовностью воспринимает инновации.

Обновление содержания школьных программ имеет своей целью воспитание креативной личности, способной осуществлять эффективную коммуникацию с современным миром. Для того, чтобы воспитать в подрастающем поколении стремление к владению навыками, жизненно необходимыми в условиях технологической эпохи, необходимо подготовить педагогов, которые разделяют эти идеи и устремления. В этой связи Президент ставит задачу увеличения числа «выпускников, обученных информационным технологиям, работе с искусственным интеллектом и «большими данными».

С воодушевлением научное сообщество восприняло слова Президента о выделении в рамках научных грантов квот для молодых ученых. Это расширяет возможности для практической реализации идей нового поколения исследователей.

Привлечение бизнеса, производственного сектора к проведению прикладных научно-исследовательских разработок значительно сократит путь от научной идеи до внедрения ее результатов. То есть, наука будет работать на решение насущных проблем региона и страны.

Елбасы вновь указал на необходимость дальнейшего развития практики трехязычного образования. В этом проявляется забота Президента о достойном будущем молодых казахстанцев. «Идеалом нашего общества должен стать казахстанец, знающий свои историю, язык, культуру, при этом современный, владеющий иностранными языками, имеющий передовые и глобальные взгляды». Карагандинский государственный университет им. Е.А. Букетова уже имеет опыт подготовки трехязычных кадров. Выпускники, освоившие эту программу, успешно трудоустраиваются, они мобильны, получают дополнительные квалификации, охотно воспринимают лучший зарубежный опыт. На современном этапе университет приступил к подготовке педагогов, которые будут преподавать в школах биологию, химию, информатику, математику на английском языке.

Путь казахстанцев к вершинам современной мировой цивилизации будет значительно ускорен переходом алфавита казахского языка на латинскую графику. Первые шаги, сделанные в этом направлении, отвечают ожиданиям общества и нашли самый позитивный отклик.

Формирующаяся сегодня новая парадигма образования всех уровней исключает инертность, непрофессионализм, некомпетентность, что объективно способствует повышению ее роли в качестве одного из стратегических ресурсов страны. Как подчеркивает Нурсултан Абишевич, «к сфере образования пора относиться как к отдельной отрасли экономики со своими инвестиционными проектами и экспортным потенциалом».Сегодня образование призвано формировать ценностные приоритеты молодежи, ориентировать молодых людей в динамичном мире, обеспечивать их профессиональную и информационную мобильность. Основная цель такого образования заключается в развитии личности, способной ставить и достигать достойные жизненные цели, гибко и эффективно действовать в новых условиях.

Наращивание потенциала казахстанской нации для достижения поставленных Президентом целей, требует дальнейшего развития культуры, упрочения фундаментальных ценностей нашей цивилизации. В связи с этим существенно повышается роль гуманитарного знания, способного формировать объективный взгляд на историческое прошлое, национальное самоопределение, стать инструментом духовного единения народа Казахстана.

Убежден, что поставленные Главой государства задачи вдохновляют каждого на новые свершения во благо Казахстана. Многотысячный коллектив Карагандинского государственного университета имени академика Е.А. Букетова приложит все усилия для реализации задач, поставленных Главой государства Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым в Послании к народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции».

От имени коллектива преподавателей и студентов Карагандинского государственного университета им. академика               Е.А. Букетова, ректор Еркин Киноятович Кубеев

Человеческий капитал – основа благополучия и дальнейшего развития казахстанского общества

Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева народу Казахстана от 10 января 2018 года «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» вновь убедило в том, что только собственными усилиями наше общество способно адекватно ответить на вызовы современности

Поставив ясные и точные задачи по дальнейшей модернизации всех сфер социальной деятельности и обстоятельно обозначив их конкретное содержание, Н.А. Назарбаев уделил особое внимание совершенствованию условий, средств и способов  успешного саморазвития и самосовершенствования человека, его социальной и культурной самодеятельности, его свободной и творческой активности. В этой связи утверждение роли человеческого капитала в современной цивилизации должно предлагать такое решение проблемы определения критериев человеческой деятельности, в котором бы утверждалось единство задач и интересов отдельного человека и общества, а в перспективе и всего человечества.

Сегодня всем членам нашего общества требуется осознание того, что главной формой богатства страны становится опережающий уровень интеллектуального и духовного развития населения, принимающий форму человеческого капитала и обеспечивающий инновационный процесс в каждой сфере человеческой деятельности. При этом вектор изменения как индивидуального, так и коллективного мышления должен быть направлен на гармонизацию личных интересов конкретного человека с интересами страны.

Рассматривая процесс формирования человеческого капитала как фундаментальный по своей сути фактор цивилизационного развития, Н.А. Назарбаев считает, что ведущей сферой формирования человеческого капитала может быть только сфера образования. Именно эта сфера должна стать ведущей в процессах социально-экономической модернизации общества и цивилизационного развития в целом и обеспечить необходимое качество формирования человеческого капитала с учетом интеллектуального развития, психофизиологических и индивидуальных особенностей каждого человека как свободно развивающейся личности.

Научное сообщество, безусловно, должно внести свой вклад в решение этих важнейших задач нашего общественного развития и предложить новое понимание и теоретическое объяснение подходов и методов внедрения полученных результатов в социальную практику.

Солощенко Павел Петрович

заведующий кафедрой

философии и теории культуры

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры профессор Е.Қ. Көбеевтің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына пікірі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» үндеуі зияткерлік өнімді әлемдік ұдайы жаңғырту  құрылымындағы жаңа технологиялар, үлкен деректер, жаһандық өзгерістер дәуірінде елдің даму бағытын дараландырды.

Университеттік білім беріу саласында жұмыс істейтін барлық тұлғалар үшін елдің жаңа даму кезеңінде Қазақстанның игілігі үшін әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық салаларына жаңа жетістіктер енгізіліп жатқан кезде, билік басында бұрынғыдай еліміздің азаматы тұрғаны өте маңызды. Білім беру қоғамдастығы алдына Елбасы “барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді” құру міндетін қойып отыр. Президент адамның үнемі жетіліп, білімдері мен дағдыларын жаңарту қабілеттері өмірдегі жеке табысқа жетуіне және еліміздің гүлденуіне жол ашатынына назар аударады. Университет ректоры ретінде қазіргі студент жастардың цифрлық дәуір жағдайында кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыру үшін зор әлеуеті бар және олар инновацияларды қабылдауға дайын екенін дәлелдей аламын.

Мектеп бағдарламаларының мазмұнын жаңарту – заманауи әлеммен тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті креативті тұлғаны тәрбиелеу. Өскелең ұрпақ бойында технологиялық дәуір жағдайында өмірлік қажеті бар дағдыларды меңгеруге ұмтылуды тәрбиелеу үшін сол идеялар мен мақсаттарға ортақтаса алатын ұстаздарды даярлау қажет. Осыған байланысты Президент «жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер» санын көбейту міндетін қойып отыр.

Президенттің жас ғалымдар үшін ғылыми гранттар аясында квота бөлу туралы сөзін ғылыми қоғамдастық шабыттана қабылдады. Бұл жас зерттеушілер ұрпағының идеяларын іс жүзінде іске асыру мүмкіндіктерінің өрісін кеңейтеді.

Бизнесті, өндірістік секторды қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жүргізуге тарту ғылыми идеядан бастап оның нәтижелерін енгізуге дейінгі жолды едәуір қысқартады. Яғни ғылым өңір мен ел үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталады.

Елбасы үш тілде білім беру тәжірибесін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл ретте Президенттің жас қазақстандықтардың лайықты болашағы туралы қамқорлығын сезінуге болады. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің үштілді кадрларды даярлау тәжірибесі бар. Бұл бағдарламаны меңгерген түлектер табысты жұмыс жасайды, олар ұтқырлы, қосымша біліктіліктерге ие болып, үздік шетелдік тәжірибені ықыласпен қабылдайды. Қазіргі кезеңде университет мектептерде биология, химия, информатика, математика тәрізді пәндерді ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарды даярлауға кірісті.

Қазақстандықтардың заманауи әлемдік өркениет шыңдарына қарай жолы қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру арқылы айтарлықтай жеделдетіледі. Осы бағыттағы алғашқы қадамдар қоғамның үмітін ақтап, жағымды пікірлерге ие болды.

Барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің бүгінгі таңда қалыптасып келе жатқан жаңа парадигмасы енжарлық, үстірттікке, құзыретсіздікке жол бермейді.

Top