Бос қызметтік орынға орналасуға конкурс

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК, Қазақстан Республикасы, 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 228 каб., телефоны 8(7212)77-03-83, шетелдік мамандардың арасында бос қызметтік орынға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Нарықтық қатынас институтының директоры. (Қызметті атқару мерзімі 10 ай)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінде жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы тиіс.Қажетті құжаттар тізімі:
  • конкурсқа қатысушы үміткердің өтініші еркін нысанда (орыс тіліне аудармасымен);
  • фотосурет (3*4 см);
  • төлқұжат көшірмесі;
  • дипломдарының көшірмесі (бакалавриат, магистратура, докторантура);
  • жұмыс орны растаған қызмет тізімі (CV және ұсыныс хат) (орыс тіліне аудармасымен);
  • 2013 жылдың қыркүйегінен бастап жарық көрген таңдамалы еңбектері, зерттеу материалдары және соңғы тезистері (орыс тіліне аудармасымен);
  • университеттің дамуы бойынша жұмыстардың жылдық жоспар-графигі және ұсыныстары;
  • алдағы 3 жылдағы зерттеулердің жоспары (соның ішінде, зерттеу гранттары үшін болашақ жоспар, сондай-ақ жарияланымдар);
  • импакт-факторға, дәйексөз индексі, ғылыми қор және патенттік жазуға қатысты құжаттамалық дәлелдемелер.

 

Top