Маркетинг кафедрасы

Кафедра тарихы

Маркетинг кафедрасы 1972 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университеттің қалыптасу кезінен бастап құрылды. Кафедраның бастапқы атауы – «Экономика және материалды – техникалық жабдықтау». Кафедра экономика факультетінің негізін қалаушысы болып табылады.

Техника ғылымдарының кандидаты Сағындықов Ұржан Сағындықұлы кафедраның ірге тасының негізін құраған. Көптеген жылдар бойы кафедрада бірқатар танымал, әрі білікті мамандар жұмыс істеді: аға оқытушы Городничев С.И., т.ғ.к., профессор Аменова С.С., э.ғ.д., профессор Дюсембаев А.Д., г.ғ.д., профессор Аубакирова А.А., т.ғ.к., доцент Степаненко В.С., доцент Сайбель В.К., э.ғ.к., доцент Зеваков А.М., т.ғ.к., доцент Нам Э.А., т.ғ.к., доцент Қылышбеков Т.К., э.ғ.к., профессор Нәбиев Е.Н., аға оқытушылар Берғалиев Б.С., Әулетов М.К., Сүлейменова С.А., Әміров Т.К., г.ғ.к, доцент Қожахметов М.К., э.ғ.к., профессор Байдуллаев Б.Б., т.ғ.к., доцент Төлегенов А.Т.

Әр жылдары кафедра меңгерушілері борлып т.ғ.к., профессор Аменова С.С., э.ғ.к., профессор Байдуллаев Б.Б., академик МАИ, э.ғ.д., профессор Каренов Р.С., э.ғ.д., профессор Тлеубердинова А.Т., э.ғ.к., доцент Дүйсембаев А.А. табылды.

2002 жылы кафедрада педагогикалық жүктеме көлемінің аса ұлғаюына байланысты Маркетинг және Менеджмент кафедралары болып екіге бөлінді.

Бүгінгі таңда, кафедра меңгерушісінің тізгініне экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Тлеубердинова иелік етуде.

Маркетинг кафедрасы бірқатар мамандықтарды даярлауды жүзеге асырады:

Бакалавриат бойынша:

5В051100 – Маркетинг (1995 ж. бастап);

5В090200 – Туризм (2003 ж. бастап);

5В090900 – Логистика (2016 ж. бастап);

5В091200 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі (2015 ж. бастап).

Магистратура бойынша:

6М051100 – Маркетинг (1995 ж. бастап);

6М090200 – Туризм (2003 ж. бастап);

Кафедраның түлектері Қазақстанның және шет ел экономикасының әр алуан салаларында жұмыс істеуде, мемелекеттік және жекеменшік құрылымдарда басшылық қызметтерді атқаруда.

Бүгінгі таңда, Маркетинг кафедрасының ПОҚ 26 адамды құрайды, оның ішінде штаттағы оқытушылардың саны 18 адам. Кафедраның біліктілік дәрежесі 50% құрайды.

Қазіргі кезде кафедрада т.ғ.к., профессор Яушев Р.А., т.ғ.к., профессор Смаилов Т.Х., э.ғ.д., профессор Шаекина Ж.М., к.э.н., профессор Базарова С.К., э.ғ.д., профессор Тлеубердинова А.Т., э.ғ.д., профессор Садуов А.Ж., т.ғ.к., доцент Муканов Б.О., э.ғ.к., доцент Арынова Ж.З., PhD докторы Амерханова А.Б., экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Нұрсұлтан Д.Т., экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Рахимжанова Т.Х., экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Усенова Д.М., экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Толеуұлы А., ғылым магистрі, аға оқытушы Салауатова Д.М., ғылым магистрі, аға оқытушы Оспанов Б.Р., ғылым магистрі, аға оқытушы Хасенханов Н.Б, экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы Торжанова Д.А., экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы Тебаев Ж.Ж. жұмыс істеуде.

Кафедрада академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУдің жетекші ғалымдары, құрметті қызметкерлері қызмет атқарады, оның ішінде 3 оқытушы ҚР БҒМ «ЖООның үздік оқытушысы» атағына ие болды:

2007 ж. – э.ғ.д., профессор Шаекина Ж.М.

2008 ж. – э.ғ.д., профессор Тлеубердинова А.Т.

2012 ж. – э.ғ.д., профессор Шаекина Ж.М.

2015 ж. – э.ғ.д., профессор Тлеубердинова А.Т.

2016 ж. – э.ғ.м, аға оқытушы Усенова Д.М.

Еліміздің ЖОО арасындағы оқк бағдарламасының республикалық рейтингісін енгізу кезінен бастап көшбасшы үштігінде кафедраның мамандықтары тұрақты түрде орын тебуде: Маркетинг, Туризм; Әлеуметтік – мәдени сервис.

Кафедра мамандықтарының студенттері республикалық және халықаралық студенттік олимпиадалардың көп дүркін жеңімпаздары, ғылыми конкурстар мен конференциялардың лауреаттары болып табылады.

Кафедра бизнес – ортамен қоян қолтық қызмет істеуде, кафедраның 2 филиалы бар. Бизнес – құрылымдардың өкілдері мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге ат салысады, тәжірибеден өту орындарын ұсынады, дәріс және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді, түлектердің дипломдық жұмыстарына сын пікір береді.

Кафедра бірқатар шет ел және қазақстандық ЖООмен тығыз қызметті жүзеге асыруда, яғни олар Любляна Университеті (Словения), Катовицаның экономикалық университеті (Польша), Праганың экономикалық университеті (Чехия), Минхо Университеті (Португалия), Қазанның федералды экономикалық университеті (Ресей) және басқалары.

Оқытушы-профессорлар құрамы
Амерханова Алтын Боранбаевна
Арынова Жанна Зайнишқызы
Базарова Саулегул Курманбаевна
Қияз Аида Бекзатқызы
Мұқанов Бейбіт Отанұлы
Нұрсұлтан Думан Талғатбекұлы
Оспанов Бауыржан Рахымович
Рахимжанова Тоты Касеновна
Садуов Асқар Жұмагұлұлы
Салауатова Динара Муслимовна
Смаилов Толеугазы Хасенович
Тебаев Жасулан Жанатович
Тлеубердинова Айжан Тохтаровна
Торжанова Данагуль Асетовна
Төлеуұлы Алмас
Усенова Дана Мадиевна
Хасенханов Нуршуак Бахтиярович
Шаекина Жанат Михайловна
Яушев Рустем Ахметович
Мамандықтар

Маркетинг кафедрасы төрт мамандық бакалавриат және магистратура бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауда.

Мамандықтар:

5В051100 «Маркетинг» (бакалавриат),

6М051100 «Маркетинг» (магистратура).

  • 5В090200 «Туризм» (бакалавриат), 6М090200 «Туризм» (магистратура)
  • 5В090900 – Логистика (бакалавриат),
  • 5В091200 –Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Мамандарды дайындау жалпы, орта және жоғарғы білімдер негізінде «күндізгі» және «сыртттай»  бөлімдер арқылы жүргізіледі

Білім алу формасы:

– күндізгі (4 жыл);

– күндізгі – қысқартылған (3 жыл);

– сырттай – қысқартылған (3 жыл);

– сырттай (2 жыл)

Магистратура мамандықтары бойынша дайындау күндізгі бөлімдер арқылы жоғары  білім беру бағыты бойынша даярланады, дайындау бағыты бойынша: профильді, ғылыми және педагогикалық

Білім алу формасы (магистратура):

  • ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша– 2 жыл,
  • профильді бағыты бойынша – 1 (1,5) жыл.

Оқыту тілдері :

·      қазақша;

·      орысша;

·      ағылшынша (көптілді білім беру).

5В051100 – МАРКЕТИНГ, 6М051100 – МАРКЕТИНГ

Академиялық дәреже:

—5В051100 – Маркетинг мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

6М051100 – Маркетинг мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистры (ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша);

5В051100 – Маркетинг мамандығы бойынша экономика және бизнес магистры  (профильді бағыты бойынша).

Маркетинг біздің елімізде жеке мамандық ретінде қалыптасқанына көп болған жоқ. Бірақ, барлық жаңа мамандықтар сияқты ол да жылдам әрі динамикалық түрде, маркетологтарды жақсы жалақысымен қуантып, дамып келеді.

Маркетолог – тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың талғамы мен мүдделерін талдап, осы сұранысқа жауап бере отырып, өзіне де, фирмаға да пайда әкелетін компанияның даму стратегиясын жасайтын маман.

Ол ең танымал маркаларды қарастыра отырып, өз бәсекелестерінің өнімі мен әрекетін зерттейді. Жарнамалық жобалар мен тұтынушылардың көзқарастарын зерттейді. Маркетологтың міндетіне аналитикалық жұмыстар кіреді, ол алынған ақпараттарды жинақтап, оны мықты пиар құраушылары ретінде ұсынады. Алынған мәліметтерден маркетолог өзі жұмыс істейтін компанияның өнімін жылжыту жолдарын ойлап табады.

Маркетологтың негізгі міндеттері:

Тұтынушылардың қалауы, талғамы туралы мәліметтер жинау және талдау. Бұл үрдіс сауда нүктелеріндегі сатуды талдау немесе маркетингтік зерттеулер көмегімен жүргізіледі.

Сату туралы ақпарат жинау негізінде сұранысты талдау.

Маркетингтік зерттеулер жүргізу. Бұл үшін тұтынушылармен тікелей байланысқа түсетін сұхбат алушыларды жалдайды.

Тауардың сатылатын саласына мониторинг жүргізу. Бұл – бәсекелес маркалардың артықшылығы мен кемшіліктерін талдау.

Өнімді жылжыту. Сатуға көмектесетін қағидалар мен ұсыныстар жасау.

Мұқият талдау жасауға әкелетін және нәтижесін ыңғайлы кестеден көрсететін бағдарламаға мәліметтерді енгізу.

Басшылықты қызметтік жылжыту бойынша есеп берулер мен ұсыныстық презентациялар жасау.

Маркетологтың жұмысы өте көпқырлы және қызықты. Күрделі және қиын аналитикалық бөлімінен басқа, сіз өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсетуге өте көп мүмкіндіктер аласыз.

«5В051100-Маркетинг» мамандығын бітірген түлек кім болып жұмыс істей алады:

– коммерциялық директор;

– фирманың немесе компанияның маркетинг бойынша басшысы;

– жарнма және PR бойынша маман;

-бөлім басшысы немесе маркетинг бөлімінің аға маманы:

– кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа да кілтті лауазымдары.

Кафедра студенттерге ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ жәрдемдеседі және ол көптеген табысты отандық компаниялармен дұрыс қойылған ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асырылуда. Іс тәжірибені өту барысында студенттер өздерін жағымды жағынан көрсету мүмкіндіктеріне ие.

Көптеген қазақстандық компаниялармен бірігіп қызмет етудің арқасында кафедра ЖҰМЫСҚА ОНАЛАСУҒА жәрдемдеседі Студенттер тәжірибеден өту барысында өздерінің жағымды жақтарын көрсетуге мүмкіндіктері бар. Біздің көптеген студенттеріміз университте оқып жүрген кезеңдерінде жұмысқа ұсыныстар алады.

Арнайы пәндер циклінде келесі бөлімдерге баса назар аударылады:

– Халықаралық биржалардағы, аукциондардағы және сатулардағы коммерциялық операциялар;

– Бағақалыптастыру және тауардың бәсекеқабілеттілігі;

– Халықаралық коммерциялық операцияларды маркетингтік қамтамасыз ету;

– Маркетингті ақпараттық қамтамасыз ету; Маркетингтегі Internet-технологиялар;

– Шаруашылық және нарықтық қызметтегі құқықтық аспектілер;

– Маркетингтік қызметтеің стратегиясы мен тактикасы;

– Нарық конънктурасын зерттеу және болжау;

– Жарнама және оның міндеттері, жарнамалық бюджет.

Кәсіби маркетологқа тән:

  • Аналитикалық ойлау және сандармен жұмыс істеуді жақсы көру.
  • Мұқияттылық. Бір қателік барлық мәліметтерді қате көрсетуі мүмкін, осыдан қағида дұрыс құрылмайды, сәйкесінше, өндіріс зиян шегеді.
  • Коммуникабельділік. Мұндай қасиет сұхбат алушылардың жұмыстарын ұйымдастыруда аса қажетті болып табылады.
  • Сабырлылық. Жұмыс көп байланыс орнатуды және көп жауапкершілкті талап етеді.
  • Шығармашылық әлует және идеяларды ұсына білу. Бұл маңызды қасиеттердің бірі. Маркетолог нарық үрдістеріне негізделе отырып, тауардың әрі қарай жылжуы бойынша ұсыныстарды жасай білуі керек.
  • Талапқа сай болушылық. Әр компанияға штаттағы маркетолог қажет. Бұл – танымал әрі жоғары ақы төленетін кәсіптің бірі болып табылады.

5В090200 – ТУРИЗМ, 5М090200 – ТУРИЗМ

Академиялық дәреже:

— 5В090200 – Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр;

— — 5В090200 – Туризм мамандығы бойынша  ғылым магистры (ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша);

—  5В090200 – Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы магистр  (профильді бағыты бойынша).

Туризм мамандығының қызмет саласындағы бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы болып туризм және қонақжайлық индустриясы, сонымен қатар туризммен тікелей немесе жанама байланысты ғылыми, білім беру, мемлекеттік реттеу және адам қызметінің басқа да салалары табылады.

Кәсіби қызметтің объектілері болып келесілер табылады :

Туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары (министрліктер, әкімдіктер, оның аймақтық бөлімдері мен құрылымдары);

Туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;

Туристік бағыттағы консалтингтік компаниялар;

Туристік кәсіпорындардағы маркетингтік қызметтер ;

Туризмнің нысандары мен инфрақұрлымдары ;

Туризм бойынша ортаңғы және жоғарғы буын өкілдерін даярлайтын оқу мекемелері;

Туризм дамуының мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми- зерттеу ұйымдары;

Ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметтерді жылжытумен айналысатын жарнамалық агенттіктер.

ТУРИЗМ жай теория емес сонымен қатар

тәжірибе

1 КУРС

Оқу тәжірибесі (оқу-жаттығу жорығы) Қарқаралы тау-орман оазисі

2 КУРС

Еліміздің және аймақтың ірі турфирмаларында кәсіби іс- тәжірибе

3 КУРС

Алыс         және        жақын           шет       елдерде халықаралық оқу тәжірибесі

5В090200-Туризм мамандығының студенттеріне көп тілді топта білім алуға мүмкіндік бар (қазақша, орысша, ағылшынша).

Студенттердің Академиялық ұтқырлығы ҚР-ң өзге де жоғары оқу орындарында  және шет елде білім алуға мүмкіндік. MUNDUS және БОЛАШАҚ бағдарламалары бойынша Еуропа елдерін оқу тағылымдамасы КАРМУ қабырғасында AMADEUS

сертификатын алу мүмкіндігі және т.б…..

«5В091200 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»

Академиялық дәрежесі:

  • 5В091200-«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр;

5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандығы қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі саласындағы мамандарды даярлауды жүргізеді.

Мамандық түлектері мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, персоналды басқару қонақтарға қызмет көрсету үдерісі саласындағы қызметті ұйымдастыру жоспарлау және бақылау үшін қажетті іргелі теориялық білімдермен тәжірибелік дағдыларға ие болады, ұсынылатын қызметтерге маркетингтік талдау жүргізеді.

Мейрамханалық-қонақ үй саласындағы менеджердің қызметінің мазмұны:

– Кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу;

– Қонақ үй мен мейрамханаға заманауй бәсекелестік күрес жағдайында өмір сүруге көмектесетін баға саясатын қалыптастыру;

– Қызмет көрсету персоналының жұмысын ұйымдастыру және басқару;

– Қонақ үй немесе мейрамхананың тұрақты жұмысымен тәртібін қамтамасыз

ету

Кәсіби қызметтің нысандары:

– Қонақ үй бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемелекеттік басқару органдары (министерлік, акимат);

– Қонақ үй және мейрамханалық бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке меншік компанялар;

– Қызмет көрсету саласы, тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпорындар. (мейрамхана, қонақ үй және басқада құрылымдар);

– Мүлік, мүліктік кешендер (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар) және қонақ үй индустриясының өзгеде нысандары;

– Тамақтандыруды дамыту, тамақтану ұйымдарындағы маркетинг бойынша мәселелерін зерделеумен айналысатын ғылыми зерттеу ұйымдары;

– Қонақ үй шаруашылығы бойынша орта буынды мамандарды даярлайтын оқу орындары;

– Қонақ үй бизнесі және мейрамхана қызметтерін ішкі және сыртқы нарыққа жылжытумен айналысатын жарнамалық агенттіктер;

– Ақпараттық ресурстар және жүйелер, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді және олардың технологияларын қамтамасыз ету құралдары.

5В090900 – ЛОГИСТИКА

Академилық дәрежесі:

5В090900 – Логистика ~(сала бойынша)мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры

Қазақстанның экономикалық және географиялық ерекшеліктері, мысалы, кең аумағы, халық тығыздығының төмен болуы, елдің түрлі аймақтарында шоғырланған минералды ресурстардың қорлары, Еуропа мен Азия арасында орналасуы, бұл – логистиканың дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер; логистика саласында мамандардың сұранысқа ие болуы.

 

Логистика деген не?
Логистика – бұл ірі бизнес, онда түрлі салалардың мыңдаған кәсіпорындар қызмет етеді: тасымалдаушылардан бастап – ақпараттық компаниялар мен жүйелік интеграторларға дейін.
Халықаралық тасымалдаулау

Теңіз, темір жол, әуе тасымалдаулары, көліктік тарифтер

 

 

Логистика – бұл:

 

 

*Өзекті!

 

 

*Перспективті!

 

 

* Қызықты!

Автомобильдік тасымалдаулар

Жүк түрлері, көліктік технологиялар, тасымалдаушыны таңдау, халықаралық заңдар, сақтандыру тасымалдары

Қойма шаруашылығы мен көліктік механизмдер

Жүктерді сақтау, қойма түрлері, қойма технологиялары

Өндіріс

Жүктерді арту кешенділігі, өндірістік цикл ұзақтығы

Инфротехнология-лар

Қолданбалы  технологиялар

Кеден

Кедентік заң шығару, кедендік құжаттарды рәсімдеу ережесі

Логистика – бұл тек жеке алынған компаниялардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел экономикасының басты элементтерінің бірі.

Логист келесідей мәселелерді шешу керек:

Шикізатты ҚАЙ ЖЕРДЕ алу керек?

Өнімді КІМГЕ өткізу керек?

Жүкті ҚАЛАЙ тиімді жеткізу керек?

Логистикалық орталықтарды ҚАЙ ЖЕРДЕ тиімді орналастыру керек?

Өнімді тиімді өндіруді ҚАЛАЙ қамтамасыз ету керек?

ЛОГИСТ МАНСАБЫНЫҢ СӘТТІ БОЛУ КЕПІЛІ

БІЛІМ                                          ДАҒДЫ

ЛОГИСТ ҮШІН ЖҰМЫС тауарлық ағым бар жерлерде және оны реттеу қажеттілігі туындап сол ағымның қозғалысы жайлы ақпарат керек болатын жерлердің бәрінде бар.

ЛОГИСТТЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ – кез-келген сауда-өндіріс құрылымы, логистикалық оператор, көліктік-экспедициялық компаниялар.

Сонымен қатар, ҚарМУ бұл –

– Қазақстанның үздік көпсалалы ЖОО-дардың Басты рейтингтегі үшінші университет;

– Университеттер Президенттері халықаралық Ассоциациясының мүшесі (IAUP);

– Университеттердің Ұлы Хартиясының мүшесі (Magna Charta Universitatum);

– Университеттердің Еуразиялық Ассоциациясының мүшесі (EAU);

– Университеттер ректорларының Халықаралық Ассоциациясының мүшесі (IAUP);

– ТЕМПУС/TEMPUS білім беру және мәдениет бойынша Еуропалық комиссияның мүшесі;

– ЭРАСМУС МУНДУС/ERASMUS MUNDUS білім беру және мәдениет бойынша Еуропалық комиссияның мүшесі;

– Association of Global Universities In Distance Education/GUIDE қашықтықтан оқыту бойынша ғаламдық университеттер Ассоциациясының мүшесі;

– Экономикалық зерттеулер және білім беру консорциумының мүшесі (EERC);

– Орталық-Азиялық Менеджменттің Даму Қорының мүшесі (CAMAN);

– Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының мүшесі (IHEAS, МАН ВШ).

Оқушылар мен ата-ана назарына

«Логистика» мамандығына түсіп Сіз:

  • логистика саласында білім мен дағдыға қол жеткізе аласыз
  • логистикалық жүйені зерттеуде кешенді жолын табуды зерттейсіз;
  • логистика жүйесіндегі құралдарды қолдана отырып кез-келген жүкті тасмалдау тәсілі бойынша білімге қол жеткізесіз.
  • Логистикалық жүйені модельдеудің экономика-математикалық тәсілін үйренесіз.
  • Жүкті кедендік рәсімдеу сұрақтарын игересіз.

Логистика саласы бизнес жүйесіне еңгізілген. Жүйе компоненттері: қаржы, маркетинг, сатып алу, көлік, өндіріс, сақтау өткізу.

Аталмыш мамандықта келесідей жеке тұлғалық қасиетке ие болу қажет: жүйелік ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, жоғары коммуникабельділік, заңды білу, математикалық сараптама, менеджментті және маркетингті білу. Осы аталған білімді Сіз бізден ала аласыз!!!

Халықаралық бірлестіктер

«Маркетинг» кафедрасы ғылыми-зерттеушілік және педагогикалық саладағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша Қазақстан және жақын шет еле мемелекеттерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен кең халықаралық байланыс орнатқан, жекелей айтқанда –   М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Оренбург және Курган мемлекеттік университеттері, Урал мемлекеттік экономикалық университеті, Скачинский атындағы Мәскеу университеті, Киев және Донецк мемлекеттік университеті, Қырғызстан Республикасы экономика институты, Самарканд кооператив институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нархоз университеті, Қазақ туризм және спорт академиясы және басқалар

Халықаралық байланыс халықаралық ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, конкурстарда, білім беру жобалары мен бағдарламаларында профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер, магистранттар, докторанттардың қатысуы, сонымен бірге біліктілікті жоғарылату курстарын өтуі түрінде жүзеге асырылады.

Маркетинг кафедрасы студенттерінің академиялық ұтқырлығы мен магистранттардың тағылымдамасы жақын және алыс шет ел мемлекеттерінде өткізіледі: Экономика жоғары мектебі (Чехия Республикасы), Карлов университеті (Чехия Республикасы), Катовице экономикалық университеті (Польша Республикасы), Вильнюс университеті (Литва), Бабеш Больяй университеті (Румыния) Хайльбронн жоғары мектебі (Германия) және басқалары.

Төменде кестелерде кафедраның халықаралық ортадағы іс-әрекеті көрсетілген:

 «Маркетинг» кафедрасы оқытушыларының шетелдік тағылымдамалары

Тегі, аты-жөні Халықаралық байланыс, тағылымдама (мемлеке, қала, сапар мақсаты) Уақыты
1 Тлеубердинова Айжан Тохтаровна The 5-th Conference of the International Association for Tourism Economics. The Hong Kong Polytechnic University Шілде 2016
2 Тлеубердинова Айжан Тохтаровна Tourism and Travel studies Conference Proceeding. – Istanbul: DAKAM’s TOURAVEL’15 Маусым 2015
3 Тлеубердинова Айжан Тохтаровна Любляна университетінде ғылыми тағылымдама (Словения) 2015
4 Тлеубердинова Айжан Тохтаровна Growing in Shrinking Markets. Global Business Conference 2016 Proceedings. – Zagreb, Croatia: Innovation Institute Шілде 2016
5 Садуов Аскар Жумагулович EXPO 2016, Анталья (Түркия) Шілде 2015
6 Садуов Аскар Жумагулович Parisi de Versales халықаралық көрмесі Қыркүйек 2016
7 Усенова Дана Мадиевна Tourism and Travel studies Conference Proceeding. – Istanbul: DAKAM’s TOURAVEL’15 Маусым 2015
8 Усенова Дана Мадиевна Бат университетінде ғылыми тағылымдама (Чехия) 01.06.2016-30.06.2016
9 Мамраева Динара Габитовна Features of the business activity of small hotels. ‘Novovira’, Барселона 2015ж.
10 Мамраева Динара Габитовна The experience of Switzerland in the implementation process of the commercialization of intellectual property. WIPO, Женева 2015ж.
11 Мамраева Динара Габитовна VI Жастар Еуразиялық экономикалық форумы, форсайт-сессияны жүзеге асыру және жол картасын ұсыну. Еуразиялық кеңістікті интеграциялау 2035: жастар көзқарасы. УРГЭУ, Екатеринбург 2015ж.
12 Мамраева Динара Габитовна IX Петербург халықаралық инновациялық форумына қатысу, Санкт-Петербург қ. Қыркүйек 2016 ж
13 Муканов Бейбут Отанович EXPO 2016, Анталья (Түркия) Шілде 2015
14 Муканов Бейбут Отанович Parisi de Versales халықаралық көрмесі Қыркүйек 2016
15 Шаекина Жанат Михаиловна Growing in Shrinking Markets. Global Business Conference 2016 Proceedings. – Zagreb, Croatia: Innovation Institute Шілде 2016
16 Шаекина Жанат Михаиловна The 5-th Conference of the International Association for Tourism Economics. Book for abstracts.- Hong Kong: The Hong Kong Polytechnic University Маусым 2016
17 Усенова Д.М. Испания, .Бильбао қ,  Деусто университеті, сапар мақсаты –ғылыми тағылымдама Маусым 2016ж.
18 Ташенова Л.В. IX Петербург халықаралық инновациялық форумына қатысу, Санкт-Петербург қ. тамыз 2016ж.
19 Тлеубердинова Айжан Тохтаровна  «Tourism, Culture, Space and Development» тақырыбы бойынша тағылымдама, DAKAM, Турция, 2015 Маусым 2015
20 Тлеубердинова Айжан Тохтаровна Tourism Dynamics and Trends. II International Conference. University of Seville, Spain. 26-29 June 2017 22-30 маусым 2017
21 Тлеубердинова А.Т. Growing in Shrinking Markets. Global Business Conference 2016 Proceedings. – Zagreb, Croatia: Innovation Institute Қыркүйек 2016
22 Шаекина Жанат Михаиловна Growing in Shrinking Markets. Global Business Conference 2016 Proceedings. – Zagreb, Croatia: Innovation Institute Қыркүйек 2016
23 Шаекина Ж.М. Tourism Dynamics and Trends. II International Conference. University of Seville, Spain. 26-29 June 2017 22-30 маусым 2017
24 Усенова Дана Мадиевна Бат университетінде ғылыми тағылымдама (Чехия) 22.04.2017-11.05.2017
25 Усенова Д.М. Карлов университетінде ғылыми тағылымдама (Чехия) Маусым 2017ж.

 Дәріс оқу мақсатымен келген шетелдік оқытушылар

Тегі, аты-жөні Лауазымы, ғылыми дәрежесі Оқытылатын пәндер Маман келген мемлекет Негізгі жұмыс орны Оқыту ұзақтығы (мерзімі)
1 Тылл Ладислав PhD докторы Новое понимание мира – анализ рыночных мегатрендов Чехия Экономикалық университет, Прага қ. 12.09-27.09.2016 (2 апта)
2 Тылл Ладислав PhD докторы Strategic analysis Чехия Экономикалық университет, Прага қ. 2.12-15.12.2016 (2 апта)
3 Толымбеков Алмаз PhD докторы Стратегическое управление компаниями в современных условиях Испания Барселона менеджмент жоғары мектебі 2.12-15.12.2016 (2 апта)
4 Мажейка Кипрас вице-президент, академик, мемлекеттік кеңесші, профессор Основы современного бизнеса Ресей Федерациясы Теледидар және радио халықаралық еуразиялық академиясы 9.12-23.12. 2016 . (2 апта)
5 Шолтысек Яцек

 

хаб. док., профессор City logistics Польша Катовице экономикалық университеті 13.04.-27.04.2015 (2 апта)

 

6 Тварог Себастьян PhD Logistics networks Польша Катовице экономикалық университеті 13.04.-27.04.2015 (2 апта)
7 Лоран Давид хаб. док., профессор Sustainability in geography and tourism: Венгрия Каролы Роберт университеттік колледжі 14.03.-28.03.2015 (2 апта)
8 Кережи Кристьян-Раду PhD, ассоциацияланған профессор Сonflict analysis and management with an emphasis on mediation as a conflict resolution method Румыния Бабеш-Больяй университеті 18.04.2016-24.04.2016
9 Нямту Богдана PhD, ассоциацияланған профессор Administrative reform in Romania with an emphasis on urban development Румыния Бабеш-Больяй университеті 18.04.2016-24.04.2016
10 Давид Хавличек RNDr, ассоциацияланған профессор Аналитические спектрометрические методы анализа Чехия Республикасы Карлов Университет в Праге 19.08.2016-16.09.2016
11 Мажейка Кипрас вице-президент, академик, мемлекеттік кеңесші, профессор Основы современного бизнеса: менеджмента, маркетинга, поведенческой экономики HR и GR на базе опыта США и России.Новые функции СМИ в эпоху медийной революции Ресей Федерациясы Теледидар және радио халықаралық еуразиялық академиясы 21.11.2016-04.12.2016
12 Витвицкий Евгений Евгеньевич Т.ғ.д., профессор Моделирование транспортных процессов Ресей Федерациясы Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясы 23.11.2016-10.12.2016
13 Николае Станчу PhD докторы Актуальные вопросы современной науки зарубежных стран Сербия Белград Университеті 12.01.2017-30.06.2017
14 Бруно Жан Мари Пуаза PhD докторы Математическая логика Франция Лион Университеті 19.04.2017-10.05.2017
15 Флоре Поп PhD, профессор Law and EU politics Румыния Бабеш-Больяй университеті 06.02.2017-15.02.2017
16 Бойко Георгиев Ганчевски Пс.ғ.д профессор Психодиагностика индивидуального и организационного поведения Болгария Әулие Климент атындағы София Университеті 20.04.2017-20.05.2017
17 Михал Фрешли PhD, профессор Новые пути межкультурной коммуникации Венгрия Батыс Венгрия университеті 25.09.2017- 11.10.2017
18 Ладислав Тылл PhD, профессор Ғылыми жетекшілік Чехия Экономика жоғары мектебі (Прага)  1.09.2017 ж. бастап

«Маркетинг» кафедрасының студенттері мен магистранттарының академиялық ұтқырлығы

Тегі, аты-жөні Оқыту бағдарламасының бағыты Оқыту деңгейі (бакалавриат, магистратура) тобы, курсы Студент аламасу бойынша тәлім алған мемлекет, жоо Е-mail
2015-2016 оқу жылы
1 Уалибекова Кунсулу Абайқызы 5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бакалавриат Сер-21, 2 курс Польша Республикасы, Катовице экономикалық университеті kunsulu_26_03@mail.ru
2 Жуматкызы Жадыра 5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бакалавриат Сер-23с, 2 курс Чехия Республикасы, Прагадағы Экономика жоғары мектебі
3 Айкамбетова Айжан Ерлановна 6М090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету магистратура СКС-62, 2 курс Чехия Республикасы, Прагадағы Экономика жоғары мектебі
4 Тусупова Айдана Даулетовна 5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бакалавриат Сер-31, 3 курс Польша Республикасы, Катовице экономикалық университеті aidana_1595@mail.ru
5 Дарибаева Асель Нуржановна 5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бакалавриат Сер-31, 3 курс Польша Республикасы, Катовице экономикалық университеті
2016-2017 оқу жылы
1 Блялова Адель Бахытжановна 5В090200 – Туризм бакалавриат Тур-21, 2 курс Литва, Вильнюс университеті adel_blyalova@mail.ru
2 Қияз Аида Бекзатқызы 5В090200 – Туризм бакалавриат Тур-41, 4 курс Румыния,  Бабеш Больяй университеті aida.bekzat@mail.ru
2017-2018 оқу жылы
1 Уалибекова Кунсулу Абайқызы 5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бакалавриат Сер-41, 4 курс Румыния,  Бабеш Больяй университеті kunsulu_26_03@mail.ru
2 Чурина Мадина Аскаровна 6М051100 – Маркетинг магистратура ММК-62, 2 курс Чехия Республикасы, Прагадағы Экономика жоғары мектебі madu04_04@mail.ru
3 Исабеков Ансар Тамулович 5В051100 – Маркетинг бакалавриат МК-32 п/я, 3 курс Чехия Республикасы, Прагадағы Экономика жоғары мектебі us.gogle11@gmail.com
4 Смаилова Айша Рысбекқызы 6М090200 – Туризм магистратура МТур-61, 2 курс Польша Республикасы, Катовице экономикалық университеті sassy_virgin@mail.ru
5 Батырбек Наргиза Султанкызы 5В090200 – Туризм бакалавриат Тур-31, 3 курс Польша Республикасы, Катовице экономикалық университеті nargiza.batyrbek@mail.ru
6 Табриз Арайлым Ерланқызы 5В090200 – Туризм бакалавриат Тур-31, 3 курс Германия Федеративті Республикасы, Хайльбронн жоғары мектебі arailym.tabriz@mail.ru













Ғылыми бағыттар

«Маркетинг»  кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы (әрі қарай – ПОҚ) 2020 жылға дейінгі ҚарМУ-дың стратегиялық жоспарына сәйкес ғылыми-зертеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.

«Маркетинг» кафедарыснда барлығы 22 оқытушы жұмыс жасайды, олардың 5 – ғылым кандидаттары (Яушев Р.А., Смаилов Т.Х., Базарова С.К., Муканов Б.О., Арынова Ж.З.), 3 ғылым докторлары (Шаекина Ж.М., Садуов А.Ж., Тлеубердинова А.Т.), сонымен қатар 1 Ph.D докторы (Амерханова А.Б.).Кафедарынң дәрежелілігі 100% құрайды (ғылым магистрлерін қоса алғанда).

2017 жылы «Маркетинг» кафедарысының профессорлық-оқытушылық құрамы 50 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерін жариялады. Кафедра ПОҚ 3 монография, 1 оқулық, 5 оқу құралын шығарды:

п/п Монографиялар Оқулықтар Оқу құралдары
Атауы Автор Атауы Автор Атауы Автор
1 Теоретические и практические основы формирования бренда Республики Казахстан как фактора долгосрочного развития туристской отрасли, Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017.- 157бс. Тлеубердинова А.Т.

Шаекина Ж.М.

Усенова Д.М.

Салауатова Д.М.

Торжанова Д.А.

Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау.

 

Усенова Д.М.

Хасенханов Н.Б., Нұрсұлтан Д.Т.,

Оспанов Б.Р.

Культурно-исторические центры Казахстана, Қарағанды: ҚарМУ баспасы2017.- 222 б.

 

Тлеубердинова А.Т.

Шаекина Ж.М., Салауатова Д.М.

2 Развитие экологических кластеров туризма Республики Казахстан, Lap lambert Academic Publishing RU, Mauritius. 2017. – 101 б Муканов Б.О.

Садуов А.Ж.

Нурсултан Д.Т.

Қазақстанның мәдени-тарихи орталықтары, Караганда: Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2017.- 258 б.

 

Тлеубердинова А.Т.

Шаекина Ж.М., Салауатова Д.М.

3 Караганда Организационно-экономические механизмы регулирующего информационного туристского центра республики Казахстан: Изд-во РПФ “Print Shop”, 2017. – 114 б. Садуов А.Ж.

 

Предпосылки развития турима в Республике Казахстан , Lap lambert Academic Publishing RU, Mauritius. 2017. – 99б Муканов Б.О.

Садуов А.Ж.

4 Регулирование туризма Казахстана посредством информационного центра,   Lap lambert Academic Publishing RU, Mauritius. 2017. – 99б

 

Садуов А.Ж.

 

Муканов Б.О.,

Нурсултан Д.Т.

5 Гостиничное хозяйство. Қарағанды: PrintShop баспасы: Изд-во, 2016. – 362 б. Усенова Д.М.

Сонымен қатар 2017 жылы кафедра ПОҚ алыс және жақын шет елдердегі журналдарда, сонымен қатар импакт-факторлы журналдарда (Scopus, РИНЦ мәліметтер базасы) ғылыми еңбектері мен жарияланымдарын белсенді түрде жариялады:

Жарияланым түрі 2017 жыл
б.б. саны
Импакт-факторлы журналдарда жариялау (Scopus) 0,97 3
Импакт-факторлы журналдарда жариялау ( РИНЦ) 4,44 7
Жақын және алыс шет елдердегі жураналдарда жариялау 0,68 2
БҒСБК ұсынған жураналдарда жариялау 1,825 7
Жақын және алыс шет елдердегі конференция материалдарында  жариялау 0,75 5
Халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференциялар материалдарында жариялау 2,38 15

2016 жылы 31 тамызда «Органическое пастообразное моющее средство»  патенті алынды  (авторлары – Смаилов Т.Х., Салауатова Д.М.).

Жоғары мектептің міндеттерін орындау үшін кафедра ПОҚ Қазақстан Республикасының өткізетін әр түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Атап айтқанда, «ЖОО үздік оқытушысы-2016» республикалық грантының иегері болып экономика ғылымдарының магистрі, «Маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Усенова Д.М. табылды.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментінің директоры Ахмед-Закидің Хатына сәйкес, 03.03.2017 ж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ң экономика факультетінде 2017 жылдың 19-21 сәуірінде мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының арасында өткен туризм бойынша ХІ Республикалық Студенттік Олимпиада, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының арасында өткен Әлеуметтік және мәдени сервис бойынша ХІ Республикалық Студенттік Олимпиада өтті. ҚарМУ студенттері командалық және жеке есептеулерде бірінші орынды жеңіп алды.

Білімді үнемі зерттеу және тереңдету мақсатында әр түрлі тақырыптарда ғылыми үйірмелер шеңберінде ПОҚ пен студентердің қатысуымен семинарлар өткізіліп тұрады.

Студенттер мен магистранттар кафедраның ПОҚ басшылығымен ір түрлі тақырыптарда халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.






Тәрбиелік жұмыс

Академиялық топтардың кураторлары ай сайын өнегелі, мәдени-эстетикалық және этномәдени тәрбиеге арналған кураторлық сағаттар өткізеді. Студенттер жыл сайын оқу жылының басында график бойынша Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ мұражайына барады. Сонымен қатар факультетте «Студенттікке ену», «Кафедра күні» сияқты мәдени-бұқаралық шаралары белсеңді түрде өткізіледі.

01.09.2016ж. сағ.10.00 – Білім күніне орай «Жастар алаңында» өткізілген мерекелік шараға 1 курс студенттері мен факультет оқытушылары қатысты.

01.09.2016ж. сағ.11.00 – факультетіміздің 1 курс студенттері кураторларымен бірге ҚарМУ ректоры Е.Қ.Көбеевтің актілік дәрісін тыңдады.

23.09.2016 сағ. 12.00 –   Маркетинг кафедрасы ұжымының ұйымдастырылуымен халықаралық туризм күніне орай  туристік көпсайыс өтті

27.10.2016ж сағ.15.00 – «Маркетинг кафедрасы күні»  ісшарасы өткізілді.  ҚараМУ-дың бас ғимаратының спортзалында.

08.11. 2016ж сағ. 14.00- Маркетинг кафедрасының ұлағатты ұстазы т.ғ.к. профессор Смаилов Төлеуғазы Хасенхановичтің 80 жылдық мерей тойына орай ұлықтау кеші өтті.

06.12.2016ж сағ 15.30.  311 аудиторияда Маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Д.М. Усенованың және топ кураторларымен бирге ұйымдастырылған Елбасы сенімі-ел сенімі атты желеумен тұңғыш президент күніне арналған ашық сабақ өтті.

08.12.2016ж. сағ. 16.00. №3-жатақханада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына орайластырылған мерекелік шара өтті

26.12.2016ж. сағ. 16.00 Маркетинг кафедрасы ұжымы Таңшолпан балалар үйіне барды.

02.09.2017ж. сағ.10.00 – Білім күніне орай «Жастар алаңында» өткізілген мерекелік шараға 1 курс студенттері мен факультет оқытушылары қатысты.

02.09.2017ж. сағ.11.00 – факультетіміздің 1 курс студенттері кураторларымен бірге ҚарМУ ректоры Е.Қ.Көбеевтің актілік дәрісін тыңдады.

22.09.2017ж. Тур-11; 13; 21;23. академиялық топтары «Өлкетану мұражайына» барды.

24.09.2017ж. «Дін және саясат» атты дәріс сабағы Көшербаев Дастан Бақытбекұлы.

04.10.17ж. «Жас талап» студенттер өнер байқауы 1-курс студенттері белсене ат салысты

17.12.2017ж. сағ. 16.00. №3-жатақханада «Рухани келісім- Қазақстан қоғамының тұрақтылық және өркендеу негізі» атты іс-шара (дін өкілдерімен)

30.11.17. ҚР-ң тұңғыш президенті күні «Елін сүйген Елбасы» атты желеумен өтті.

14.12.2017ж сағ.12.00 – «Маркетинг кафедрасы күні»  ісшарасы өткізілді.  ҚараМУ-дың 8- корпусы актзалында.

Top