Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Кафедра тарихы


Зав. кафедрой, к.ю.н. Жамиева Р.М.

1991 жылдың маусым айында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының құрамынан қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы бөлініп шығарылды, және сол уақыттан бастап 2001 жылға дейін кафедраның дамуына және құрылуына елеулі үлесін қосқан з.ғ.к., доцент Ким Клара Васильевна басқарды. Ол кафедрадағы оқу, әдістемелік және тәрбиелік процестің ұйымдастырушысы болып қана қоймай, сонымен қатар докторанттардың ғылыми жетекшісі болды. Оның жетекшілігімен кафедраның оқытушылары кандидаттық диссертациялар қорғады: 1999ж. – Р.М. Жамиева, 2003ж. – Л.К. Аренова.

Кафедраның бастауында з.ғ.к., доцент А.В. Попов, м.ғ.к., доцент М.А. Сон, з.ғ.к., доцент Г.Ж. Сулейменова, з.ғ.д., профессор А.В. Кудрявцева, доцент В.Е. Сухотерин және т.б. тұрды. Олардың дәрістері студенттер арасында өзгеріссіз табыспен қолданылды. 1993-1994 ж.ж. кафедрада қызмет еткен А.В. Кудрявцева, қазіргі уақытта Ресейде федералды судья болып қызмет етеді. Сонымен қатар кафедраның құрамында Ж. М. Нурмуханов, К.С. Сартабаев, Н.М. Дузельбаев, М.Р. Джаксимбеков, С.А. Бекжанова, К.А. Кремляков, Ю.М. Сон, Н. Б. Муздыбаев, Б.Т. Муканов, Р.Н. Шайхаденов, С.В.Захарова,Б.Р.Сембекова және т.б. қызмет етті. Біріктірушілер ретінде жетекші практикалық қызметкерлер мен ғалымдар шақырылды: з.ғ.д., профессор Ю.Д. Лившин, Г.В. Оленберг, м.ғ.к., доцент, психиатр Т.К. Кудеринов, сот медигі А.Е. Кирнос, з.ғ.д., профессор Т.Е. Сарсенбаев, з.ғ.к., доцент А.К. Калиев және т.б. 2004-2012 ж.ж. кафедрада мамандығы бойынша химик, сарапшы эксперт, отставкадағы подполковник   Л.Н. Полященко инженер, аға зертханашы болып қызмет атқарды.

Бүгінгі таңда кафедра з.ғ.к., доцент Р.М. Жамиева кафедра меңгерушісі (1992 біт.), доценттер В.Е. Сухотерин (1979 біт.), з.ғ.к., М.А. Ибраева (1982 біт.), з.ғ.к., Л.К. Аренова (1997 біт.); аға оқытушылардың Г.Б. Султанбекова (ҚазМУ 1985 біт.), М.Т. Абзалбекова (2001 біт.), Н.М. Тусупов (2003 біт.), А.А. Джузганова (2013 біт.), З.Б. Жуманбаева (2012 біт.) құрамында жұмыс істейді. Кафедрада қазіргі уақытта шақырылған оқытушылар ретінде з.ғ.к., доцент отставкадағы полковник А.К. Калиев, білікті сарапшы-криминалист Г.В. Оленберг қызмет етеді.  Академиялық ұтқырлық шеңберінде кафедрада заңгер және психолог, психология ғылымдарының докторы, (Болгария) БР ІІМ Академиясының профессоры Бойко Ганчевски қызмет етеді.

Барлық оқытушыларда базалық заңгерлік білімі, ғылыми-оқытушылық өтілі немесе құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс тәжірибесі бар, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие. Доцент Л.К. Ареновада екінші жоғарғы психологиялық білімі бар. Р.М. Жамиева «2007-Үздік оқытушысы» грантының иегері. Кафедраның оқытушылары әрдайым өздерінің біліктілігін арттырып отырады, облыстың және университеттің өміріне белсенді қатысады. Оның барлығы аумақтық және шетелдік сертификаттар және дипломдармен, ҚР БҒМ және облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен грамоталармен расталады. Екі оқытушы адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алды.

Кафедраның Ресей, Германия, Болгария, Литва, Украина, Белорус, Өзбекстан ғалымдарымен халықаралық тығыз қатынасы бар. Ол, ғылыми еңбектер жинағы, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысуларынан көрінеді.

Оқытушылар құрамы
Мамандықтар

5В030100 – «Құқықтану» (бакалавриат)

5B030200 – «Халықаралық құқық» (бакалавриат)

6М030100 — «Құқықтану» (магистратура)

Кафедрада оқу процесі міндетті пән бойынша жүзеге асырылады – «Қазақтан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» және оннан астам таңдау компоненті бойынша пәндер. Кафедра екі мамандық бойынша дайындауды жүргізеді: 5В030100 – «Құқықтану», 5B030200 – «Халықаралық құқық»

Халықаралық ынтымақтастық

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы – Болгария, Ресей, Литва, Өзбекстан, Беларус және т.б. шет елдердің жетекші кафедраларымен дәстүрлі байланыс жасайды.

Кафедраның ПОҚ (Л.К. Аренова) 2017 жылы Қазақстанда ЕҚЫҰ «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын-алуды және балалар үшін жабық мекемелерді одан әрі реформалау», ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкілі З.Я. Балиева және халықаралық судья Винтер Ренате, бала құықтары жөніндегі БҰҰ Комитеті Президентінің төрағалықтарымен өткізілген ұлттық конференциясына қатысты



2016 жылы студенттер және магистранттар тобы – Е.Збинская, Т.Капаров, Т.Амир, Т.Мүсілім кафедра оқытушыларының жетекшілігімен (Р.М. Жамиева, Л.К. Аренова) Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға арналған, GLOBAL DIGITAL CHALLENGE Peer to Peer атты жаһандық халықаралық жобаға қатысты.


2015 жылдың 22-23 сәуірінде Р.М. Жамиева («Терроризмді қаржыландыруға және ақшаны жымқыруға қарсы іс-қимыл» оқу-әдістемеліқ орталық, Мәскеу қ. өткізілген Еуразиялық антикоррупциялық форум) ХОӘО ТҚ/ҚҚ Ғылыми Кеңесінің отырысына қатысты. Жұмыс барысында: Ресей, Қырғызстан, Қытай, Франция, Дания шет елдерінің ЖОО-ның өкілдерімен байланыс орнатылды.


2014 жылдың қазан айында Мәкеу қ. (РФ) «Терроризмді қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жымқыруға қарсі іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру» қосымша кәсіби бағдарламасы бойынша «Халықаралық оқу-әдістемелік қаржы мониторингі орталығы» АКМ-де екі оқытушы З.Б. Жуманбаева және А.А. Джузганова біліктілігін арттыру курстарын өтті.

Қолда бар негізде кафедра болгар (БР ІІМ Академиясы Б. Ганчевски), өзбек (ТМҚУ Ш.Ф. Файзиев), литва (Халықаралық бизнес және құқық мектебі Университеті), ресей (ООрМУ), белорусс (БМУ Р.Т. Зорин) университеттерімен ынтымақтастық орнатады.












Ғылыми бағыттар
Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ПОҚ жоғары деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыссын орындауда, монографиялар, оқу құралдары, шет елдердің жетекші ғалымдарымен ҚР БҒМ электронды оқулықтарында көрініс алуда:
Монография – Қазақтандағы ювеналдық ютицияның құқықтық негізі: теория және практика (Р.М. Жамиева, Г.Б. Султанбекова 2016ж. желтоқсан), Діни экстремизм және терроризм: құқықтық криминалистикалық және психологиялық аспектілері (2017ж.қаңтар).


Оқу құралы – Криминалистикалық психология (Е.К. Кубеев, Б. Ганчевский, Р.М. Жамиева, Л.К. Аренова, Г.Б. Султанбекова және т.б. 2016 ж. маусым), Криминалды мінез-құлық: диангостика және зерттеу (Е.К. Кубеев, Б. Ганчевский, Р.М. Жамиева, Л.К. Аренова, Г.Б., В.Е.Сухотерин, Г.Б.Султанбекова және т.б. 2013 ж. маусым)
«Криминалистикалық психология» және «Криминалды мінез-құлықтың диагностикасы: диагностика және зерттеу» (2017ж. шілде) осы пәндер бойынша кафедрамен электронды оқулықтар дайындалды және шығарылды.
Кафедраның ПОҚ жыл сайын 70-тен астам ғылыми мақалалар шығарады, оның көптен бір бөлігі ҚР ЖАК және РИНД ұсынылған, халықаралық және републикалық ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді түрде қатысады.
Ең басты жетістіктерінің бірі болып аумақтық құық қорғау органдары Қарағанды облысының Прокуратурасы, Қарағанды облысының ҚАЖ Департаменті, Қарағанды облысының облыстық адвокаттар алқасы, Қарағанды облысының соты және т.б. ғылыми ынтымақтастық болып табылады.




Қылмыстың жеке түрлерін тергеу бойынша кафедраның оқытушыларымен компьютерлік бағдарламалар әзірленді және еңгізілді. Заң факультетінде «Криминалистика» пәні бойынша ситуациялық есептерді шешуге арналған ең бірінші компьютерлік бағдарлама болғаның атап айту керек.
Кафедра, заң факультеті студенттерінің құқықтық ойлауының дамуына ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік қызметтегі дағдыларына және білулеріне көп көңіл бөлуде. Мына пәндер бойынша сабақтарда: «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Соттық риторика», «Адвокатура», «Прокурорлық қадағалау», «Криминалитика» оқытушылар, студенттердің адамдармен тиімді және нәтижелі қарым-қатынас орната білу қабілетін дамытуға тырысады; саяси шешімдер және әлеуметтік теорияларға, жазылмаған ережелерге, құқық көздеріне сілтеме жасай отырып өздерінің дәлелдемелерін дәлелдеу шеберлігін. Оқытушылар, студенттердің қылмыстық сот өндірісі кезінде пайда болуы мүмкін, қалыпты және қалыптан тыс жағдайларды сыни бағалай білу дағдыларын қалыптастыруларына, тәжірибелік сұрақтарға дұрыс жауаптарды таба білу және іздей білулеріне, процесуалдық әрекеттерді өндіру кезінде қажетті операцияларды жасай алуларына, сонымен қатар процесуалдық әрекеттерді құықтық сауатты рәсімдей алуларына бар күштерін салады.Осы бағытта оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың улкен маңызы бар.
Студенттерге заңдық психология, трасология, дактилоскопия пәндері бойынша тәжірибелік және семинарлық сабақтарға қатысқан, оқыту фильмдерін көріп және талқылаған, тапсырманы бағдарламалауды орындаған, іскерлік ойындарды өткізген, процесуалдық құжаттарды жасаған, тапсырмаларды орындаған ұнайды. Видеоға жазылған іскерлік ойындар оқытушымен бірлескен талқылауға ұшырайды.
Кафедраның оқытушылары студенттермен бірге оқу жылы барысында, тұрақты түрде, соттардың жұмысымен танысу үшін Қарағанды облысының соты және аудандық соттардың қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттық процестеріне қатысады, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кураторлық сабақтарға қатысуға шақырады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше мән береді. Кафедрада заңдық және криминалистикалық психология, криминалистика, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу топтары жұмыс істейді.Студенттер халықаралық, республикалық, аудандық және университеттік конференцияларға, ғылыми еңбектер жарыстарына, пәндік олимдиадаларға белсенді түрде қатысады.


2018 жылдың қаңтар айында РФ Курк қ. проф.Е.Г. Мартынченко атындағы Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінде студенттер, бакалаврлар, магистранттар және доктаранттар арасындағы VII Халықаралық ашық ғылыми жұмыстар конкурсында заң факультетінің студенттері Р.М. Жамиева, Г.Б. Султанбекова, Л.К. Аренованың жетекшіліктерімен жеңімпаздар атанды және марапатталды.


2017жылы 3 курс студенттер тобы Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Республикалық Олимпиадада 2 орын алды (оқытушылар Г.В. Оленберг, З.Б. Жуманбаева, Ж.Ж. Жумабаева), Астана қ. ҚазГЮУ Республикалық Олимпиаданың үздік 5-тігіне еңді (оқытушылар Р.М. Жамиева, В.Е. Сухотерин, Л.К. Аренова).


2017 жылдың 30 қарашасында РФ Курк қ. проф.Е.Г. Мартынченко атындағы Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінде «Соттық-сарапшы және жедел іздестіру, криминалистикалық, қылмыстық іс жүргізу тәжірибесі призмасы арқылы қылмыстық істер бойынша әділдікті жүзеге асыру» студенттер, бакалаврлар, магистранттар және доктаранттар арасындағы VІ Халықаралық ашық үздік ғылыми жұмыстар конкурсына қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен заң факультетінің студенттері дипломдармен марапатталды.




2016 жылы заң факультетінің студенттері және магистранттары қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ПОҚ ғылыми жетекшілігімен РФ Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетіндегі Халықаралық ашық үздік ғылыми жұмыс конкурсына қатысты және диплом иегерлері атанды.

2016 жылдың 7 желтоқсанында «Болашақ» академиясының құқықтық пәндер кафедрасы ЖОО арасында «Мен-криминалист» конкурсын өткізді. Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушылары Г.Б. Султанбекова, В.Е. Сухотериннің жетекшіліктерімен О.Е. Ридель (4 курс) және Н.М. Бельгужанованың құрамындағы ҚарМУ студенттер тобы Қарағанды қаласының ЖОО арасындағы «Мен-криминалист» конкурсында 2-ші орын алды.
3 курс студенті М.М. Кабдулмажитова – «Заманауи құқықтық мансап» тақырыбы бойынша «Үздік жұмыс» номинациясында Қазақтанның Заңгерлер бірлестігінің «І» дәрежелі дипломымен марапатталды (ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент Р.М. Жамиева).

Тәрбиелік жұмыс
Университет және заң факультетінің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында тәрбие жұмысы өткізіледі. Жұмыс келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• қоғамдық-саяси, патриоттық және құқықтық тәрбие
• адамгершілік, эстетикалық, этностықмәдени дамыту мен тәрбие
• студенттің ғылыми-зерттеушілігі мен шығармашылығы
• әлеуметтік жұмыс
• спорттың жаппай түрлерін дамыту және салауатты өмір түрлерін насихаттау
• жемқорлық және діни экстремизм әрекеттерін алдын алу
• жатақханаларда тәрбиелік жұмыс
Кафедрада тәрбие жұмысы топ кураторы және инсппектормен жүзеге асырылады. Куратор студенттердің үлгеріміне және сабаққа қатысуына негізгі назарын аударса ал инспектор тарапы бақылайды. Кафедра тұрақты негізде үлгерім барлауын жүргізеді.
Кафедра кураторлары тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тақырыптық кураторлық сағат өткізіледі. Бірінші курста кураторлар топпен танысады. Ережеге сәйкес, білім күні университеттің басшыларымен бірінші курс студенттердің кездесулеріне қатысады. Кураторлар жетекшілік топпен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археология және этнография мұражай; табиғат мұражайы кездесуді ұйымдастырады. Кураторлар кураторлық сағатта студенттерді Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің этикалық нормаларымен таныстырады жән түсіндіреді ҚарМУ де кез келген сыбайлас жемқорлықпен күрес, Қазақстан Республикасында антикоррупциондық саясатқа арнаулы тақырыпта кураторлық сағат өткізіледі және республикада антикоррупциондық заң талданып талқыланады.
Студенттер мен оқытушылардың Жаһандық халықаралық «No Dresscode» жобасына қатысу сәтінен


Университет, факультет және кафедра басшылары ағымдағы оқу жылдың жетекші топ студенттерін құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, өкілеттерімен кездесулер өткізіледі. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Шайзадаев Б.А. студенттермен кездесуі.

Жетекші топтың студенттері ғылыми зерттеушілік үйірмелерге, аймақтық, республикалық студенттердің олимпиада мен конференцияларына қатысады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырған «Крим-Экс» олимпиадасы жүлдегерлері



Кафедра студенттердің адамгершілік, мәдени-эстетикалық, этномәдени тәрбиесіне көп назар аударады. Дәстүрге арналған К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Орыс Халық Достық орден драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, Кеншілер мәдениет сарайы, бейнелеу көркем өнер облыстық мұражайы барады. Жетекші топтардың студенттерімен діни мәселер бойынша пікірталастар, әңгімелер, діни экстремизм мәселелер талқыланады. Жетекшілік топтардың студенттері әр түрлі ұлттық мерекеге, ұмытылмас күндерге, мерекелік шараларға студенттер белсенді қатысып, әзірленіп дайындалады «Студенттердің қатысуы», «Үздік топ», «Үздік студент», «Үздік куратор» конкурстарға қатысады.
Тәрбие жұмысының ең негізгі бағыты болып кафедра кураторы отан сүйгіштік тәрбие деп санайды. Студенттермен бірге кураторлар мерекелік шараларға, Қазақстан Республика халқының тілдер күніне, мерекелік шаралардың өткізілуіне және ұйымдастырылуына, Ұлы Отандық Соғыс Жеңістер күніне арналған шараларға, университеттің және факультеттің ардагерлер кездесуіне қатысады, сонымен қатар кафедраның лабораторияларын, оқу корпусындағы аймақтарды сәулеттендіру мәселесі жан-жақты қарастырылады.
Куратор жұмысының маңызды бөлімшесі спорттың жаппай түрлерін дамыту және салауатты өмір түрлерін насихаттау. Топпен бірге куратор әр түрлі акцияларға, спартакиадаларға, конкурстарға және дөңгелек үстелдерге қатысады. Мысалы, Жетекшілік топтардың студенттері факультет арасында Ректор Кубогының спартакиасына қатысады: шаңғы жарыс, баскетбол, волейбол, столдық теннис, шахматтар, оңай атлетикалық кросса және футбол.
Әртүрлі акциялар өткізіледі «Шылым тарту – бұған уақыт жоқ» немесе «Жастар ЖИТС пен нашақорлыққа қарсы күрес». Ал жатақханаларда «Я делаю вызов наркомании» конкурс өткізіліп тұрады.
Кураторлық топтың студенттері Облыстық бірлескен «Фтизиатрия» туберкулез ауруының алдын алу мәселесі бойыншы, ЖИТС таралуының алдын алу орталығы мен наркодиспансер өкілдерімен және дәрігерлермен кездесулерге қатысады.
Жатақханалардағы жұмыстар бойынша жауапты оқытушылар салауатты өмір салты, көркемөнер, әдеби, ғылыми жететістіктер, жастар саясатының дамуының ішкі және сыртқы өзекті мәселелер бойынша стендтер, және жатақханалардағы бұрыштарды рәсімдеуге көмектеседі, жатақханалардағы саяси-тәрбиелік және мәдени-жаппай жұмыстары бойынша факультет пен кафедрада өткізіледі.
Студенттер қауіпсіздік техника және жатақханаларды тұру ережелермен танысу мақсатымен университтің жатақханалар бойынша жорықтар ұйымдастырылады.
Сенбіліктегі оқытушылар мен студенттер

Top