Ректордың құттықтау сөзі

Құрметті достар!

Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – тамырын тереңге тартқан еліміздегі ең ірі көпсалалы университеттердің бірі.

Қазiргi қоғамның дамуы, экономикалық өркендеу, тұрмыс сапасы, ұлттық қауiпсiздiк бiлiм берумен, ғылым ілгерлеуімен, ғылыми зерттеулер нәтижелерiнің тәжірибелік қолдану тиiмдiлiгiмен анықталады. Қазiргi әлемде бiлiм мен ғылым жалпыадамзаттық құндылықтардың қатарына енген, көпшілікке танылған, мойындалған құндылық болып табылады.

Университеттiң ерекше миссиясы қоғамның серпінді дамуына негiзгі қызмет ететін ғылым және білім беру ықпалдастығында жүзеге асырылады. Классикалық университеттер, оның ішінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ маңызды қоғамдық және мәдени миссияны орындайды. Олар ғылым мен білім беру мұратына, интеллектуалдық бостандықты iске асыруға, мемлекет пен қоғамның бірқалыпты дамуына қомақты үлес қосуға, жас ұрпақтың тәрбиесіне ұдайы қызмет ету үлгісі болып табылады.

Бiздiң университет классикалық университеттер дәстүріне сүйене отырып, университеттiк бiлiм берудің жоғары деңгейі мен іргелілігін өзгерiссiз сақтайды. ҚарМУ Қазақстанның ағарту, ғылым және мәдениеті көшбасшыларының бірі болып табылады. Бұл — жоғары дәрежелі мамандықтар кадрларының жоғары деңгейі, үздіксіз ғылыми ізденіс, бостандықтың гуманистік мұратты мақсаттарына, жақсылық пен әділдікке бағдарлану.

Қазіргі таңда ҚарМУ – серпінді дамушы университет. Біз бакалавр дайындау шеңберінде 75 мамандық бойынша, сонымен қатар магистратурада — 51 және PhD докторантурада — 12 мамандық бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауды жүзеге асырамыз. Дәл қазіргі уақытта 12 факультетте 10 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар білім алады. Біз қазіргі қоғамның талабына орай жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырамыз, түлектер бакалавриаттан кейін оқуын әрі қарай магистратура мен PhD докторантурада жалғастыра алады. ҚарМУ 27 шетел жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтармен бірлесе отырып магистрлар мен PhD докторларды дайындайды.

Университеттің басты игілігі жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы болып табылады. Бүгінде университетте „Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы„ атағының 137 иегері, ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғылыми мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның 24 лауреаты, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның 57 лауреаты қызмет етеді. Университет мамандықтары жыл сайын білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингісінде озық ұстанымға ие болып отыр.

ҚарМУ беделі белсенді халықаралық ынтымақтастық арқылы анықталады. Университетіміздің әріптестері қатарына түрлі қоғамдық және мемлекеттік институттар, республикамыздағы университеттер, таяу және алыс шетел университеттері кіреді. Олар: Орталық-Азиялық менеджментті дамыту қоры (CAMAN), ИНТАС, ТАСИС, Білім беру және тілдерді оқыту аумағындағы ынтымақтастық бойынша америкалық кеңес (АКСЕЛС), Неміс академиялық айырбастау қызметі (ДААД), Британ Кеңесі, Франция, Италия, Корея елшілігі, Якобс университеті (Германия), Макс Планк атындағы этнология институты (Германия), Эйндховен техникалық университеті (Нидерланды), Брайтон Университетінің фармакология және биомолекулалық ғылымдар мектебі (Ұлыбритания), Массачусет технология институты (АҚШ), Басков университеті (Испания), Вроцлав технология университеті (Польша), Карлов университеті (Чехия), Синьцзян университеті (Қытай), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Томск политехникалық ғылыми-зерттеу университеті (Ресей), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚМЭБИ және т.б. Бұл студенттік мобильділіктің дамуы үшін кең өріс.

2005 жылдың мамырында ҚарМУ Қазақстанның алғашқы ЖОО санатында жоғары білім берудің айтулы халықаралық ұйымдарының бірі — Университеттердің Ұлы Хартиясына мүше болды, штаб-пәтері итальяндық Болоньяда, Европаның ежелгі университетінде. ҚарМУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы Бас рейтингінің көпбейінді университеттері арасында көшбасшылардың үштігіне, QS World Universities Rankings университеттердің әлемдік рейтингісіне, Webomеtrix әлемдік рейтингісіне кіреді.

ҚарМУ-да білім алу тек еліміздің жастарын ғана қызықтырып қоймайды. Университет қабырғасында таяу және алыс шетелден жүзден астам шетелдік студент білім алады. ҚарМУ-дың бәсекеге қабілеттілігі дамыған инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі. ҚарМУ – бұл 11 оқу ғимараты, 1,7 миллион кітап қоры бар ғылыми кітапхана, заманауи оқу залдары, электрондық ресурстар залдары; 6 тұрмысқа жайлы жатақхана, санаторий-профилакторий, студенттік тұрмыстық кешен, қоғамдық тамақтану комбинаты; қала сыртындағы тәжірибе базасы және демалыс аймағы; қазіргі заманғы спорттық ғимараттар.

Университетіміздің даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Классикалық университеттің дәстүрлерін сақтап, үздіксіз білім мен іргелі білімді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандартын қолдану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті сақтау, еліміздің Президенті Жолдауындағы қағидаларға негізделген әлеуметтік саясатты іске асыру – бұл біздің болашағымыздың көрінісі.

ҚарМУ-да білім алу – бұл тұрақты болашақтың кепілі.

Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне қош келдіңіздер!

Еркін Қинаятұлы Көбеев, ЖМ ХҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор

Top