Жатақхана туралы ақпарат

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы

Жатақханадан орын алу үшін өтініш беруге қажетті құжаттар тізімі

1) жатақханадан орын беру туралы өтініш

2) ата-анасының біреуі немесе ата-аналары қайтыс болған жағдайда, әлде жетім балалар үйінен анықтама (бар болған жағдайда);

3) оралман куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін);

5) мүгедек екендігін растау туралы анықтама;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Қала сыртындағы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және дайындық бөлімінің тыңдаушыларына қоныстандыру үшін университет қарамағына көпқабатты 6 зәулім жатақхана бар.

Коменданттар мен факультет декандары бірлесіп, білім алушыларды жатақханаларға орналастырады. Қоныстандыру бөлмені беру туралы қол қойылған келісім шарт, тұрғын үй комиссиясымен берілген ордер, жатақханада тұру ақысын төлеу туралы түбіртек, медициналық анықтама негізінде жүзеге асырылады.Барлық алты жатақханада санитарлық-гигиеналық және құрылыс нормаларына сәйкес тұру үшін қажетті жағдай жасалған, онда өз бетінше дайындалуға арналған бөлмелер, демалыс бөлмелері, асханалар, изоляторлар, себезгі бөлмелері, жуынатын бөлмелер, дәретханалар бар.

Әр жатақханада шаруашылық қызметтерге арналған арнайы есепке алу журналдары бар: онда студенттер туындаған ақаулар туралы жазба қалдырады, ал олар, өз кезегінде, белгіленген мерзімде жөнделіп отырады. Әрбір секцияда өрт қауіпсіздігі техникасы ережелері туралы нұсқаулар, бөлмелерді жинау кестесі, тұрып жатқан студенттердің тізімі, жатақханалардың студенттік кеңестің, әр қабаттағы старосталардың құрамы туралы дерек бар.

Жатақханаларда тұратын студенттер үшін студенттік тұрмыстық кешені қызметі көрсетеді.

Жатақханаларға іргелес аумақтарда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары апта сайын жүргізіледі. Жатақхана коменданттары студенттік кеңестермен бірлесіп, сенбіліктер мен таза бейсенбілерді өткізу кестесін жасайды. Факультет кафедраларында Кафедра күнін өткізу жоспары, оқытушылардың мереке және  жұмыс күндері жатақханаларға келу кестесі жасалған.

Әкімшілікке, деканаттарға тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсету және жатақханада тұратындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жатақханаларда жыл сайын жатақханалардың Студенттік кеңесі құрылады.

Барлық жатақханаларда ақпарат стендтерінде Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздері, салауатты өмір салты, құқық бұзушылық профилактикасы бойыншаақпараттар көрсетілген.Жатақханаларды пайдалануға берілген уақыт:

  • Жатақхана №1 – 1976.
  • Жатақхана №2 – 1976.
  • Жатақхана №3 – 1978.
  • Жатақхана №4 – 1978.
  • Жатақхана №5 – 1983.
  • Жатақхана №6 – 1985.

Жатақханаларда тұратын жер ауқымы- » 6,5 м².

Жататын жалпы орын сандары – 2200 орын.

Жатақханалардың тұрғын үй-коммуналдық жағдайы:

  1. Лифт – әр жатақханада орналасқан.
  2. Буфет – әр жатақханада орналасқан.
  3. Ортақ асхана – жатақнаның әр қабатында орналасқан.
  4. Электр плитаның болуы – әр қабатта 2 электроплита бар.
  5. Тұрмыстық тоңазытқыштар – бөлмелерде.
  6. Теледидар – әр жатақхананың демалыс бөлмесінде бар.
  7. Медициналық пункттің болуы – 3 жатақанада және студенттік денсаулық орталығы.
  8. Ыстық су – бар.
  9. Жуынатын бөлме – бар.
  10. Душ – әр жатақханада ерлелерге және қыздарға арналған душ бөлмесі бар.
  11. Дәретхана – әр секцияда бар.
  12. Кір жуатын бөлме – бірінші қабатта орналсқан.
  13. Киім үтіктейтін бөлме – әр қабатта орналасқан.
  14. Кірді кептіру бөлмесі – әр қабатта бар.
  15. Демалыс бөлмесі – әр жатақхананың бірінші және жоғарғы қабатында орналасқан.
  16. Оқу залы – әр жатақханада бар.
  17. WI-FIтаратузонасы- әр қаббат бар.
  18. Бірінші қабатта жеке заттарды сақтау камералары шаруашылық және спорттық заттарды сақтайтын арнайы бөлме орналасқан.


















Top