Жастар ісі жөніндегі комитеті

Жастар ісі жөніндегі комитет туралы

ЕРЕЖЕ

  • Жалпы ережелер

Жастар ісі жөніндегі комитет (бұдан әрі – ЖІК) Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорға бағынады және университет ректорына қатар бағынады.

 

  1. Бөлімшенің бағыты мен негізгі қызмет түрлері

2.1. Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесуге және оны жан-жақты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеуге; университетте, факультеттерде, топтарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысуға, студенттік топтарда өзара жәрдем, шығармашылық жағдайды қалыптастыруға бағытталған.

  • Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:

– университеттің қоғамдық ұйымдарының жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, жастар мәселелерін уақтылы шешу, студент жастардың құқықтарын сақтауды және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру;

– жоғарғы тұрған орындармен, жастар ұйымдарымен университет жастарының мәселелерін іс жүзінде және өзекті шешуге қатысты мәселелер жөнінде өзара іс-қимыл жасау болып табылады;

2.3. Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі қызмет түрлері:

– университетте Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу;

–   Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңында белгіленген құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

–   университет студенттерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес жүргізу;

–   жастардың өзін-өзі басқару органын дамытуға, жастардың мағыналы бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

–   қоғамдық-саяси, құқықтық, патриоттық, адамгершілік, этномәдени тәрбие бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

–   діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

–   студент жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру мен спортты дамыту;

–   жастардың ұжымдық және жеке кәсіпкерлік қызметін дамыту;

–   студенттердің сабақтардан бос уақытта жұмыспен қайтала қамтылуын жүзеге асыру болып табылады.

  1. СМЖ шеңберіндегі негізгі макропроцестер мен рәсімдердің тізімі

Тәрбие үдерісі.

ПК-КДМ.ВП.01: Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың құқықтарын сақтауды және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

ПК-КДМ.ВП.02: Университеттің қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі басқару органдары мен қызығушылық бойынша клубтардың қызметін үйлестіру;

ПК-КДМ.ВП.03: Діни экстремизмнің, студент жастардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес жүргізу;

ПК-КДМ.ВП.04: Қоғамдық-саяси, құқықтық, патриоттық, адамгершілік, этномәдени тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

 

  1. Бөлімшенің штат кестесі және лауазымдық құрамы

Төраға, ЖІК маманы.

_________________________________________________

 

Top