Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі

Жалпы ақпарат
Білім сапасын бағалау мен мониторинг бөлімі жөнінде бұйрық

Білім беру сапасын бағалау
және мониторинг бөлімі
жөнінде

Аймақтық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің уставы негізінде және университеттің құрылымын жетілдіру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Білім беру сапасын бағалау және мониторинг бөлімін жеке құрылымдық бөлім мәртебесінде оқу-әдістемелік басқармасының құрамынан шығару.
  2. Білім беру сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы етіп Д.В.Дьяковты тағайындау.
  3. Білім беру сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің университет ректорына тікелей бағынуын белгілеу.
  4. Жоспарлау -экономикалық бөлімі білім беру сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің 6 орыннан тұратын , соның ішінде 1 бастығының, 2 бас маман, 1 маман, 2 әлеуметші маман орындарынан тұратын штаттық кестесін даярласын .
  5. Жоспарлау -экономикалық бөлімі стратегиялық даму орталығының штаттық кестесінен 2 инженер-әлеуметшіні шығарып, білім беру сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің штаттық кестесіне 2 маман әлеуметшіні енгізсін.
  6. Ұйымдастыру-шаруашылық жұмысы жөніндегі проректор білім беру сапасын бағалау және мониторинг бөлімін қажетті офистік жиһазбен қамтамасыз етсін.
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор С.Т.Каргинге жүктелсін.

Об отделе оценки и
мониторинга качества
образования

На основании Устава РГКП Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова и в целях оптимизации структуры университета

ПРИКАЗЫВАЮ:

  1. Вывести отдел оценки и мониторинга качества образования из состава УМУ со статусом самостоятельного структурного подразделения.
  2. Установить прямое подчинение отдела оценки и мониторинга качества образования ректору университета.
  3. Назначить начальником отдела оценки и мониторинга качества образования Дьякова Д.В.
  4. Планово-экономическому отделу подготовить штатное расписание отдела оценки и мониторинга качества образования из расчета 6 единиц, в том числе 1 единицу начальника, 2 единицы ведущего специалиста, 1 единицу специалиста, 2 единицы специалиста-социолога.
  5. Планово-экономическому отделу исключить из штатного расписания центра стратегического развития 2 единицы инженера-социолога и включить в штатное расписание отдела оценки и мониторинга качества образования 2 единицы специалиста-социолога.
  6. Проректору по ОХР обеспечить отдел оценки и мониторинга качества образования необходимой офисной мебелью.
  7. Контроль за исполнением данного приказа возложить на проректора по учебно-методической работе Каргина С.Т.
Ректор Е.К.Кубеев
Визы:
Проректор по учебно-
методической работе
Каргин С.Т.
Начальник УМУ Гаголина С.В.
Главный бухгалтер Ильясова Г.А.
Начальник планово-
экономического отдела
Ибишева М.Ж.
Начальник отдела кадров Айтжанова Р.М.
Юрисконсульт Глушко И.Ю.
Білім сапасын бағалау мен мониторинг бөлімінің қызметкерлері
  • Дьяков Дмитрий Викторович – бастық, филология ғылымдарының кандидаты
  • Мамраева Гульмира Баймаганбетовна – жетекші маман
  • Бекбергенова Гульнар Ермековна – маман
  • Резвушкина Татьяна Александровна  – социолог
  • Шаимова Динара Ермоловна – социолог

Байланысулар:
Мекенжай: Қарағанды қ., Университеттік к., 28, 1 корпус, 220 каб.
Тел.: 8-7212-77-01-36
E-mail: monitoring@ksu.kz

2016-2017 оқу жылына арналған БСБМ бөлімінің жұмыс жоспары
Білім сапасын бағалау мен мониторинг бөлімі әзірлеген Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ішкі нормативтік құжаттары

Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі әзірлеген

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ішкі нормативтік құжаттары
1. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі білім сапасының мониторинг жүйесі туралы ереже, 2014ж.
2. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі әлеуметтік сауалнамалар өткізудің әдістемелік инструментарийі, 2013ж.
3. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар кұрамын аттестаттаудан өткізу туралы, 2013ж.
4.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар кұрамын аттестаттаудың әдістемелік нұсқаулығы, 2013ж.
5. 2014 ж. құжатталған рәсімдері: «Білім алушыларды қабылдау сапасына талдау жүргізу», «Білім алушылар үлгерімінің академиялық көрсеткіштеріне  талдау жүргізу», «Бітіруші курс алдындағы білім алушылардың біліміне қорытынды срез жүргізу», «Студенттердің оқу жетістіктерін Сырттай бағалау бойынша дайындық іс-шараларын жүргізу», «Білім алушыларды даярлап шығару сапасына  талдау жүргізу», «Тұтынушылардың қанағаттануын бағалау», «Қызметкерлердің біліктілігін бағалау».

Университет профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби жетістіктерін автоматтандырылған есепке алу бағдарламасын енгізу туралы
ҚарМУ профессорлық-оқытушы құрамының кәсіби жетістіктерінің электронды мәліметтер банкі туралы ақпарат
Білім алушылардың әлеуметтік сауалдамасының нәтижелері бойынша жасалған іске асыру ұсынымдарды туралы ақпарат
Жұмыс берушілердің әлеуметтік сауалдамасының нәтижелері бойынша жасалған іске асыру ұсынымдарды туралы ақпарат
ҚарМУ білім сапасының мониторинг жүйесі туралы ереже

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі

білім сапасының мониторинг жүйесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1 Білім сапасының мониторинг жүйесін университет факультеттері білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің басшылығымен жүргізеді.

1.2 Білім сапасының мониторинг жүйесі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бекітілген құжатталған рәсімдері мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

1.3 Білім сапасының мониторингі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың сапа менеджменті жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

1.4 Сапа менеджменті көп жағдайда оқу үдерісі аясында жүзеге асырылады.

1.5 Мониторингілік рәсімдер жоспарлы түрде ұйымдастырылуы қажет.

1.6 Сапа мониторингінің қорытындылары аналитикалық анықтамалар (есептер, баяндамалар) түрінде ресімделіп, университеттің алқалы органдарының отырыстарында қаралуы тиіс.

1.7 Сапа мониторингінің қорытындылары түзету және превентивті шараларды қабылдау аясында қаралуы тиіс.

1.8 Университеттің қазіргі үдерістерін ұйымдастырумен байланысты ішкі нормативтік құжаттар сапаны қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

1.9 Сапа мониторинг жүйесіне қойылатын талаптар:

  • жүйе білім беру үдерісінің негізгі қатысушыларына бейімделуге тиіс;
  • жүйенің қызметі өткізілетін мониторингтің айқындығын және оның қорытындыларының университет ұжымы үшін ашық болуын қамтамасыз етуге тиіс;
  • жүйе кері байланыс қағидасының сақталуын қамтамасыз етуге және жалпы сапаны арттыру бойынша қабылданған түзету шараларының жүзеге асырылуын талдануды қарастыруға тиіс;
  • жүйе университет өмірі айналымының үдерісін жетілдіруге бағытталған әр түрлі мониторинг түрлерін қарастыруға тиіс;
  • жүйе мониторингтің қабылданған талаптарына сәйкес келуге және қабылдау, ағымдағы үлгерім мен бітіру сапасының талдау қағидаларының сақталуын және білім беру үдерісіне қатысушылардың қанағаттанушылығын қарастыруға тиіс;
  • жүйе қабылдау, ағымдағы үлгерім мен бітіру кезеңдерінде білім алушылардың академиялық мәліметтерінің корреляциясын қамтамасыз етуге тиіс.

2. Білім беру сапасы мониторингісінің негізгі түрлері

2.1 Мониторингтің оқу үдерісімен байланысты негізгі түрлері қабылдау сапасының мониторингі, білім алушылардың ағымдағы үлгерімдерінің мониторингі, білім алушылардың алған білімінің мониторингі, білім алушылардың бітіру сапасының мониторингі, оқу үдерісін ұйымдастыру сапасының мониторингі, пәндердің оқытылу сапасының мониторингі, білім алушылардың көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттану мониторингі, жұмыс берушілердің бітірушілер дайындығын деңгейіне қанағаттану мониторингі, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби дамуының мониторингі, оқытушылардың басқару жүйесіне және еңбек шарттарына қанағаттану мониторингі болып табылады.

3. Білім беру сапасы мониторингі түрлерінің сипаттамасы

3.1 Қабылдау сапасының мониторингі университеттің білім беру бағдарламасына оқуға түсетін талапкерлердің академиялық дайындығын бағалауды қарастырады.

3.1.1 Қабылдау сапасының мониторингі талапкерлердің оқуға түсуін сынау нәтижелерінің талдауы аясында жүзеге асырылады.

3.1.2 Талдауда емтихан материалдарын меңгеру сапасының бағасы, қабылдаудың алдыңғы жылдардағы динимикасы болуы керек.

3.1.3 Талдау нәтижелері білім алушылардың академиялық дамуын бағалауда қабылдаудың жеке алғандағы шешімі болып табылады.

3.1.4 Қабылдау сапасын бағалау келесі қағидалармен жүзеге асырылады:

  • оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша (талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу) қабылданған 1 курс білім алушыларының орташа балы;
  • қабылданған білім алушылардың емтихан материалдарын сапалы игеру көрсеткіші (орташа, пайыз сапасы);
  • қабылдаудың соңғы екі жылындағы сапалық көрсеткіштердің динамикасы;
  • динамика сипатына себеп болған факторлар;
  • күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің сапалық көрсеткіштері ара қатысының деңгейі;
  • мамандарды дайындау бағыттарындағы сапалық көрсеткіштер ара қатысының деңгейі;
  • факультеттер арасындағы сапалық көрсеткіштер ара қатысының деңгейі;
  • жоғары сапалық көрсеткішті мамандықтардың болуы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті мамандықтардың болуы;
  • шығармашылық және шығармашылық емес мамандықтардың сапалық көрсеткіштерінің ара қатысы.

3.1.5 Білім алушыларды қабылдаудың сапасын талдауды өткізу тәртібі ПК-ОМКО.УП.01. құжатталған рәсіммен регламенттелген.

3.2 Ағымдағы үлгерім мониторингі семинарлық сабақтар, коллоквиумдар, оқытушының жетекшілігімен өтетін өздік жұмыс, өз бетінше дайындалу, емтихандар мен іс-тәжірибеден өту шеңберінде білім алушылардың дамуын бағалауды қарастырады.

3.2.1 Білім алушылардың ағымдағы дамуын бақылау рейтингтік жүйе арқылы жүзеге асырылады.

3.2.2 Ағымдағы үлгерім мониторингі семестрлік сессиялар мен білім алушылардың тәжірибелік дағдыларының қорытындыларын талдау аясында жүзеге асырылады.

3.2.3 Талдау сессиялардың академиялық көрінісінің бағалануын, оның ішінде факультеттер, мамандықтар, емтихан пәндері тұрғысынан білім алушылардың үлгерімдерінің артуы мен білім сапасының дамуын қамтуы қажет.

3.2.4 Тәжірибелік дағдыларды талдау оқу барысында теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын білім алушылардың кәсіби дамуына баға беруді қарастырады.

3.2.5 Білім алушылардың ағымдық үлгерімін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • білім алушылардың емтихандық сессияға қатысу көрсеткіші;
  • білім алушылардың үлгерім көрсеткіші;
  • білім алушылардың білім сапасының көрсеткіші;
  • білім алушылардың орташа балы;
  • соңғы екі жыл сессиясының сапалық көрсеткіштерінің динамикасы;
  • күндізгі және сырттай оқу бөлімдері сапалық көрсеткіштерінің ара қатысы;
  • оқу тілдері арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • оқу курстары арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • 1 курс білім алушыларын қабылдау сапасымен емтихандық сессияның сапалық көрсеткіштерінің ара қатысы;
  • білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясын, студентеттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалауда пәндер арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • факультеттер арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті мамандықтардың болуы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті пәндердің болуы;
  • көптіліді топтардағы студенттердің үлгерімінің талдауы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті мамандықтар мен пәндердің пайда болуына себеп болған факторлар.

3.2.6 Білім алушылардың академиялық көрсеткіштерінің үлгерімін талдауды өткізу тәртібі ПК-ОМКО.УП.02. құжатталған рәсіммен регламенттелген.

3.3 Алған білім мониторингі білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы мониторингінің тиімділігін бағалауды қарастырады.

3.3.1 Алған білім мониторингі пәндер бойынша білім алушылардың бітірушінің алдындағы курста/ бітіруші курста аралық білімдерін бақылау нәтижелерін талдау аясында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бойынша жүзеге асырылады.

3.3.2 Талдау үзік және емтихан қорытындыларының, көрсеткіштердің үзілуінің салыстырмалы бағасын қамтуға және білім алушылардың алған білім деңгейінің төмендеу себептерін айқындауға тиіс.

3.3.3 Білім алушылардың алған білімін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • білім алушылардың кешенді тестілеуге қатысу көрсеткіші;
  • білім алушылардың алған білім деңгейінің көрсеткіші;
  • білім алушылардың алған білім сапасының көрсеткіші.
  • білім алушылардың орташа балы;
  • алдыңғы жылдардағы білім берудің академиялық бейнесі контекстінде бітіруші курс білім алушыларының алған білім деңгейі;
  • соңғы екі жылдағы бақылау үзіктерінің сапалық көрсеткіштер динамикасы;
  • оқу тілі арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • мамандықтар арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • оқу мерзімдері арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • пәндер арасындағы сапалық көрсеткіштердің ара қатысы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті мамандықтардың болуы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті пәндердің болуы;
  • төменгі көрсеткішті мамандықтар мен пәндердің пайда болуына себеп болған факторлар.

3.3.4 Бітіруші курста/бітіруші курстың алдағы курста білім алушылардың білімін тексерудегі бақылау үзіктерін өткізу тәртібі ПК-ОМКО.УП.03 құжатталған рәсіммен регламенттелген.

3.4 Бітіру сапасының мониторингі білім алушылардың ЖОО-да оқыған әр кезеңдерінде олардың даму мониторингінің тиімділігін бағалауды қарастырады.

3.4.1 Шығару сапасының мониторингі бейінді пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар мен диплом жұмыстарын қорғау қорытындыларын талдау аясында жүзеге асырылады.

3.4.2 Талдау бітіруші курс білім алушылар үлгерімінің жалпы академиялық көрінісі мен әлеуетті мамандардың теориялық дайындық деңгейінің бағасын қамтуға тиіс.

3.4.3 Бітіру сапасын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • білім алушылардың қорытынды аттестаттауға қатысу көрсеткіші;
  • мемлекеттік емтиханда және бітіру жұмысын қорғауда алған оң бағалар көрсеткіші;
  • мемлекеттік емтиханда және бітіру жұмысын қорғауда алған үздік және жақсы бағалар көрсеткіші;
  • мемлекеттік емтиханның және бітіру жұмысын қорғаудың орташа балы;
  • күндізгі және сырттай оқу бөлімі сапалық көрсеткіштерінің ара қатысы;
  • бітірушілердің шығару көрсеткіштері;
  • бітірудің академиялық тарихы контексінде қорытынды аттестаттаудың сапалық көрсеткіштері (қабылдау сапасын, ағымдық үлгерім сапасын, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу сапасы);
  • факультеттер арасындағы сапалық көрсеткіштер ара қатысы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті мамандықтардың болуы;
  • төменгі сапалық көрсеткішті пәндердің болуы;
  • қорытынды аттестаттау пәндері бойынша қанағаттанғысыз бағалардың болуы.

3.4.4 Білім алушылардың бітіру сапасының талдауын өткізу тәртібі ПК-ОМКО.УП.05. құжатталған рәсіммен регламенттелген.

3.5 Оқу үдерісін ұйымдастыру сапасының мониторингі мемлекеттік білім беру стандарттарының, жоғары оқу орындары қызметтерінің типтік ережелерінің, ҚарМУ-да оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ереженің талаптарын есепке ала отырып, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерін бағалауды қарастырады.

3.5.1 Оқу үдерісін ұйымдастыру сапасының мониторингі қоғамдық аккредитация мен мемлекеттік аттестациядан өту мақсатымен факультеттер өткізген комиссиялық өзін-өзі бақылау үдерісінде жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері жоғарғы оқу орындары және білім беру бағдарламаларындағы өзін-өзі бағалау/ өзін-өзі аттестаттау бойынша есеп беруде көрсетіледі.

3.5.2 Мамандықтың қамтамасыз етілуін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • мамандықты қамтамасыз ететін кадрлық құрамның лицензиялық талаптарға сәйкестігі;
  • пәндердің академиялық бағыттылықтарының оқу жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін оқытушылардың біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі;
  • мамандықтың оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу деңгейінің лицензиялық талаптарға сәйкестігі;
  • мамандықтың электрондық тасымалдауда дереккөздерімен қамтамасыз етілу деңгейінің лицензиялық талаптарға сәйкестігі;
  • мамандықтың пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарының оқу-әдістемелік кешендерінің болуы;
  • кәсіби іс-тәжірибелер бағдарламаларының болуы;
  • мамандық пәндері бойынша университет кафедралары оқытушыларымен әзірлеген әдістемелік әзірлемелердің болуы;
  • бітіру жұмыстар тақырыптарының өзектілік деңгейі;
  • оқу сабақтары кестесін құрастыру сапасы;
  • оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану деңгейі;
  • білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру сапасы;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру сапасы;
  • білім алушылардың академиялық жетістіктерінің деңгейі;
  • оқу аудандарының лицензиялық талаптарға сәйкестігі;
  • мамандықтың оқу-зертханалық базамен, аудиториялық фондпен, арнайы мамандандырылған кабинеттермен қамтамасыз етілуі;
  • білім алушылардың жас ұрпақтың компьютерлік техникалық лицензиялық талаптарына сай қамтамасыз етілу деңгейі;
  • білім алушылардың оңтайлылық бағдарламасы бойынша қатысуы;
  • алған мамандықтары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі.

3.5.3 Кафедра жұмысының тиімділігін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • кафедраның кадрлық әлеуетінің деңгейі (ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың үлесі, оқытушылардың біліктілік сипаттарының кафедра бейініне сәйкестігі, оқу пәндерін бөлу қағидасының негізділігі, оқытушылардың орташа жасы, кадрлық сабақтастықтың қамтамасыз етілуі);
  • оқытушылардың біліктілігін арттыруда келешек жоспардың болуы;
  • оқу-әдістемелік кешендердің кафедраның міндетті пәндерінің типтік бағдарламаларына сәйкестігі;
  • пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкестігі;
  • оқу-әдістемелік кешендердің ресімдеу бойынша ішкі талаптарға сәйкестігі;
  • номенклатуралық папкалардың кафедраның бекітілген іс номенклатурасына сәйкестігі;
  • кафедраның жұмыс жоспарының болуы;
  • кафедраның жылдық есебінің болуы;
  • кафедра отырысы хаттамаларының болуы;
  • факультет кеңесі, деканат жұмыс жоспарларының кафедра қызметінің негізгі үш үдерісін (оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие үдерістері) жүзеге асырумен байланысты мәселелерді қарастыруға бағыттылығы;
  • кафедра отырыстарында пәндердің берілуі мен оқытылуы сапасына байланысты сұрақтардың, білім алушылардың үлгеріміне, білім алушылардың ұсынылған қызмет сапасына қанағаттанушылығына, іс-тәжірибелердің ұйымдастырылу сапасына, кәсіптік-үгіт насихат жұмыстарының нәтижелілігіне, оқу-әдістемелік әдебиеттердің басып шығарылу сапасына, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейіне, сапа менджменті жүйесінің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырылу жиілігі;
  • кафедраның академиялық бейініне сәйкес оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, әдістемелік нұсқаулықтардың болуы;
  • білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру сапасы;
  • білім алушылардың оқу және кәсіби іс-тәжірибелерін ұйымдастыру сапасы;
  • ашық сабақтар мен өзара қатысу кестелерінің болуы;
  • ашық сабақтарды талдау айқындылығы, өзара қатысу журналдарын толтыру сапасы, қатысу нәтижелері бойынша түзету шараларының болуы;
  • бітіру жұмыстарының тақырыптарын бекіту айқындылығы;
  • ғылыми жетекші тағайындау кезінде білім алушылардың мүдделерін сақтау;
  • оқытушылардың, магистранттардың, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сапасы (ҒЗЖ, СҒЗЖ орындау туралы жоспарлар мен есептердің болуы, ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу, оқытушылардың және білім алушылардың ғылыми басылымдары туралы мәліметтер банкінің болуы);
  • кафедра оқытушыларының кәсіби жетістіктері электрондық Банкінің болуы;
  • кафедраның ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы (біріккен ғылыми жобалардың болуы және олардың нәтижелілігі, ғылым бойынша халықаралық гранттардың болуы, шетелдің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамалардың болуы);
  • кафедраның материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі (жеке бөлменің, кеңсе жиһазының, заманауи компьютерлік техниканың болуы);
  • кафедраға оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті оқу әдебиеттерінің, оқытудың техникалық құралдарының, зертханалық, арнайы кабинеттердің болуы.

3.5.4 Деканат жұмысының тиімділігін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • факультет мамандықтарындағы жұмыс оқу жоспарларының типтік құжаттарға сәйкестігі;
  • мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларының академиялық күнтізбеге сәйкестігі;
  • академиялық сабақтар мен емтихандар кестесінің мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкестігі;
  • номенклатуралық папкалардың деканаттың бекітілген іс номенклатурасына сәйкестігі;
  • факультеттің сапа саласында мақсаттардың болуы;
  • факультет Кеңесінің, деканат, әдістемелік кеңес жұмыстары жоспарларының болуы;
  • факультет, деканат Кеңестері жұмыстары жоспарларының факультет қызметінің негізгі үш үдерісін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыруға бағытталғандығы (оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие үдерістері);
  • факультет Кеңестерінің, деканат, әдістемелік кеңестер мәжілістері хаттамаларының болуы;
  • кафедра отырыстарында пәндердің берілуі мен оқытылуы сапасына байланысты сұрақтардың, білім алушылардың үлгеріміне, білім алушылардың ұсынылған қызмет сапасына қанағаттанушылығына, іс-тәжірибелердің ұйымдастырылу сапасына, кәсіптік-үгіт насихат жұмыстарының нәтижелілігіне, оқу-әдістемелік әдебиеттердің басып шығарылу сапасына, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейіне, сапа менджменті жүйесінің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырылу жиілігі;
  • факультеттердің жылдық есебінің болуы;
  • деканат іс номенклатурасында қарастырылған есеп журналдарын жүргізу сапасы;
  • білім алушылардың аралық бақылау көрсеткіштері есебінің өз уақытында жүргізілуі және сапасы;
  • факультет туралы Ережелердің және факультет жұмыскерлерінің қызметтік нұсқаулықтары туралы көшірмелердің болуы;
  • қызметтік нұсқаулықтарда деканат қызметкерлерінің танысқандығы туралы қолының болуы;
  • факультеттегі оқу, ғылыми және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру бойынша ішкі ережелердің болуы;
  • факультеттің дәрісханалық қоры санитарлық жағдайының деңгейі;
  • факультеттегі ақпараттық стенділер жағдайының деңгейі (бекітілген оқу сабақтары мен емтихан кестелерін орналастыру стенді; СМЖ стенді; ОЖСБ стенді).

3.6 Пәндерді оқыту сапасының мониторингі университетте әдістемелік жүйенің дамуы мен оқу жоспарында қамтылған нақты пәндердің ғылыми-әдістемелік, зертханалық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейінің бағасын қарастырады.

3.6.1 Пәндерді оқыту сапасының мониторингі кафедра меңгерушілерінің, кафедра мүшелерінің, факультеттің әдістемелік комиссия өкілдерінің, ғылыми-әдістемелік кеңес өкілдерінің, сапа жөніндегі арнайы комиссия мүшелерінің бақылау сабақтарына қатысулары аясында жүзеге асырылады.

3.6.2 Сабаққа қатысуды ұйымдастыру түзету іс-шараларын жүзеге асырумен байланысты, оның ішінде оқытушыларды аттестаттау нәтижелері бойынша жоспарлы түрде болады.

3.6.3 Сабақтарға қатысудың нәтижелері кафедра мен әдістемелік кабинеттегі арнайы журналдарда тіркеледі, сол сияқты ҚарМУ-дың ғылыми-әдістемелік кеңесінде және кафедра отырыстарында талқылануы қажет.

3.6.4 Пәндерді оқыту сапасының мониторингі аясында оқу-әдістемелік кешендердің, курстық кейстер мен басқа да оқу-әдістемелік басылымдардың сапасына баға берілуі қажет.

3.6.5 Пәнді оқыту сапасын бағалау пәннің қамтамасыз етілуімен; дәрістік және семинар сабақтарының өткізілу деңгейімен; білім алушылардың оқытушының жетекшілігімен өздік жұмысын ұйымдастыру сапасымен байланысты критерийлер бойынша жүзеге асырылады.

3.6.6 Пәндердің қамтамасыз етілуін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің типтік құжаттарға сәйкестігі;
  • пәннің орыс және қазақ тілдерінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу деңгейі;
  • пәннің электрондық оқулықтармен, курстық кейстермен, электрондық курс дәрістерімен, слайдттық презентациялармен, видеокурстармен қамтамасыз етілу деңгейі;
  • пәннің оқытылуында техникалық жағдайлардың сапасы (арнайы мамандандырылған кабинеттердің пайдаланылуы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, лингафондық кабинеттердің т.б.);
  • пәннің кадр мамандармен қамтамасыз етілу дәрежесі (ғылыми атақ дәрежесі бар оқытушылардың болуы);
  • пән бойынша оқу сабақтарының өткізілу сапасы;
  • пәннің берілу сапасының кафедра меңгерушісі, кафедраның әдістемелік бюросы, факультеттің әдістемелік комиссиясы тарапынан бақылану формасы.

3.6.7 Дәрістік сабақты өткізу сапасын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • дәріс мазмұнының пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген тақырыптық жоспарға сәйкестігі;
  • дәрістің анық құрылымы;
  • дәріс тақырыбын ашудағы дәектілік;
  • дәрістің ғылымилығы және ақпараттылығы;
  • дәрістің кәсіби және дүниетанымдық бағыты;
  • дәрістің теориялық жағын растайтын мысалдардың, фактілердің және дәлелдердің негізіділігі;
  • дәріс мазмұнында пәнішіндегі және пәнаралық байланыстардың ұйымдастырылуы;
  • жаңа терминдер мен атауларды түсіндіруде, жасаған қорытындыға назар аудартуда, жалпылауда әдіс-тәсілдерінің болуы;
  • көрнекі құралдарды, пәннің оқу-әдістемелік кешенін, үлестіру материалдарын, интерактивті әдістерді, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану негізділігі;
  • дәрістік материал көлемінің оқу уақытына қатынасы;
  • білім алушылардың аудиториямен кері байланыстың болуы.

3.6.8 Семинар сабақтарын өткізу сапасын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • семинарлық сабақ мазмұнының пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген тақырыптық жоспарға сәйкестігі;
  • ұсынылатын тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың болуы;
  • меңгерілетін тақырыпты талқылауда ғылыми әдістің болуы;
  • оқыту түрі мен әдісінің меңгерілетін материал мазмұнына сәйкестігі;
  • көрнекіліктер, пәннің оқу-әдістемелік кешенін, үлестіру материалдарын, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану негізділігі;
  • оқытушы мен білім алушылардың туындаған мәселелерді талқылаудағы өзара қарым-қатынас деңгейі;
  • оқытуда жеке тәсілдің болуы;
  • білім алушылардың семинар сабаққа дайындық деңгейі;
  • білім алушылардың белсенділігі;
  • білім алушылардың білімін бағалау айқындылығы.

3.6.9 Зертханалық сабақты өткізу сапасын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • зертханалық сабақ мазмұнының пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген тақырытық жоспарға сәйкестігі;
  • білім алушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізу;
  • зертханалық жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау;
  • зертханалық жұмысты орындау бойынша анықтамалық әдебиеттің, құралдардың, әдістемелік нұсқаулықтардың болуы;
  • оқу зертханасының сабақты өткізуге қажетті жабдықтармен жабдықталуы;
  • берілген зертханалық жұмысты өткізу үшін білім алушылардың теориялық және практикалық дайындығының деңгейі;
  • білім алушыларды белсендендіру әдіс-тәсілдердің негізділігі;
  • еңбекті ұйымдастыруда ғылыми тәсілдің болуы;
  • зертханалық жұмысты өткізу барысында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру деңгейі;
  • білім алушылар білімін бағалау айқындылығы.

3.6.10 БОӨЖ ұйымдастыру сапасын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • БОӨЖ өткізу кестесінің болуы;
  • БОӨЖ сабақтары мазмұнының пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген тақырыптық жоспарға сәйкестігі;
  • БОӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың болуы;
  • БОӨЖ танымдық тапсырмаларының нақты құрылымы;
  • тапсырмаларды орындау үдерісінде оқытушы мен білім алушының өзара әрекетінің деңгейі мен түрі;
  • білім алушылардың өздік жұмысын бағалау айқындылығы.

3.6.11 Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ОӘК) сапасын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • ОӘК құрылымының әзірлеу және ресімдеу бойынша ішкі талаптарға сәйкестігі;
  • міндетті пәндердегі ОӘК мазмұнының типтік бағдарлама талаптарына сәйкестігі;
  • курс бойынша талаптардың қолжетімді баяндалу деңгейі;
  • дәріс тезистерінің ақпараттандырылу деңгейі;
  • семинар сабақтарының тақырыптарында проблемалық аспектінің болуы;
  • БОӨЖ, семинар сабақтар жоспарының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың болуы;
  • шығармашылық тапсырмалардың болуы;
  • библиографиялық тізімнің жаңашыл деңгейі;
  • библиографиялық тізімде электрондық ақпарат көздері мен Интернет-ресурстарға сілтемелердің болуы;
  • библиографиялық тізімде кафедра, факультет, университет оқытушылары мен жазылған еңбектердің болуы;
  • білім алушыларға өзін-өзі тексеру үшін ұсынылатын тест тапсырмаларының сапасы;
  • емтихан сұрақтары мазмұнының пәнді меңгеруде тақырыптық жоспарға сәйкестігі.

3.6.12 Пәндерді оқыту сапасының мониторингін өткізу тәртібі ПК-ОМКО.УП.03, ПК-ОМКО.УП.04 құжатталған рәсімдерде регламенттелген.

3.7 Білім беру үдерісіне қатысушылардың қанағаттанушылық мониторингі іс-тәжірибе базасы өкілдерін, жұмыс берушілерді, оқытушыларды, білім алушыларды әлеуметтік сауалнама көмегімен сұрау арқылы ұсынылған қызмет сапасының бағалануын қарастырады.

3.7.1 Білім алушылардың әлеуметтік сауалнамалары оқытудың жағдайы, пәндердің берілуі, оқу үдерісінің ұйымдастырылу сапасы туралы т.б. докторлар мен магистранттардың, студенттердің пікірлерін анықтауға бағытталған болуы тиіс.

3.7.2 Оқытушылардың әлеуметтік сауалнамалары жоғарғы оқу орнының басқару жүйесіндегі тиімділіктер туралы пікірлерді анықтауға бағытталған болуы керек.

3.7.3 Жұмыс берушілердің және іс-тәжірибе базасы өкілдерінің әлеуметтік сауалнамалары бітіруші түлектер мен практиканттардың теориялық және практикалық дайындығының сапасы туралы пікірлерді анықтауға бағытталуы керек.

3.7.4 Әлеуметтік сауалнамаларды ұйымдастыру жоспарлы түрде болуы керек және бағдарламалармен басқарылуда оқу үдерісінде субъектілердің қатысуын қамтамасыз етуі керек.

3.7.5 Әлеуметтік сауалнамалар әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуі керек.

3.7.6 Әлеуметтік зерттеу нәтижелері анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсынылған ұсыныстармен көрсетілуі керек.

3.7.7 Жасалған ұсыныстарды тарату университеттің стратегиялық құжаттары аясында, іс-шаралар жоспарларында, коллегиялық органдардың хаттамалық шешімдерінде т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

3.7.8 Білім алушылардың қанағаттанушылығын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • мамандықты, факультетті, ЖОО-ны таңдауда қанағаттанушылық көрсеткіші;
  • білім алу жағдайына қанағаттанушылық көрсеткіші;
  • білім алу сапасына қанағаттанушылық көрсеткіші;
  • білім алу нәтижелеріне қанағаттанушылық көрсеткіші.

3.7.9 Оқытушылардың қанағаттанушылығын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • университеттің менеджмент жүйесіне қанағаттанушылық көрсеткіші;
  • ақпараттандыру жүйесіне қанағаттанушылық көрсеткіші;
  • жұмыс шарттарына қанағаттанушылық көрсеткіші.

3.7.10 Жұмыс берушілер мен іс-тәжірибе базасы өкілдерінің қанағаттанушылығын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • бітіруші түлектердің теориялық және практикалық дайындық деңгейіне қанағаттанушылық көрсеткіші;
  • бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілердің қызығушылығының көрсеткіші;
  • ҚарМУ-мен ынтымақтастық форматына қанағаттанушылық көрсеткіші.

3.7.11 Қанағаттанушылық мониторингін өткізу тәртібі КП.ПУ.02/ПВ.ПУ.02 үдеріс картасымен регламенттелген.

3.8 Профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби дамуының мониторингі оқытушының келешекте кәсіби дамуын анықтауда атқарған қызметіне сай болуын бағалауда және оның кәсіби қызметінде проблемалық аспектілердің анықталуын қарастырады.

3.8.1 Оқытушының кәсіби даму мониторингі аттестаттау арқылы жүзеге асырылады.

3.8.2 Оқытушының кәсіби алға басуын бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

  • ғылыми дәрежесі мен атағының болуы;
  • оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының, әдістемелік нұсқаулықтарының, көрсеткіштерінің, пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің болуы;
  • электрондық оқулықтарының, оқыту бағдарламаларының, курстық кейстерінің, электрондық дәріс курстарының, оқу курстары презентацияларының, бейнекурстарының болуы;
  • ғылыми мақалаларының, монографияларының болуы;
  • өнер табыстарына патенттердің болуы;
  • Қазақстанның және шетелдің рейтингілік баспаларында басылымдарының болуы;
  • диссертациялық зерттеулерге оппонент ретінде қатысу;
  • PhD докторлықты қорғау бойынша диссертациялық кеңестерінің жұмысына қатысу;
  • PhD докторлар мен магистрлерді дайындаудың нәтижелілігі;
  • қаржыландырылған ғылыми жобаларға қатысудың нәтижелілігі;
  • біріккен білім беру бағдарламаларына қатысудың нәтижелілігі
  • біліктілікті арттыру сертификатының болуы;
  • академиялық мобильдік бағдарламаларына қатысу;
  • оқытушының қоғамдық белсенділігі;
  • оқытушының пәні бойынша білім алушылардың академиялық үлгерімі;
  • оқытушының жетекшілігімен орындалған білім алушылардың ғылыми басылымдардың болуы;
  • білім алушылардың оқытушының оқу пәндерін түсіндіру сапасына қанағаттанушылық деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша);
  • оқу сабақтарын оқытушылармен өткізудегі әдістемелік деңгей (сапа бойынша эксперттің бағасы).

3.8.3 ПОҚ-тың кәсіби даму мониторингін өткізу тәртібі «ҚарМУ профессорлық-оқытушы құрамын аттестаттаудан өткізу туралы Ережемен» және КП.ПУ.03 /ПВ.ПУ.03 үдеріс картасымен регламенттелген.

4. Ереженің нормативтік негізі

Осы Ереже Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың сапа менеджмент жүйесінің талаптары есебімен құрастырылған.

Қосымша

Ішкі нормативтері

Мониторинг түрі

Критерийлер

 

Норматив

 

Бак.

 

Маг.

 

Докт.

Қабылдау сапасы

Оқуға түсу емтихандарын тапсыру сапасының көрсеткіші

60%

60%

60%

Үлгеру сапасы

Емтихандық сессияда қатысу көрсеткіші

90%

90%

98%

Жалпы үлгерім көрсеткіші

80%

90%

95%

Сессияны тапсыру сапасы

60%

75%

90%

 

Алған білімдерінің сапасы

Білімін бақылау үзігіне қатысу көрсеткіші

95%

95%

95%

Оң бағалар көрсеткіші

70%

70%

70%

Алған білімдерінің сапасының көрсеткіші

65%

65%

65%

 

Бітіру сапасы

Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қатысу көрсеткіші

90%

90%

95%

Оң бағалар көрсеткіші

90%

95%

100%

Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды тапсыру көрсеткіші

70%

80%

90%

Білім алушылардың қанағаттанушылығы Жоғарғы оқу орнын, факультетті, мамандықты таңдауда қанағаттанушылық көрсеткіші

65%

85%

95%

Білім беру сапасы мен оқытудың шарттарына қанағаттанушылық көрсеткіші

65%

85%

95%

Жұмыс берушілер мен практика базалары өкілдерінің қанағаттанушылығы Теоретикалық және практикалық дайындыққа қанағаттанушылық көрсеткіші

85%

95%

100%

**

Оқытушылардың қанағаттанушылығы Жұмыс шарттарымен және басқару жүйелеріне қанағаттанушылық көрсеткіші

60%

**

Оқу үдерісін ұйымдастыру сапасы Университеттің білім беру қызметін лицензиялау Ережелерінің талаптары

100%

ОЖСБ көрсеткішінің 4 балдық жүйеге ауысуы бойынша ҰТО шкаласы

ОЖСБ көрсеткішінің 4 балдық жүйеге ауысуы бойынша

ҰТО шкаласы

Шкала НЦТ перевода показателей ВОУД в 4-балльную систему

ОЖСБ балы / Балл ВОУД

 

Әріптік эквивалент/ Буквенный эквивалент

 

4-тен баға/Оценка из 4

200-ден /

из 200

 

50-ден / из 50

147-200

37-50

А

4,0

133-146

34-36

А-

3,67

126-132

32-33

В+

3,33

119-125

30-31

В

3,0

112-118

28-29

В-

2,67

105-111

26-27

С+

2,33

91-104

23-25

С

2,0

77-90

20-22

С-

1,67

63-76

16-19

D+

1,33

50-62

13-15

D

1,0

0-49

0-12

F

0

Білім алушылардың оқу пәнінің оқытылу сапасын бағалауға арналған сауалнама(каз.рус.)
2016-2017 оқу жылындағы әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ білім алушылары мен оқытушыларының қанағаттану көрсеткіштері

Факультеттер

Білім аушылардың ҚарМУ-дағы оқу сапасына қанағаттану көрсеткіші

ПОҚ-тың ҚарМУ-дағы басқару жүйесі мен еңбек жағдайына қанағаттану көрсеткіші

Қанағаттану көрсеткішінің сипаттамасы

Студ.

Магистр.

Доктор.

1.

Математика және АТ факультеті

94%

95%

100%

95%

жағымды

2.

Педагогика факультеті

95%

97%

100%

95%

жағымды

3.

Тарих факультеті

93%

95%

100%

95%

жағымды

4.

Биология-география факультеті

95%

97%

100%

94%

жағымды

5.

Дене шынықтыру және спорт факультеті

97%

97%

жоқ

94%

жағымды

6.

Химия факультеті

96%

96%

100%

93%

жағымды

7.

Философия-психология факультеті

94%

96%

жоқ

93%

жағымды

8.

Физика-техникалық факультеті

95%

96%

100%

92%

жағымды

9.

Филология факультеті

95%

97%

100%

92%

жағымды

10.

Заң факультеті

91%

97%

100%

91%

жағымды

11.

Шет тілдері факультеті

95%

95%

100%

90%

жағымды

12.

Экономика факультеті

94%

95%

100%

90%

жағымды

2016-2017 ОЖ бөлінісінің үлгерімдік көрсеткіштері

2016-2017 оқу жылындағы нәтижелері бойынша факультеттер
бөлінісінің үлгерімдік көрсеткіштері
Показатели успеваемости обучающихся в разрезе факультетов
в 2016-2017 учебном году
Бірінші семестр/Первый семестр

Факультеті/Факультет

Үлгерімдік көрсеткіші/
Показатель успеваемости, %

4-тен орташа балы/
Средний балл из 4

1.

Педагогикалық /Педагогический

99%

3,7

– бакалавриат

98%

3,2

– магистратура

100%

3,9

– докторантура

100%

4,0

2.

Математика және ақпараттық технологиялар/Математики и информационных технологий

99%

3,7

– бакалавриат

98%

3,2

– магистратура

100%

3,8

– докторантура

100%

4,0

3.

Тарих /Исторический

99%

3,6

– бакалавриат

98%

3,2

– магистратура

100%

3,7

– докторантура

100%

4,0

4.

Биология-географиялық /Биолого-географический

99%

3,6

– бакалавриат

98%

3,1

– магистратура

100%

3,8

– докторантура

100%

4,0

5.

Дене мәдениеті және спорт/Физической культуры и спорта

99%

3,2

– бакалавриат

98%

3,0

– магистратура

100%

3,4

6.

Заң /Юридический

98%

3,5

– бакалавриат

95%

3,1

– магистратура

100%

3,5

– докторантура

100%

4,0

7.

Физика-техникалық /Физико-технический

98%

3,6

– бакалавриат

93%

3,1

– магистратура

100%

3,8

– докторантура

100%

3,9

8.

Философия-психология/Философско-психологический

98%

3,5

– бакалавриат

96%

3,2

– магистратура

100%

3,7

9.

Филологиялық/Филологический

98%

3,4

– бакалавриат

97%

3,1

– магистратура

100%

3,7

10.

Экономикалық /Экономический

98%

3,5

– бакалавриат

94%

3,1

– магистратура

100%

3,8

– докторантура

100%

3,7

11.

Шетел тілдер /Иностранных языков

97%

3,5

– бакалавриат

92%

3,0

– магистратура

100%

3,5

– докторантура

100%

3,9

12.

Химиялық/ Химический

97%

3,6

– бакалавриат

90%

3,1

– магистратура

100%

3,7

– докторантура

100%

3,9

 

Көрсеткіш диапазоны /Диапазон показателей:

 

 

– бакалавриат

90%-98%

3,0-3,2

– магистратура

100%

3,4-3,9

– докторантура

100%

3,7-4,0

Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамын аттестаттау
2015-2016 о.ж. оқытушыларының академиялық рейтингі (4.01.2017)
Бітіруші курс алдындағы курста білім алушылардың білімін тексеру бақылауын өткізу кестесі 2016-2017

Top