Қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы

Қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы (әрі қарай – Орталық) Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңын, ҚР БҒМ-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрықтарын, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ішкі ережелерін басшылыққа алады. Орталық мынадай мемлекеттік қызметтерді ұсынады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның телнұсқасын беру үшін құжаттарды рәсімдеу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру, жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауыстыру және қайта келтіру, шетелде білім алу үшін конкурсқа қатысу үшін, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде құжаттарды қабылдау, білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс ұсыну, жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақханалар ұсыну, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау, азаматтардың жекелеген санаттарына, сонымен қатар, қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) және патронатта тұрған тұлғаларға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының студенттері мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтануды ұсыну. Орталықтың құзыреттілігіне мынадай анықтамаларды беру кіреді:
– транскриптілер;
– студенттің жоо-да білім алу фактісін растайтын, соның ішінде ЗТМО үшін анықтамалар;
– әскери комиссариатқа ұсыну үшін анықтамалар;
– Елшілікке ұсыну үшін анықтамалар;
– шәкіртақы алу туралы анықтамалар;
– оқыту құны туралы анықтамалар;
– қосымша білім беру факультетінің тыңдаушылары үшін анықтамалар;
– қызметкерлерге жұмыс орнынан анықтамалар.
Байланыс: Университет көшесі,28 Тел.: 8 (7212) 79 39 96

Top