Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы

Телефоны: 8(7212) 77-04-25

E-mail: upo@ksu.kz

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бас-қармасы 2004 жылы құрылды.

Миссиясы. Жоғары білікті мамандар мен ға-лымдарды даярлау, үздіксіз білім беруді қам-тамасыз ету, халықаралық стандарттарға сәй-кес жаңа білім беру технологияларын әзірлеу.

Білім беру мен ғылымның бірігуі негізінде магистратура, аспирантура, докторантура ар-қылы қоғамды, экономиканы, өндірісті, ғы-лымды жетілдіру мәселелерін шешуге, соны технологияларды әзірлеуге қабілетті жоғары білікті ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадр-ларды даярлаудың нәтижелі жүйесін құру жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқарма-сының мақсаты болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бас-қармасының міндетттері:

  • магистратура, аспирантура, докторантура сияқты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түрлері шеңберінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педа-гогикалық кадрларды даярлауды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттікжалпыға міндетті білім беру стандарт-тарының талаптарына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру аясында оқу үдерісін ұйымдастыруды бақылау;
  • магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге көшіру және РҺО док-торлық бағдарламасын енгізу;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқу үдерісін жетілдіру жә-не оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша шараларды әзірлеу және өткізу;
  • ҚарМУ-дің оқытушылары, университеттіңғылыми-зерттеу институттары мен оқыту және ғылыми жетекшілікке қатыстырылатын басқа мекемелер ғалымда-рының ғылыми және педагогикалық әлеуетін тиімді пайдалану;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу үрдісінің қаржылық және ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуін нығайту және жетілдіру;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу және ғылыми-зерттеу құрам-дас бөліктерін біріктіру;
  • докторантура бағдарламаларын іске асырушы шетелдің аккредиттелген же-текші оқу-зерттеу орталықтарымен ғылыми айырбас туралы келісім-шарт жа-сау, кәсіптік кадрларды дайындау саласында ғылыми серіктестікті дамыту;
  • басқарма қызметіне талдау жасау, даярланатын ғылыми және ғылыми-педа-гогикалық кадрлардың лайықтылығы мен сұранысқа ие болуын айқындау, оқы-ту сапасын бағалау және диссертациялық зерттеулердің уақытында дайында-лып, қорғалуы.
Top