Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, ҚарМУ-дің бас ғимараты, 226 кабинет
Телефоны: 8(7212) 77-03-65
E-mail: opoiva@ksu.kz

Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының 2004 жылдың 21 маусымындағы бұйрығымен құрылған.

Қазіргі кезде құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі мына құрамда жұмыс істейді: Захарова Светлана Владимировна – құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің бастығы, Байкенжина Шырын Такеновна- құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің маман – заңгері.

1. Жалпы ережелер

Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі (әрі қарай – ҚҚЕ және ІАБ) академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей университет ректорына бағынады.

2. Бөлімшенің миссиясы және негізгі қызмет түрлері

ҚҚЕ және ІАБ-нің миссиясы – университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметін құқықтық қаматамасыз ету және ішкі бақылау.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • университет және оның құрылымдық бөлімшелерінің шарт жұмыстарын құқықтық қаматамсыз ету;
  • университет бойынша шығарылатын бұйрықтарды құқықтық қамтамасыз ету;
  • барлық сот сатыларында талап жұмыстарын жүргізу;
  • университеттің ережелерін және одан басқа ішкі құжаттарын құқықтық сүйемелдеу;
  • құқыққорғау органдарында университеттің мүддесін білдіру;
  • білім беру, ғылым және қаржы қызметтері бойынша келісімдерді құқықтық сараптауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік сатып алулар бойынша шарт міндеттерінің орындалу барысына бақылау;
  • сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылыққа қатысты сенім телефонына келіп түскен шағымдарды объективті қарастыру.
Top