Ғылыми-зерттеу институттары

ҒЗИ «Құқықтық зерттеу және мемлекеттану»

03.09.2013 ж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректордың бұйрығына сәйкес заң факультетінің «Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер» лабораториясының базасында «Құқықтық зерттеу мен мемлекеттану» ғылыми-зерттеу институты ашылды.

Ғылыми-зерттеу институт Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нде құрылымдық бөлімше ретінде фундаменталды, қолданбалы, институт қызметкерлерімен, оқытушылармен, магистранттар мен PhD докторанттарымен, заң факультетінің студенттерімен, басқа да мекемелер мен ұйымдардың ғалымдары мен мамандардың қатысуымен келісілген ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.

ҒЗИ «Құқықтық зерттеу мен мемлекеттану» өзінің құзыреті шегінде ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды:

ғылыми, құқықтық, жемқорлыққа қарсы және заңнамалардың лингвистикалық сараптамасын, тиісті мемлекеттік органдармен берілетін заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындау кезінде қатысу;

– мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша жеке заң жобаларына қорытынды беру;

– құқық актілердің жобаларына сараптама жасау, құқықтық мәселелер жөніндегі жазбаша қорытындыны дайындау бойынша ақылы қызмет көрсетуді орындау;

– «Құқықтық зерттеу мен мемлекеттану» ҒЗИ базасында жетекші ғылыми қызметкерлері мен тағылымдаманы өту туралы құжаттарды беру үшін ғылыми және ғылыми-тәжірибелік тағылымдамаларды ұйымдастыру мен өткізу;

– мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тапсырысы, сонымен қатар оларды өткізуге гранттарды тарту бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;

– халықаралық, республикалық конкурстар мен басқа да ғылыми зерттеулердің бағдарламаларына қатысу;

– ғылыми ұйыдармен және басқа да заңдық тұлғалармен, сонымен қатар шетел тұлғалармен тікелей шығармашылық байланыстарды дамыту;

– отандық және шетел университеттері және ғылыми орталықтарымен бірлесе отырып ғылыми зерттеулер өткізу;

 – ғылыми еңбектерді, мерзімдік ғылыми баспаларды шығаруды дайындау мен ұсыну;

– ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми-ұйымдастырушылық шараларды өткізу;

– оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, электронды оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, дәріс курстарын электрондық тасымалдаушыларда басып шығару;

– заңдық білім мен ғылымның дамуы мен заңнаманың жетілдіруі және оның тәжірибеде қолданылу мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары қызметінің бірігуіне мүмкінідк беру.

Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттерін шешу үшін келесідей жұмыс нысандары қолданылады:

халықаралық және ғылыми-зерттеу конференцияларына және әртүрлі деңгейдегі семинарларды (жергілікті, республикалық, халықаралық) ұйымдастыру және қатысу;

– Ғылыми еңбектерін дайындау: монографиялар, оқу-әдістемелік кешен, мақалалар және т.б.;

– ҒЗИ бойынша конкурстар мен гранттарға қатысу;

– Шаруашылық келісім-шарттар тақырыптарын құрастыру және жүзеге асыру.

«Құқықтық зерттеу мен мемлекеттану» институты мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдар ұжымымен бірлесе отырып конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының ПОҚ-ы жоғарғы ғылыми кадрлық потенциалы қойылған мақсаттарға жету бойынша нақты жоспарларды орындауға мүмкіндік берді.

Институтты конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгеруші з.ғ.к., доцент – Алтай Божқараұлы басқарады.

2013 жылы з.ғ.д., профессор Көбеев Е.Қ., з.ғ.к., профессор Мусилимова К.С., з.ғ.к., доцент Божқараұлы А., з.ғ.к., доцент Турлаев, з.ғ.к., доцент Жамиева Р.М., құқықтану магистрі Рустембекова Д.К. институт құрамының қызметкерлері ҚР БҒМ ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру конкурсына қатысты және нәтижесінде фундаменталды тақырып бойынша грантты ұтып алды: «Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері». Тақырыптың зерттеу кезеңі 2013 жылдан бастап 2015 жыл аралығында – жобаның жетекшісі з.ғ.д., профессор Көбеев Е.Қ. болып табылады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық құқықтық сұрақтары табылады.

Тақырып зерттеушілері Қазақстан және өзге мемлекеттерде өткен көптеген форумдар мен конференцияларға қатысты.

2015 жылы ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша бюджеттік бағдарлама шеңберінде жұмыстар басталды. 2015-2017 жылдар аралығында «Қазақстан мен қазіргі әлемдегі ювеналдық жүйенің қалыптасуы және дамуындағы бала құқығын конституциялық-құқықтық қорғау және қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша фундаменталды зерттеу жүргізіле бастады. (ғылыми жетекші – з.ғ.д., профессор). Осы жұмысқа з.ғ.д., профессор Ғ.З. Қожахметов, з.ғ.к., профессор Қ.С. Мусилимова, з.ғ.к., доцент Р.М. Жамиева, з.ғ.к., доцент Г.А. Ильясова, з.ғ.к., доцент А.В. Турлаев, з.ғ.к., аға оқытушы Г.Ү. Балгимбекова, PhD докторы Д.К. Рүстембекова, PhD докторанты Р.Б. Ботагарин, магистрлер А.Қ. Ыбырай, В.С. Исабековалар белсенді түрде қатысты.

Бала құқығының даму үрдісіне талдау жасау 2002 жылдың 8-тамызындағы «Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырылады. Зерттеудің жүйелік негізін бала мүддесін қорғау мақсатындағы мемлекет саясаты құрайды.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2015 жылдың 17 наурызында «Қазақстан Республикасындағы ювеналдық әділеттің даму перспективалары мен даму жай күйі» атты «дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстелде келесі бағыттар бойынша өзекті әрі ғылыми мәселелер талқыланды: Ювеналды әділет: теория, тәжірибе, Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі даму перспективалары; кәмелетке толмаған жас өспірімдердің конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру мәселелері; отбасы, ана мен бала мүдделерін қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелері.

Өткізілген дөңгелек үстелдің нәтижелері конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының «Ғылыми жазбалар. Қазақстан Республикасындағы ювеналдық әділеттің даму перспективалары мен даму жай-күйі» атты жыл сайынғы жинағында жарияланған болатын.

Зерттеу тақырыбы шеңберінде БҒҚ, тақырып жетекшісі з.ғ.д., профессор Е.Қ. Көбеев өзге де тақырып зерттеушілерімен бірге мазмұнында зерттеу тақырыбының кейбір негізгі бағыттары көрсетілген «Криминалистическая психология» оқу құралын, «Правовые основы ювенальной юстиции в Республике Казахстан» монографиясын шығарды.

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілерді жинау және талдау мақсатында орындаушылар белгілі бір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, оның нәтижесі бойынша орындаушылар дөңгелек үстелдер мен конференцияларда ғылыми баяндамалар жасады, және де журналдар мен мақалалар жинақтарында ғылыми мақалалар жариялады.

Институттың жұмыс атқару уақыты аралығында зерттеліп отырған тақырыптың қазіргі жай-күйін бейнелеген республикалық және шетелдік басылымдарда 200-ден астам ғылыми жұмыстар жарияланған.

«Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» институтының халықаралық ынтымақтастығы зияткерлік ресурстармен алмасу, академиялық ұтқырлық, сондай-ақ білім аралық және іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған өзара тиімді және әр түрлі елдердегі білім беру және ғылыми қызметтегі мақсатты өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылады.

2016 жылдың желтоқсанында заң факультетіне «Поляк Республикасының конституциялық құқығы» тақырыбында дәріс оқу үшін Вроцлав университеті конституциялық құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Кристиан Цомплак келді. Дәріс соңында сертификаттар берілді.

Ғылыми-зерттеу институтының ашылуы докторанттардың, магистранттардың, студенттердің және факультет оқытушыларының белсенді ғылыми-зерттеу жұмыс жасауына ықпал етеді. Институт PhD бағдарламасы шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, сонымен қатар ғылыми-зерттеушілік және кәсіби тәжірибе өту үшін тиімді база болып табылады.

САРЫАРҚА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 Қарағанды, Университет көшесі, 28-үй

Тел/факс – 8 7212 77 00 59

Emailsai@ksu.kz

 2003 жылыОрталық Қазақстанның археология бөлімінің негізінде академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының бұйрығымен Сарыарқа археологиялық институты құрылды және қазіргі уақытта өз қызметін 14.02.2008 ереже негізінде жүзеге асыруда.

САИ арнайы археологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыру мақсатында еңбек және материалдық ресурстарды шоғырландыратын, университеттің ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады.

Институттың  негізгі міндеттері:

  • Жаңа археологиялық ескерткіштерін анықтау мен ғылыми қазба жұмыстарын жүргізу;
  • Археология саласындағы археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді жан-жақты зерттеу негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • Бұзылу қаупіне ұшырайтын археологиялық ескерткіштерді анықтау мақсатында, жерді пайдалана отырып, құрылыс, мелиоративтік, іздестіру және өзге де жұмыстарға археологиялық сараптама жүргізу;
  • Археология ескерткіштерін консервациялау және реставрациялау;
  • Баспа қызметі;
  • Институттың қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Археологиялық тақырып бойынша дипломдық жұмыс жазуда, тарих факультетінің студенттеріне консультациялық және өзге де көмек;
  • Магистрантарды дайындауға қатысу;
  • Қазақстанның ежелгі тарихы туралы білімді насихаттау.

Институт қоймалармен қатар далалық археологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. (300 кв.м,  оның ішінде 190 кв.м – музей экспозициясының алаңы). Ғылыми қорлар қорында 100 мыңнан астам сақтау бірлігі бар.

САИ құрамына кіретін, археология және этнография музейінің экспозициясы университеттің археолог-ғалымдары В.В.Евдокимовтің басшылығымен (Рудковский И.В., Варфоломеев В.В., Ломан В.Г., Новоженов В.А, Чиндин А.Ю.) жасалды. Этнографиялық бөлімді жасақтауға Х.А.Бекбалакова және Э.Р.Усманова қатысты.

Экспозицияда тас дәуірінен бастап орта ғасырлар дәуіріне дейінгі адамзат тарихының барлық дәуірі,  сондай-ақ қазақ халқының шаруашылығы мен  тұрмыс-салт дәстүрлері ұсынылған  20 витрина орналасқан. Сонымен қатар петроглифтердің макеті, қола дәуірінің жерлеу үлгісі (алакөл мәдениеті), көне түркі тас мүсіндері, қазақ киіз үйі қойылған.

Қазақстанның өткен тарихы туралы білімді жан-жақты дамыту мақсатында САИ археология және этнография музейі барлық  мамандықтар студенттеріне, педагогикалық практика  және кәсіптік білім беру жұмысы аясындағы мектеп оқушыларына, сондай-ақ университет қонақтарына жүйелі түрде жалпы шолу экскурсияларын жүргізеді.

САИ базасында тарих факультетінің студенттеріне музейлік және археологиялық практика өтеді, Қазақстан тарихы, мәдениет тарихы бойынша сабақтар өткізіледі. Қор коллекциялары мен материалдарын пайдалана отырып, университетішілік, республикалық және халықаралық студенттік конференцияда курстық және дипломдық жұмыстар, ғылыми студенттік бағдарламалар  жазылады.

Институт Қазақстанның көне мәдени мұрасын сақтауымен және зерттеуімен байланысты үлкен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді. САИ қызметкерлері мынадай ғылыми бағыттар әзірледі: «Қола дәуірі және ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тарихының қайнар көзі ретінде – керамикалық ыдысты дайындау технологиясы», «Жерлеу дәстүрлері және әлеуметтік құрылымын және андроновтық мәдени-тарихи қауымдастықтың дүниетанымын реконструкциялау (б.д.д. 3-ші ғасырдың аяғы – 2-ші ғасырдың ортасы)», «Қазақтың ұсақ шоқылығындағы тастағы таңбалар».

Негізгі ғылыми нәтижелерді қысқаша сипаттай отырып, оларға мыналар жататынын айтуға болады:

  • Қола дәуіріндегі өңірді археологиялық және мәдени-тарихи кезеңдерге бөлуді әзірлеу;
  • Қола дәуіріндегі әйел костюмін қайта жаңғырту;
  • Қола дәуірінің соңғы кезеңін, яғни, беғазы-дәндібай мәдениеті қалалық өркениеттің ескерткіштерін ашу және зерттеу.

Институттың далалық зерттеулерінің нәтижесінде жаңа археологиялық көздердің елеулі корпусы алынып жүйеленді, сирек археологиялық артефактілер жиналды, оның ішінде б.з.д. XX ғасырмен мерзімделетін  далалық Еуразиядағы жалғыз металдық ыдыс, сонымен қатар орта қола дәуірінің сирек қару кешені (қанжар, жебенің ұштары, шоқпар).

САИ құрылғаннан бері 10 монография, 4 ғылыми жинақ, қазақстандық және шетелдік ғылыми археологиялық жинақтар мен журналдарға жататын басқа басылымдардағы 150 мақала шығарады.

САИ археологтарының жұмысы тек Қазақстанда ғана кең танымал емес. САИ Ресейдің, Германияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың түрлі ғылыми орталықтарымен – Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен ҚР БҒМ (Алматы), РҒА археология институтымен (Мәскеу), тау-кен ісінің орталық музейімен (Бохум қ., Германия), Неміс археологиялық институтымен (Берлин қ., Германия), Кембридж және Эксетер университеттерімен (Ұлыбритания), Питтсбург униветситетімен (АҚШ), Қазақстаннның (Астана, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Петропавл) және Ресейдің (Барнауыл, Челябинск, Санкт-Петербург, Омбы, Екатеринбург, Самара, Томск, Түмен) археологиялық орталықтарымен тұрақты байланыстар орнатылған.

2015 жылы Копенгаген университетінің (Дания) геогенетика Орталығының ғалымдарының қатысуымен  «Ерте үндіеуропалықтардың ДНҚ зерттеулері» атты ірі-масштабты халықаралық жоба бойынша жұмыстар басталды. Жобаның мақсаты Европа, Азия, Кавказ территорияларын ежелгі дәуірде мекен етушілердің миграциялық маршруттарын зерттеу болып табылады.

 2017 ЖЫЛҒА САИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРАМЫ.

  1. Ломан Валерий Григорьевич – директор, тарих ғылымдарының кандидаты
  2. Кукушкин Игорь Алексеевич – жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты.
  3. Дмитриев Евгений Анатольевич – кіші ғылыми қызметкер, магистр гуманитариялық ғылымдарының магистрі.
  4. Бедельбаева Марина Васильевна – археологияжәнеэтнография мұражайының меңгерушісі,тарих ғылымдарының кандидаты.
  5. Усманова Эмма Радиковна –археологияжәнеэтнография мұражайының инженері.
  6. Балиева Дина Аскаровна – археологияжәнеэтнография мұражайының инженері(іс-жүргузіші,экскурсовод).

Гранттық тақырыптар бойынша қызметкерлер:

 Варфоломеев Виктор Васильевич – кіші ғылыми қызметкер (0,5 ст.), тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология жәнеұлттық тарих кафедрасының доценті (тарих факультеті).

  1. Новоженов Виктор Александрович – кіші ғылыми қызметкер (0,5 ст.), тарих ғылымдарының кандидаты.
  2. Даку Дана Канатовна – инженер (суретші-құрылымдаушы).

ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ

 1972 ж. – Тарих факультетінің ҚазССР тарихы кафедрасында қоғамдық бастамаларымен археологиялық зерттеу зертханасы ашылуы (меңгерушісі – Зданович Г.Б., 1976 жылдан бастап. – Евдокимов В.В.).

26 наурыз 1981 ж. – Е.А. БукетовҚарМУ-де  археологияжәнеэтнография мұражайы ашылуы.

1986 ж. – тарих факультетінде оқу-әдістемелік және археологиялық зерттеу зертханасы ашылуы, 1988 жылы ғылыми зерттеу секторына беріліп, а археологиялық және ғылыми зерттеу зертхана-мұражайы аталды. В 1991 жылы Орталық және Солтүстік Қазақстанның факультетаралық археологиялық зертхана-мұражайы болып қайта ұйымдастырылды.  1994 жылызертхана-мұражай базасында ҚарМУ бірлескен А.Х. Маргұлан атындағы археологиялық Институтінің, Орталық-Қазақстандық бөлімі ашылды.  1995 жылға дейін бөлім меңгерушісі В.В. Евдокимов болды, 1995 жылдан – В.Г. Ломан.

2003 ж. университеттеғылыми-зерттеушілікСарыарка археологиялық институті ашылды (директор Ж.Е. Смаилов, 2005 жылдан – В.Г. Ломан).

Е.А.БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРМУ АРХЕОЛОГТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

(1976-2017жж)

Сарыарқаархеологиялықинститутутындажәнетарихфакультетіндееңбекететінқазақстандықуниверситеттеріарасындаеңүлкенбіліктіархеологтар отряды ҚарағандыМемлекеттікУниверситетіндешоғырланған. Өзматериалдарынпайдаланақорғалған 7 диссертация:

  • С.У.Жауымбаев. орталықҚазақстанныңкенісі мен көнеметаллургиясы (қоладәуірі). – Кемерово, 1984
  • В.В.Варфоломеев. ҚоладәуірініңсоңындағыСарыарқа. – Алма-Ата,1991.
  • В.В.Новоженов. Тарихкөзіболыптабылатынжартастағыарбаларбейнесі. (Энеолит пен қоладәуірікезіндегіЕуразиядаласытұрғындарыныңбайланысмәселесі). – Кемерово, 1992.
  • А.Ю.Чиндин. Типология, трасология, экспериментнегізіндегімезолит-эниолитдәуіріндегіОрталықҚазақстантайпаларыныңтасиндустриясы. – Санкт-Петербург, 1992.
  • В.Г.Ломан. Б.д.д. ІІ-ншімыңжылдықтың ІІ жартысындағыОрталықҚазақстантұрғындарыныңқышқұмыратехнологиясы. –Алматы, 1993.
  • И.А.Кукушкин. ҚоладәуіріндегіҚазақстантайпаларыныңотқатабынуы: динамикасы, қызметі. – Алматы,1993.
  • К.М.Карабаспакова. ҚоладәуіріндегіОңтүстікҚазақстан мен Жетісутайпалары. – Алматы, 1998.

жәнедебірдокторлық:

  • В.В.Евдокимов. ОрталықжәнеСолтүстікҚазақстандаласыныңқоладәуірі. Алматы, 2002.

1976 ж. 2017 ж. дейінОрталықҚазақстанаумағындаҚарМУархеологтарымен 800 жуықархеологиялықескерткішашылған, 26 көнеорындарындажәне 60 қорымдардақазбаларжасалған, жартассуреттерінің 14 орныбелгіленген. Қордағышоғырланған 100 мыңнанастамсақталымбірлігіматериалықышқұмыракәсібі, металлургия, үйқұрылысы, экономика, дүниегекөзқарасжәнекөнетұрғындардемографиясыаумағытуралыбіздіңтүсінігіміздікеңейтеді.

Қарағандыархеологтарыжұмыстарыныңнәтижесітуралыайтсақ, еңалдымен, қоладәуірін (б.з.д. ХХ-ІХғғ) кеңауқымдызерттеудіайтыпкетукерек. Олтаңғаларлықемес, өйткеніжергіліктімыскеніорындарыныңнегізіндеқұрастырылғаніріметаллургиялықошағысолдәуірдіңқазақстандықескерткіштерініңнегізгісаны ,асамаңыздыжәнеашық,  дәлосыҚарағандыоблысыаумағындашоғырланған. Ертеқоладәуірі (б.д.д. 3-інші мыңжылдықсоңы, Қарағашқорымы) қорғанкөмуорныныңҚарағандыоблысындаашылуытекҚазақстанүшінғанаемес ,тіптіжақынжатқанРесейаймақтарыархеологиясыүшінмағынасымаңызды.

Бұлтабысповолжойықтарихи-мәдениоблысытұрғындарыменАлтайдағыафанасьевмәдениетнішығарушыларынбайланыстырудыңжаңажолдарынанықтауғамүмкіндікберді. Алакөлмәдениетініңертекезеңіқорымдары (андронтарихи-мәдениортақтық, б.з.д. ХХ-ХVІ ғғ) алғашОрталықҚазақстандаанықталғанжәнезерттелген. СатанқорымыныңбіреуіндеСарыарқааумағындабірегейжәнеосыкүнгебірден-бірекіаяқтыкүймеарбаныңқалдықтарытабылған. Қоладәуіріескерткіштерінзерделеудегісоңғыжылдардағызерттеудіңқорытындыларыедәуір. Кентжеріндегі,солкезеңдееңауқымды (ауданы 150 мыңкв.м. жуық),  Қарағандыархеологтарыныңкөпжылдықжұмыстарысоңғықоладәуіріескерткіштерініңхронологиясынанықтауғамүмкіндікберді. Нәзікөрнекпенқапталғанерекшесүйекжәнемүйізденжасалғанзаттарбартабынусындықұрылысалғашретзерттелген. Қарағандыоблысыаймағындабасқадаіріқоладәуіріорындарыныңорналасқаныайтарлықтай – Мыржықжәне Бұғылы-1. ИмпорттықкүйіктастыңтабылуыосыүшескерткіштіңБатысСібірденОртаАзияғаөтетінкөнесаудажолындағынегізгібекетіболғанынайтады. Әрбірмекендегіондағантұрғынжәнекәсібиқұрылыстар, дамығанқолөнер, меншіктіметаллургияолардыпротоқаласанауғамүмкіндікбереді – қалалықөркениеттіңтүпбейнесі.  Алынғанархеологиялықмәліметтерқазіргідаласкиф-сакөркениетініңнегізіқаланғансоңғықоладәуіріуақытынасілтейді.Қышқұмыражәнеқұрылыссәулетініңөзіндікерекшеленетінқоламәдениетіненертетемірдәуірінеауысудыңболмысынтүсінудедоңғалтиптіескерткіштерініңерекшеленуітүбегейлімаңызыбар. ЕрекшеленузаңдылығыҚазақстанныңбасқааймақтарында, соныменқатарРесейдіңАлтайөңіріндедоңғалқышқұмыраескерткіштерініңашылуымендәлелденеді. Айтарлықтай, біздіңдаламыздаортағасырлықкөшпенділерденқалғанбүкілескерткіштер – көнетүркі, қыпшақжәнеАлтынОрдаменмоңғолшапқыншылықкезеңдегіескерткіштер – қаттыкөңілбөлудіталапетеді. Қазіргікездеоларжеткіліксізбіліптанылған.

Алынғанмәліметтердітоптаужәнеолардыңзаманауиғылымисараптамасықазақтардыңэтногенезінжәнеқазақмәдениетіқалыптасуындағықайнаркөзінзерттеудегіөзектімәселелеріншешугемүмкіндікбереді, өйткенібарлықдәуірлерде Сарыарқа Қазақстантарихындазоррөлатқарған.

1 Дария қорымы (Андронов мәдениет – б.з.б. 20-16)

2 Қаражартас қорымы (Беғазы-дәндібай мәдениет – б.з.б. 15-13)

3 САИ археология және этнография музейі

4 Мүйізге жасалған оюлар бұйым (қола ғасыры)

5 Қоладан айна. (Қыпшақтар)

6 Жезді ыдыс (қола ғасыры)

7 Мұражайдың этнографиялық бөлімі

8 петроглифтер қайта жаңарту

9 Найза ұшы (қола ғасыры)

10 Балбалтастар (ортағасырлық)

 

Сплойер
Сплойер
Top