Этикалық нормалар кодексі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің
Этикалық нормалар кодексі
Жалпы ережелер

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің осы Этикалық нормалар кодексі Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарына, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК Жарғысына, университеттің Ішкі тәртіп ережелеріне және жалпы моральдік-этикалық нормаларға сәйкес әзірленген.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Этикалық нормалар кодексінде университеттің білім алушылары мен қызметкерлері:

  • әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер;
  • профессорлық-оқытушылар құрамы;
  • оқу-қосалқы қызметкерлер;
  • колледж оқушылары, дайындық бөлімінің тыңдаушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар;
  • қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын этикалық қағидалар бекітілген.

Кодекс жалпыға танылған адамгершілік құндылықтарға, адам құқықтарының басымдықтарына, азаматтық қоғамның демократиялық идеяларына негізделе отырып, қатынастарды реттейді.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Этикалық нормалар кодексі:

  • толеранттылық;
  • ұжымдылық;
  • академиялық адалдық;
  • бірлескен ынтымақтастық қағидаларына негізделген.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Этикалық нормалар кодексінің мақсаты университетте өзара өзара сыйластық, тілектестік, ғылыми және шығармашылық ынтымақтастық жағдайын жасау болып табылады.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Этикалық нормалар кодексінің міндеттері:

  • тұлғаның интеллектуалды, мәдени және рухани дамуын қамтамасыз ету;
  • ұжымның әр мүшесінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • университет ұжымында қолайлы моральды-психологиялық жағдайды сақтау;
  • қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.

1 бап
Университет қызметкерлерінің міндеттері

  • университет мүдделері мен имиджіне зиян келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
  • жемқорлықтың кез келген құбылыстарына және жемқорлық үшін жағдай жасайтын әрекеттерге қарсы тұру;
  • мемлекеттік меншікке ұқыппен қарап, оны тиімді және орынды пайдалану;
  • жалпыға танылған моральдік-этикалық нормаларды сақтау;
  • ұлтаралық келісімнің нығаюына себептесу, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен салтына құрметпен қарау;
  • еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді және адал атқару;
  • бір біріне қатысты негізделмеген айып тағуға, дөрекілік фактілеріне, адамдық намысын аяққа таптауға, әдепсіздіктерге жол бермеу;
  • қол астындағы қызметкерлерді құқыққа қарсы әрекеттер немесе жалпыға танылған моральдік-этикалық нормаларға қайшы әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында белгілі болған мәліметтерді жария етпеу;
  • сыртқы түр-келбетінің өзінің университеттегі қызметі түріне сәйкестік қағидасын сақтау;
  • жұмыстан тыс уақытта жалпы этикалық нормаларды сақтау, қоғамға қарсы әрекеттерге жол бермеу.

2 бап
Әкімшіліктің міндеттері

  • кәсіби міндеттерін сапалы орындауға және денсаулығын сақтауға себептесетін еңбек жағдайларын жасау;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде бюрократизм құбылыстарына жол бермеу, белгіленген мерзімдерде өтініштер бойынша қажетті шараларды қабылдау;
  • қызметкерлерге олардың кәсіби қызметіне байланысты ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға себептесетін алғышарттарды анықтау және жою;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау.

3 бап
Профессорлық-оқытушылар құрамының міндеттері

  • ұжымдағы іскерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қолдау;
  • қолайлы моральдік-психологиялық атмосфераны қалыптастыру;
  • даулы жағдайларды шешуде әдептілік сақтау;
  • университеттің жоғарғы мәртебесін қолдау және нығайту;
  • кәсіби шеберлігін арттыру;
  • ғылыми және кәсіби этика нормаларын ұстану;
  • негізделмеген айып тағуға, адамгершілікке жат сипаттағы әрекеттерге, дөрекілік фактілеріне, балағаттауға, адамдық намысты аяққа таптауға, әдепсіздіктерге жол бермеу.

4 бап
Колледж оқушыларының, тыңдаушылардың,
студенттердің, магистранттар
мен докторанттардың міндеттері

 

  • университеттің барлық қызметкерлеріне және білім алушыларына қатысты әдептілік сақтау;
  • университеттің беделін қолдау және нығайту;
  • оқу тәртібін сақтау;
  • салауатты өмір салтын ұстану;
  • университеттің дәстүрлерін құрметтеу;
  • мүлікті қорғау, университетте тазалық пен тәртіп сақтау;
  • даулы жағдайларды шешуде принципті болу;
  • негізделмеген айып тағуға, адамгершілікке жат сипаттағы әрекеттерге, дөрекілік фактілеріне, балағаттауға, адамдық намысты аяққа таптауға, әдепсіздіктерге жол бермеу;
  • бір біріне қатысты толеранттылық қағидасын ұстану.

5 бап
Оқу-қосалқы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің міндеттері

  • ұжымда қолайлы моральдік-психологиялық жағдайды қолдау;
  • даулы жағдайларды шешу барысында әдептілік сақтау;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау;
  • мүлікті қорғау, университетте тазалық пен тәртіп сақтау.

6 бап
Академиялық бостандықты қамтамасыз ету

Ғылыми сын мен пікірталастарды академиялық қарым-қатынастың әдеттегі формасы ретінде қабылдау, ғылыми оппоненттердің пікірлеріне құрметпен қарау.

7 бап
Даулы жағдайларды шешу

Мүмкіндікті даулы жағдайлар кафедра, деканат, факультет Кеңесінде немесе құрылымдық бөлімшеде кезеңдеп шешілуі тиіс. Бөлімше деңгейінде дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда қызметкерлер университеттің Қоғамдық кеңесіне жүгінуге құқылы.

Жоғарыда айтылып кеткен шарттарды сақтау білім беру қызметіне қатысушылардың барлығына құрметпен қарауды қамтамасыз етеді және интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру үшін мүмкіндік береді.

Top