Nov 01

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін, Конституция негіздерін білу бойынша Олимпиада

2017 жылдың 31 қазанында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Жастар ісі жөніндегі комитет және заң факультеті ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы жоғары оқу орындарының студенттері мен әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін, Конституция негіздерін білу бойынша Олимпиада өтті. Бұл іс-шара мемлекеттік нышандарымыз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Туын, Әнұранын жастар ортасында танымал ету, …

Continue reading »

Oct 30

«Тарих тағлымы» атты ғылыми жоба

2017 жылдың 28 қазанында тарих факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кабинетінде облыс көлеміндегі мектеп оқушылары арасында «Тарих тағлымы» атты ғылыми жобалар байқауы өтті. Жас зерттеушілер Қазақстанның мәдениетіне, тарихы мен салт-дәстүріне арнаған ғылыми жобаларын ұсынды.

Oct 30

2017 жылдың 27 қазанында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жыл сайынғы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» акциясын өткізді.

Акцияға барлық мамандықтардың 1 курс студенттері, академиялық топтардың кураторлары және декандардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, студенттік ұйымдардың мүшелері қатысты. Акция барысында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қоғамдық кеңес төрағасы, бірінші проректор Жұмашев Рымбек Мұратұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Медет Талант …

Continue reading »

Oct 27

«CASH FLOW»

2017 жылдың 19 қазанында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «CASH FLOW» командасы экономика бойынша өткен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты XVI Республикалық олимпиадада жүлделі екінші орынды иеленді. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде өткен олимпиадада экономикалық мамандықтардың жоғары оқу орындарының командалары қатысты: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – «KGU United»; Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті – «ТИГУ»; …

Continue reading »

Oct 27

Құттықтаймыз!

Дене мәдениеті және спорт факультетінің І курс студенті Амоскин Никита Петропавл қаласында 2017 жылы 15–20 қазан аралығында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында спорттық акробатикадан І орын иеленді.

Older posts «

» Newer posts

Top