Ректордың құттықтау сөзі

Қадірлі достар!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жарқын тарихымен Қазақстан Республикасының үздік университеттері қатарында. ҚарМУ Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде, QS World Universities Rankings [Гиперсілтеме 1] үздік университеттерінің әлемдік рейтингінде, Webomеtrix [Гиперсілтеме 2] халықаралық рейтингісінде көпсалалы университеттер көшбасшыларының үштігіне еніп келеді.

Университеттегі мамандықтар ұлттық рейтингіде [Гиперсілтеме 3] алдыңғы қатарлы орынға ие. ҚарМУ-да бакалавриат бойынша 90-нан аса мамандық [Гиперсілтеме 4], магистратура бойынша 60-тан аса мамандық [Гиперсілтеме 5], PhD докторантура бойынша 12 мамандық [Гиперсілтеме 6] бар. ҚарМУ-дың 12 факультетінде 12 мыңнан астам студент, магистрант және докторант оқиды. Университет қабырғасында шет елдерден келген жүздеген шетел студенттері білім алуда.

Университетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 158 иегері [Гиперсілтеме 7], Мемлекеттік ғылыми стипендияның 24 лауреаты, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның 57 лауреаты қызмет етеді.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу және ғылыми-зерттеу базасы маңызды ғылыми зерттеулер жүргізуге және қазіргі заманғы білім беру технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады [Гиперсілтеме 8]. Университетіміздің даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Талап етілген білім беру бағдарламалары, қосымша мамандық алу мүмкіндігі, онлайн оқу, өзіндік стартап-жобаларды жүзеге асыру әлемдік деңгейдегі білім алуға ұмтылатындардың барлығын еңселі болашаққа бастайды.

ҚарМУ-да оқу – бұл тек білім алу емес!

Едрисов Азамат Тіріжанұлы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор

Блог Ректора КарГУ

Top